Қарағандыда 13 жастағы қызды әкесінің досы зорлаған
«НеМолчиKZ» қорына 13 жастағы қыздың ата-анасынан өтініш түскен. Онда танысы қызын зорлағаны айтылған. Осыған байланысты қазір бостандықта жүрген күдіктіні Қарағанды полициясы мен Қарағанды облысының прокуратурасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті шұғыл шаралар қабылдауды сұрайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy порталына сілтеме жасап.
«11.11.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне С. Н.-дан 1982 ж. т. С. А.-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы талап-арыз келіп түскен. Ол 27.02.2021 жылдан бастап 30.07.2021 жылға дейінгі уақыт аралығында Қарағанды қаласында жүрген кезінде 2008 жылы дүниеге келген жас қызын зорлағанын және еркіне қарсы сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер жасағаныны туралы арыз түсірген.
12.11.2021 жылы аталған факт ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша СДТБТ №217111031003790 тіркелді.
Қылмыстық іс материалдарын талдау барысында оқиғаның 2021 жылғы 27-29 шілде аралығында Қарағанды қаласында болғаны анықталды. Ал қараша айында оқушының психикасының бұзылғанын Нұр-Сұлтан қаласындағы сыныптастары мен мұғалімдері байқаған.
8 айдың ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жас жәбірленушінің деректерінің мән-жайлары анықталды және дәлелденді», - дейді «НеМолчиKZ» қоры.
Біріншіден, жас жәбірленушінің айғақтары Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптамаларының үш қорытындысымен расталады.
Екіншіден, сот-биологиялық сараптамасының қорытындысы бойынша төсекте ер адамның ұрығы анықталған.
Үшіншіден, 8 ай жүргізілген тергеуде жәбірленушінің айғақтары тұрақты әрі дәйекті. Яғни жалған айғақтарға жол берілмейді.
Төртіншіден, 26.03.2022 ж. күндізгі бетпе-бет кездесу барысында С.А. күдіктінің 27.07.2021 жылдан бастап 30.07.2021 жылға дейін Қарағанды қаласында болғаны расталды. Оның қылмыс жасалған пәтерде шамамен сағат 03.00 бастап қатарынан үш күн бойы жәбірленушімен оңаша болғаны анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 8 айы ішінде қылмыстың ауырлығына қарамастан және аса ауыр іс тіркелгеннен кейін күдіктіге қатысты үш бұлтартпау шарасының бірде-бірі орындалмаған. Сонымен қатар, күдікті әйелімен бірге тергеу барысында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, атап айтқанда Түркияға екі аптаға барған. Қазіргі уақытта С.А. бүкіл отбасымен (4 баласы бар ) Түркияға тұрақты тұруға көшуді жоспарлап отыр.
«Мен және қызым Қарағанды облысы полициясы мен сот-медициналық сарапшылар тарапынан болып жатқан бассыздықтан қорқайын дедік. Ар-намысымыз тапталып, 8 айдың ішінде жалдаған адвокаттарға, Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға қатынаған жол ақыны да өзіміз төледік. Кінәлі адамның жауапқа тартылмауынан қызым да, өзіміз де қор болып отырмыз», - деді жәбірленушінің ата-анасы.
Ал Қарағанды қаласы полиция департаменті қылмыстық істің тоқтатылғанын хабарлады.
«Қарағанды қаласы полиция басқармасының Тергеу бөлімінің өндірісінде кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс болды. Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді, тиісті сараптамалар тағайындалды, 19.08.2022 жылғы тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды, онымен қадағалаушы прокуратура келісті», - деп мәлімеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бірақ полиция департаменті істің нақты қандай айғақтарға байланысты тоқтатылғанын түсіндірген жоқ.