Қаңтар оқиғасы: тергеушілер 4 жасар қызды кім атқанын анықтады

Алматыда Тәуелсіздік алаңында болған қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде оқ тиіп көз жұмған 4 жасар қыздың ісі қалалық Полиция департаментінен Әскери тергеу басқармасына жіберілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм 4 жасар Айкөркем Мелдеханның әкесі Айдос Мелдехан Orda.kz тілшісіне қызының ісіне қатысты пайда болған тың деректерді баяндап берген. Тергеу 8 айдан кейін оқ қандай қарудан атылғанын анықтаған. Әскери қызметші оқ атқаны анықталып отыр.

 

Іс Ішкі тергеу басқармасына жолданды. Сол күні оқ атқан автомат пен бекетте болғандар анықталды. Алайда тергеуші ақпаратты ашып айтуға құқығы жоқ болғандықтан, нақты есімін атап айтпай отыр. Бұл адам әскери қызметші, – дейді Мелдехан.

 

Айдос Мелдехан тергеу ұзаққа созылып кете ме деп қорқады. Өйткені кімге қандай қару берілгені жазылған журнал жоғалып кеткен.

 

Orda.kz редакциясы Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдаған. Ведомство тергеу құпиясын ашып айтуға болмайтынын, тергеу жалғасып жатқанын, бірқатар сараптама тағайындалғанын мәлімдеген.

 

Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – делінген ресми жауапта.

 

4 жасар Айкөркем Мелдехан 7 қаңтарда әкесінің көлігінде оқ тиіп көз жұмды. Оқ оның басына тиген. Алматыдағы Тәуелсіздік алаңында болып жатқан тәртіпсіздік кезінде көлік оқтың астында қалған. Көлікте болған тағы 2 балаға да оқ тиіп жарақаттанған.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста