Жылдар өте адам ағзасындағы қанның құрамында уыттар, майлар, шлак т.б. зиянды заттар жиналады. Бұл өз кезегінде адам денсаулығын әлсіретіп, әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Сондықтан дәрігерлер қан тазартып отыру керек екенін айтады. Әрине мұндай емді тәжірибелі маманы бар, жаңа инновациялық технологиямен қамтылған орталықта қабылдаған абзал. Бүгінгі таңдағы осындай орталықтың бірегейі – совмин ауруханасы.
Жалпы, әлемде эстракорпоралды гемоқалпына келтіру тәсілі медицинаның дербес бір бағыты болып, 1998 жылы ұйымдастырылған. Араға үш жыл салып, 2001 жылы ҚР Президенті істері жөніндегі басқармасы медицина орталығының клиникалық ауруханасында экстракорпоралды гемотүзету бөлімі ашылды. Бұл Орта Азияда осы бағытта жасалған алғашқы қадам болатын. Бөлім меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты дәрігер, Жолымбет Мақсұтұлы Тілеуовтің айтуынша, осы 12 жыл ішінде бөлім мамандары мол тәжірибе жинап, ауруды тез және тиімді емдеуді жолға қойған. Экстракорпоралды гемотүзету бөлімі соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған.
Жолымбет ТІЛЕУОВ, Экстракорпоралды гемотүзету бөлімінің меңгерушісі:
– Біздің емханада науқастардың дұрыс ем қабылдауына барлық жағдай жасалған. Кіші медперсоналдан бастап барлық мамандар – өз ісінің білгірі. Емдеу заманауи жабдықтарды және дерт жұқтыруды болдырмайтын бір рет қана қолданылатын материалдарды пайдалану арқылы жүргізіледі. Ғылым күн санап дамып келеді. Соның нәтижесінде инновациялық технология да қарқынды дамып отыр. Біздің аурухананың ерекшелігі – соңғы үлгідегі жаңа технологиямен жұмыс істеуінде. Біздің бөлімде бүйрек қызметінің асқынған және созылмалы жеткіліксіздігі жағдайындағы гемодиализ әдісі жүзеге асырылады. Бұл әдіс бойынша бір сеанста мембрана арқылы 50-100 литр қан айналып шығады. Осындай мөлшердегі қан 300 литрдей диализдік сұйықтықпен қосылып, қанның құрамын улы заттардан тазартып, қажетті элементтермен толықтырады. Содан соң мембраналар арқылы ультрасүзгіден өткізу жолымен төрт сағат ішінде 15-30 литр сұйықтықты адам ағзасына құйып, қайта алып шығады. Әзірге мұндай технология Қазақстан бойынша біздің емханада ғана қолданылады. Біздің емнен кейін науқастың бойындағы қуаты артып, өмірге деген құштарлығы еселене түседі. Тақауда «Система марс» деген қондырғы алдық. Бұл – жасанды бауыр қызметін атқаратын аппарат. Сондай-ақ емханада – қанның гравитациялық хирургиясы – плазмаферез, цитаферез, плазмосорбция; – қанның кванттық терапиясы – ультракүлгін, лазерлік жарық энергиясымен қанның сапалық құрамына әсер ету; – қан құрамын қалпына келтірудің қышқылдандырушы технологиясы – қанды озондандыру емдік әдісі жүзеге асырылады.
Маманның айтуына қарағанда қан құрамының сапасын арттыруда қолданылатын тағы бір әдіс – ультракүлгін аутогемотерапиясы. Ультракүлгіндік аутогемотерапия – бұл ультракүлгін диапазонды жарық энергиясының қанның сапалық құрамына емдік әсеріне негізделген экстракорпоралды гемоқалпына келтіру әдісі. Аталмыш әдістің емдеу тиімділігі – ағзаның жұқпалы ауруларға қарсылығын (иммундыққалпынакелтірушілікті) күшейту; – бактерияға қарсы, вирусқа қарсы, сүйелге қарсы әсер; – эритроциттердің оттегі сыйымдылығын арттыру; – жасушаларға оттегі мен қоректік заттар жеткізуді жақсарту;
– зақымданған жасушаларды қалпына келтіру үдерісін (регенерацияны) қуаттау; – ағзаның қышқылдық-сілтілік балансын қалпына келтіру;
– көмірсутегілерін сыртқа шығаруды жақсарту (қант диабеті жағдайында инсулинрезистенттілікті төмендету).
Процедура барысында 300-500 мл қан заманауи «Юлия» аппаратының көмегімен екі рет ультракүлгін сәуленің әсеріне ұшырайды.
Қорыта айтқанда, денсаулығыңызға кепілдік іздесеңіз, совмин ауруханасының экстракорпоралды гемотүзету бөлімі мамандарының қызметіне жүгінгеніңіз абзал. Мұндағы озық үлгідегі қондырғылар мен білікті мамандар сіздің денсаулығыңызға кепіл болары хақ.
Қан тазалығы – денсаулық кепілі
Последние статьи автора