Қаңтар оқиғасында қаза болған азаматтар отбасына 1 миллиардтан аса қаржы берілді

“Қазақстан Халқына” қоры Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен 614 азаматқа қаржылық демеу берген деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.
Қордың мәліметіне сүйенсек, жалпы соммасы 2 миллиард 434 миллион теңге 614 азаматқа бөлінген. Оның ішінде кездейсоқ қаза тапқан 145 азаматтың отбасына 1 миллиард 15 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетіліп отыр.

Ал кездейсоқ қайтыс болған азаматтардың отбасыларындағы кәмелетке толмаған 131 балаға – 262 миллион теңге бөлінді.

Атыс қаруынан жарақат алған және жәбірленуші деп танылған ауыр жарақат алған кәмелетке толған 202 азаматқа – 606 миллион теңге және жарақат алған 13 баланың отбасыларына – 39 миллион теңге берілген.

Сонымен қатар қаза тапқан 19 әскери қызметшінің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне – 133 миллион теңге, ауыр жарақат алған 111 әскери қызметкерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне – 333 миллион теңге және қайтыс болған әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасындағы 23 кәмелетке толмаған балаға – 46 миллион теңге көлемінде демеу көрсетіліп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста