Қару құрсанған оқушылар көбейіп барады

Қару құрсанған оқушылар көбейіп барады

Бүгінде «мектепте оқушылар арасында төбелес болыпты» десе таң қалудан қалдық. Бірден ойымызға «ешкім опат болмады ма екен?» деген сауал оралатын күйге жеттік. Өйткені бүгінгі таңда жастар арасында қатыгездік өршіп барады. Мектеп оқушыларының бірін-бірі қарумен атып салуы, пышақпен орып жіберуі жиі орын алатын болды.
Нақты фактілерге жүгінер болсақ, өткен жылдың қараша айында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылында мектеп оқушылары арасында туындаған жанжал оқ атумен аяқталған. 10 сынып оқушысының бірі екіншісін шолақ мылтықпен атып өлтірген. Сол оқиғадан кейін үш мектепке тексеру жүргізген құқық қорғау органы қызметкерлері 8 суық қару тәркілеген. Ал жыл басынан бері оқушылардан 74 ату қаруы алынған.
Ал сол жылы қазан айында Төле Би ауданында жастар арасындағы төбелес соңы қару қолданумен тынған. Нәтижесінде 11 сынып оқушысы басынан жарақат алып, ауруханаға түскен. Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай, төбелес Леңгірдегі екі мектеп оқушылары арасында болған кикілжіңнен туған. Полиция өкілдерінің айтуынша, кімнің хақ екенін анықтау үшін кездесуге барған жігіттер, құдды соғысқа бара жатқандай түгелдей қару құрсанып алған көрінеді. Төрт төрттен екі топқа бөлінген сегіз жігітте 7 қару болыпты. Яғни, жігіттер әу бастан-ақ мәселені келіссөзбен немесе жұдырықпен емес, қарумен шешуді көздеп барған.
Құқық қорғау органы мамандарының айтуынша, оқушылар арасындағы төбелестің басты себебі – кім мықты екенін анықтау. Кім мықты болса, сол мектеп оқушыларына үстемдік жүргізеді. Бағынбағандарды ұрып-соғып, күш көрсетеді. Ақша бопсалайды. Құзырлы орган мамандарының айтуынша, өткен жылдың 9 айында бопсалау әрекеті бойынша 205 қылмыстық іс қозғалғанын екен. Әрине бұл алаңдатарлық жағдай.
Мұндай жағдайдан еліміздің өзге аймақтары да ада емес. Мысалы, өткен жылы Астана қаласындағы мектептердің бірінде 8 сынып оқушысы, өзінің сыныптасының кеуде тұсынан қаламсап тығып мерт қылған еді.
Ал ағымдағы жылдың ақпан айында Ақтауда мектептің екі оқушысы жанжалдасып, ақыры оқ атумен аяқталған. Абырой болғанда, жарақат алған оқушы аман қалған.
Оқушылар арасында оқ ату оқиғасы Алматыда да орын алды. Сәуір айының басында Алматыдағы Жәутіков атындағы мектеп-интернаттың 11 сынып оқушысына көрші мектептің оқушысы оқ атқан.
Бұлар мысал ретінде келтіріліп отырған бірнеше оқиға ғана. Жалпы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың белең алып бара жатқанын ішкі істер министрлігі де жоққа шығармайды. Бұл жайлы аталмыш құрылымның министрі Қ. Қасымов өткен жылғы есебінде баяндаған болатын. Сала басшысының мәліметіне қарағанда, өткен жылы жасөспірімдердің қатысуымен 4000-ға жуық қылмыс тіркелген. Оның 1065-і ауыр қылмыс болса, 82-сі аса ауыр қылмыс санатына жатады екен. Нақты айтқанда 48 оқиғада жасөспірімдер адам өліміне себепші болған. Қарақшылық тонау бойынша107 қылмыс тіркелген. Жасөспірімдердің қолымен 829 ұрлық жасаған.

Оқушылар арасында қылмыстың көбеюін базбіреулер мектептегі тәрбиенің нашарлығымен түсіндіреді. Сондықтан болар, оқушылары қылмысқа ұрынған мектептердің директорына, тәрбие жөніндегі орынбасарына, сынып жетекшісіне әкімшілік шара қолданылып жатады. Кей жағдайда жұмыстан босатылады. Алайда онымен мәселе шешілмесі анық. Бәрін мұғалімдерге жауып қою дұрыс болмас. Мұғалімдердің кінәсі жоқ деуден де аулақпыз. Олардың басты қателігі – болған жағдайды жасырып бағуға тырысуы. Мектеп мұғалімдері мәселені ашық айтып, ортаға салу орнына мән жайды білмек болып барған БАҚ құралдарын білім ордасына кіргізбей, есікті тарс жауып алады. Ешқандай мәлімет бермейді. Салдарынан әртүрлі ақпарат тарайды. Ал ата-аналар болса, бар айыпты мектепке арта салады. Құқық қорғау орындарын айыптайды.
Егер ата-аналар бір жаққа, мұғалімдер екінші жаққа, құқық қорғау органдары үшінші жаққа тартып, кінәні бір-біріне аударып отыра берсе, бұл мәселе ешқашан шешімін таппайды. Сондықтан бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару қажет. Бір-бірілерімен байланыста болып, біріге жұмыс істей отырып, әркім өз міндетін мүлтіксіз орындауы тиіс.
Сондай-ақ сарапшы мамандардың айтуынша, мектеп инспекторы бар білім ошақтарында оқушылардың қылмысқа ұрыну фактісі аз кездесетін көрінеді. Сондықтан мамандар мектеп инспекторларының санын арттыру қажеттігін айтады. Мамандардың бұл пікірімен ішкі істер министрі де келісетін секілді. Өткен жыл қортындысы бойынша жасаған баяндамасында, министр « Республика бойынша 1783 мектеп полиция инспекторы бар, тағы 1600 қызметкер қажет» деген болатын.

"Алаш айнасы"

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста