Қайнар қасіреті

Қайнар қасіреті

40 жыл қырғын әкелген Семей ядролық сынақ полигонының зардабы әлі күнге әсерін тигізіп отыр. Полигон аймағындағы елді мекендердегі өлім-жітімнің көрсеткіші орташа республикалық көрсеткішпен салыстырған­да екі еседен азаяр емес. Зардап шеккендердің денсаулығын қалпына келтіру мақсатында неше түрлі іс-шаралар жасалға­нымен, уақытынан бұрын көз жұмып жатқан­дар әлі де жетерлік.
Жайылымдар мен суаттар уланып, ластанды. Сүт пен етте, жемістер мен көкөністерде радионуклидтер аса көп мөлшерде жинақталды. Суды, ет пен сүтті, басқа да тамақты пайдаланған кезде адамдар радиацияның қосымша әрекетте­ріне ұшырады. Олардың денсаулығына кел­тірілген залал-зардапты бүгінде өл­шеп болмайды. Алғашқы 14 жылда уран, су­тегі және плутон бомбаларын сынау ісі ашық әуе кеңістігінде және жер үстінде жүр­гізілді. Бұл кезеңде халықты радиа­ция­дан қорғау жөнінде іс-шаралар қолданыл­ма­ды. Олар медициналық зерттеулерден өткізілмеді. Медициналық бақылау тек жарылыс кезінде эксперимент үшін арнайы полигон аймағында немесе тәжірибе жа­сау­шылардың қалауы бойынша оған жа­қын жерлерде әдейі қалдырылған адамдар мен жан-жануарларға ғана жүргізілді. Әрине, ол радиациялық сәулелену әсерінің қай жерде, қандай қашықтықта, қай кезеңде қандай әсері болатындығын білу мақсатын көздеген болатын.
Әскерилер халықты алда тұрған ядро­лық сынақтар туралы ескертпеді. Өлім кө­бей­ді. Дәрігерлерге радиацияның әсерімен байланысты аурулардың дұрыс диагнозын қоюға тыйым салынды. Сондықтан адам­дар­ды радиация туғызған аурулардан бас­қаның бәрінен «емдеп» бақты. Семейде сол кездегі ең жаңа жабдықтармен жарақ­танған аурухана салынды. Ол «Бруцеллезге қарсы №4 диспансер» деп аталды. Бұл жерде адамдарды емдеген жоқ, жануар­ларға жәрдем жасаған жоқ. Онда ғылым және келешек ұрпақ үшін қажет деген сыл­таумен радиацияның тірі ағзаға әсе­рін зерттеді.
Адамдардың сәуле ауруынан қалай баяу өлетінін диспансер клиникасында дәрігер­лер Б.Гусевтің басшылығымен бақылап, со­нан соң Семей полигоны мен орталықтың ар­найы қызметтері үшін құпия есептер жа­зып отырды. Қазір бұл диспан­сер жұмыс істеп жатыр, ол Радиациялық медицина жә­не экология ғылыми-зерттеу институты деп аталады.
1990 жылы диспансердің мұрағат ма­териал­дарынан құпиялық алынды, бірақ адамдардың денсаулығы мен полигон тө­ңірегіндегі радиологиялық ахуалға қатысты құжаттардың бір бөлігі Мәскеуге әкетілген еді.
1957 жылы Алматы медиктері алғаш рет полигонмен шектес тұрып жатқан ха­лықты ішінара зерттеуді жүргізді. Иондала­тын сәулеленудің ағзаға әсерімен бай­ланысты өзгерістер белгілерінің арнайы кешені, соның нәтижесінде ағзадағы биохимиялық үрдістер мен зат алмасу үдерісінің қалыпты барысы бұзылатыны анықталды. Екі жылдан кейін Семей облы­сының Абай, Жаңасемей және Бесқарағай аудандарында КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Биофизика институтының кешенді экспедициясы жұмыс істеді. Ғалымдар ядролық полигон аймағында тұрып жатқан адамдарда бұрын анықтал­ған жаңа өзгеше белгілердің бар екенін растады. Олардың кешені бүкіл өмірлік маңыз­ды органдардың – тері аймақтары­ның бүлінуімен, шаштың түсуімен, жүрек-қан тамырлар жүйесінің елеулі өзгерістері­мен, қорғаныш жүйелері қызметінің әлсі­ре­уімен сипатталды. Радиация әсері ағзаның ерте қартаюы, онкоаурулардың өзіне-өзі қол салу жағдайларының көбею үрдісін туғызатыны атап көрсетілді. Бұл жаңа ауруды кейін осы науқас тұңғыш анықталған ауылдың атымен «Қайнар қасіреті» деп атады. Қайнар ауылы Семей ядролық полигонымен жапсарлас қырат бөктеріне орналасқан. Онда 5000-нан астам адам тұрады. Ауылдық аурухананың бас дәрігері, осында көп жыл жұмыс істеген А.Шахантаев сынақ өткізілген жылдар ішін­де онкологиялық аурулардан 396 адам өлгенін айтады. Ауылда онкология­лық аурудан құрығанда бір адамы қайтыс болмаған шаңырақ жоқ, ал балалар өлімі үш есеге көбейген.1991-1993 жылдары зерт­телген 1029 адамның 90%-ы қорға­ныш тапшылығымен ауыр­ған. 14 жасқа дейінгі 3200 баланың 144-і кеміс болып, орталық жүйке жүйесі ауру болып туған.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Семей өңірінде 1980 жылы әр 100 мың тұр­ғынға 157,9 онкоауру болса, 1990 жылы бұл көрсеткіш үш есеге артты. Бүгінгі күні де бұл көрсеткіш азая қойған жоқ.
40 жыл Семей полигонында сынақ кезін­де 500 мыңнан астам адам иондалушы сәулеленудің түрлі мөлшеріне шалдық­қан. Ғалымдар сынаққа қатысы бар аудан­дарда және соған жапсарлас ауылдарда тұратын 1,5 млн адам 1 бэрдан астам мөл­шер­де сәуле алғанын айтады. Соның салда­рынан олар сәулелену кезінде бұзыл­ған өз хромосомдарын келешек ұрпақтарға беретінін анықтады.
Кешірім Бозтаевтың «Семей полигоны. Қайнар қасіреті» кітабынан (Алматы. Қазақстан.):
Темірханов К.З., жарылыс эпицентрі­нен 130 шақырым жердегі Бесқарағай ауданына қарасты Семиярка селосының тұрғыны:
«Бірінші сутегі бомбасын сынаған кезде мен 17 жаста едім, 10-класта оқитынмын. Әскерилер келді де: «Егер дабыл беріле қалса, бәрің де дереу селоның сырт жағына шығып, жыраға жата қалыңдар, бастарыңды көтер­мең­дер, есікті, терезелерді, пештің мұржаларын жауып тастаңдар», – деп үйретті. Сонымен, дабыл қағылды. Жұрт селоның сыртына қарай жүгірді. Алдымен үш самолет көрінді. Олар үш айналып шықты, кенет күннен күшті сәуле жарқ ете қалды, сатыр-сұтыр тол­қын жүріп өтті. Ол екі қабатты мек­тепті пышақпен кескендей жайпап өт­ті, кейін әскерилер бірінші қабатын қал­пына келтірді, әлі тұр. Селода не болмады дейсіз: мысықтар мен иттер жандары шошып беталды қашты, сиырлар мөңіреп азан-қазан болды, үйлердің терезелері ұшып-ұшып түсті, пештерінің мұржаларын жауып үлгер­меген үйлердің іші – күл мен тозаң, әр жерден өрт шықты, адам айтқысыз кө­рініс...» деп еске алады.
 «Тән жарасы жазылар, жан жарасы жазылмас» деген нақыл әдіре қалып, тән де, жан да жазылмас, қан қуалайтын қасі­ретке айналды. Бұлар туралы елдің мұңын айтып, зарын жоқтайтын небір жыр-дас­тандар, өлең-поэмалар, драма, кино­фильм­дер дүниеге келді. Енді ше, ол – тек сол сұмдық қайта келмесе екен деген ізгі ниеттен туған тілек қой.
Бүгінде ядролық сынақтардан зардап шеккен халықты сауықтыру туралы заң қабылданғанымен, КСРО-ның заңды мұ­ра­гері ретінде Ресей ядролық сынақ­тар­дан зардап шеккендерге және бірінші кезекте ба­лаларға көмек көрсетсе екен деген үміт бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста