Қаракеңгірдің ернеуін кәріз суы кернегелі тұр

Осыдан бір ай бұрын Балқаш мыс-балқыту зауытының төрт тәулік бойы Балқаш көлінің қала орналасқан тұсына улы қалдықтар төккендігі туралы газетімізде дабыл қаққан болатынбыз. 60 жыл бойы ластанып келе жатқан Көкше теңіздің тұнық айдынын тазарту мәселесі сөз болған тұста Қарағанды облысының тағы бір өндірістік орталығы аймағының экологиялық ахуалы сын көтермейтіні анықталып отыр. Қарағандылық экологтер мыс қазанын қайнатқан Жезқазған қаласының да, қаланы қоршаған экологиялық ортаның да апатты ластану жағдайында екенін айтуда.

Балқаш мыс зауыты іске қосылған жылдардан соң, Қаныш Сәтбаев бастаған геолог-ғалымдар алғаш қадасын қаққан Жезқазған қаласы, ондағы өндіріс орындары, міне, жетпіс жылдан астам ғұмырды артқа тастап отыр. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қ.Сәтбаев С.Орджоникидзенің қабылдауында болып, көтерген бастамасы арқылы Жезқазған қаласының іргесінен жұмысшылар қонысы тұрғызылып, Кеңгір өзенінің бойына бөгет салынған болатын. Сол кездегі өндірістік талаптар қажетіне орай жобаланған Жезқазғанның ауызсумен қамтамасыз ету орталығы, шайынды сулары ағызылатын кәріздік құбырлары кейінде жаңартылғанымен, соңғы жылдары істен шығу алдында тұр. Кеншілер қаласының кәріздік тазарту жүйесі сонау 1967 жылы салынып, қызмет көрсету мерзімі 30 жыл деп белгіленген екен. Арада өткен 43 жыл уақытта темірбетон құбырлар тозып, металл құрылғыларды тот жеп, арса-арса болған жайы бар.
Қарағандыдағы Нұра-Сарысу су алабы экологиялық департаментінің мамандары маусым айында Жезқазғандағы тазарту жүйесінің жұмыс жайын тексеріп, су құрамын зиянды қалдықтардан тазарту жұмыстарының сапалық қалпы төмендеп келе жатқанын анықтаған. Мәселен, шайынды суды мұнай өнімдерінен тазарту 83%-ға, мыс шөгінділерінен арылту 87,5%-ға, мырыш түзілістерден тазарту 78,6%-ға дейін төмендеген. Бұған қосымша, қаланың тұрғындары үшін ғана тартылған кәріздік құбырларды өндірістік кәсіпорындар да тұтынатындықтан, тұрмыстық шайынды суларды тазартуға арналған құрылғылар өндірістік шөгінділерді өңдей алмай, істен шығу қаупін тудыруда. Ал өндіріс орындары тәртіп үдесінен шықпай, тек айыппұл төлеу арқылы құтылып келеді.

Экологтер Жезқазған қаласының, аймақтың экологиялық жағдайы апат алдында тұр (!) деп мәлімдеп отыр. Себебі қаланың кәріздік жүйесі жақын арада толық істен шығуы мүмкін. Қаланың тұрмыстық шайынды суларын ағызатын құбырларды торап-торап арқылы кезегімен тоқтатып, біртіндеп жөндеп шығу да мүлде мүмкін емес екен. Тығырықтан шығатын жалғыз жол – құбырлар жүйесін толық тоқтатып, толығымен айырбастау не жаңа кәріз жүйесін салу. Ал кәріздік тазалау жүйесінің жұмысын тоқтату үшін пайдаланылған сулар қала іргесінен өтетін Қаракеңгір өзеніне құйылуы керек. Бұл – тікелей экологиялық апатқа апаратын қадам.
Жезқазған қаласының кәріздік жүйесінің тозығы жеткендігі туралы әңгіме «Жол картасы» бастамасы қолға алынған кездерден бері айтылып келеді. Тек, бір таңғаларлығы, қаланың кәріздік құбырлар жүйесі мемлекеттік кәсіпорын болғандығына қарамастан, «Жол картасы» қамтыған нысандар тізіміне енгізілмей қалған болатын.
Қайрат МҰХАМЕТЖАНОВ, Жезқазған қаласындағы «Жылу және сумен қамтамасыз ету кәсіпорны» акционерлік қоғамының тазалау бөлімінің бастығы:
– Кәріз құбырларын толық тоқтату мүмкін емес. Олай болған жағдайда, шайынды сулар Қаракеңгір өзенінің арнасын ластайды. Өзен бойындағы елді мекен тұрғындарына қауіп төнеді. Біз соңғы жылдары құбырларды «косметикалық әрлеумен» ғана айналысуға мәжбүрміз. Бұл – тығырықтан алып шығатын жол емес. Жезқазғанға Израильден, Германиядан мамандар келіп, құбырлардың жай-күйін көріп, танысқан. Бірақ бар шаруа қаражатқа тіреліп отыр. Жергілікті басшылық біздің қаражат сұрап, жағдайымызды айтқанымызға еш жауап бермей келеді. Тазалық жүйесін «Жол картасына» енгізу туралы жасалған ұсынысымыз да ескерусіз қалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста