Қостанай қаласында тұрғын үй аулаларында 60 бейне бақылау камералары орнатылды. «Қауіпсіз аула» деп айдар тағылған бұл шара қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қызмет етуі тиіс» дейді полиция қызметкерлері.
Аталмыш жобаның жүзеге асуына Қостанай облысының әкімдігі 36 млн теңге бөлген.
Андрей ГРИГОРИЕВСКИЙ, Қостанай облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
– Бұл бағдарламаны жүзеге асырсақ, көп қабатты тұрғын үйлердің арасында жиі орын алатын құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды жасаушыларға қатысты тез әрекет етіп, қылмыстық істің ізі суымай ашылуына мүмкіндік береді деген ойдамын.
Ішкі істер департаменті берген мәліметтерге қарағанда, бейне камералар 55 «нүктеге» орнатылған. Бұл камералар өткен жылы сатып алыныпты. Бір айта кетерлігі, бейнекамералар 10 учаскелік полиция қосынына қосылған жеті камераның түсірілімін полицияның стационарлы қосынынан сол мезетте-ақ бақылауға алып, қарап отыруға болады. Тәулік бойы болған оқиғаларды түгел жазып алатын бұл бейне камералар істің анық-қанығын бірден анықтап, қылмыстық істердің дереу арада ашылуына септігін тигізбек.
«Қауіпсіз аула» қауіпсіздік кепілі бола ала ма?
Последние статьи автора