Қайда жүрсе де, елінің мақтанышы

Фантаст-жазушы Айзек Азимов бір шығармасында адамзат ғұмырын үлкен кілемге теңейді. Жер бетіндегі бүкіл халық сол кілемнің бір тұсынан орын алып, өз өрнегін қосып отырады. Ал адам өрнек ішіндегі жіп секілді. Жіптердің түр-түсі әртүрлі келетіні сияқты, өрнекке қосатын үлес те сан қилы. Алып кілемдегі қазақтың оюы көздің жауын алардай әдемі екеніне шек келтіргіміз келмейді. Тағдырдың талайымен жатжұртта жүрген қандастарымыз да ол бояудың қанық бола түсуіне атсалысып жүргені анық.

Қажығұмар ШАБДАНҰЛЫ. 85 жыл ғұмырының 45 жылын түрмеде өткізген жазушы. Қытай үкіметі тарапынан саяси себептерге байланысты заңсыз қудаланғаны үшін қамауда отырған кезде Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы (штаб-пәтері Лондонда) оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен. Қазір Шәуешек қаласында үйқамақта. Алты томдық «Қылмыс» романы елімізде жарық көрді.

Зинетолла Алпысұлы Инсепов (Ақтөбе облысы, Ембі қ.). Физика-математика ғылымының кандидаты, профессор. ҚазҰТУ-дың физика кафедрасында жұмыс істеген. 2003 жылы Аргон ұлттық зертханасына (АҚШ, Чикаго) термоядролық реакторға қатысты зерттеу тобына жұмысқа шақырылды. Оған қосымша 2008 жылдан бастап Пурду университетінде ядролық энергетика кафедрасында еңбек етеді. Қазақстанда ядролық отын банкін құру идеясын қолдайды. Өйткені «бұл еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін көтереді. Соның арқасында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшесі бола алады» деген пікірде.

Амангелді ТӨЛЕЕВ. Ресейдегі сауатты және шаруақор басшылардың бірі. Президент сайлауына бірнеше мәрте үміткер. 1997 жылы РФ Президентінің жарлығымен Кемеров облысының әкімшілігіне басшы болып тағайындалды. 2001 жылдан бастап осы облыстың губернаторы. Күш-жігерін кузбастықтардың тұрмыс деңгейін көтеруге, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағыттады. Ғылыми зерттеумен айналысады, теміржолда жүк тиеу мен түсіру тиімділігін арттыруға арналған екі әдіске патенті бар. Биыл да А.Төлеев губернаторлық орнында қалды.

Гүлжан МОЛДАЖАНОВА. Forbes журналының тізімінде әлемдегі 100 беделді әйелдің ішінде 37-орында. Ол тіпті Елизавета патшайым мен бірнеше Президенттен озық тұр. 2005 жылдан бастап Ресейде ірі қаржы-өнеркәсіптік компанияны («Базовый элемент») басқарған тұңғыш әйел. Оның басқарушылық дарыны Ресейде жоғары бағаланады. Соңғы жылдары «алюминий ледиі» елдегі іскер әйелдердің алғашқы бестігінде. Қазан айынан бастап ЕСН бас директоры.

Жанат БАЙДАРАЛИН. Танымал хореограф. АҚШ-тың Род-айленд штатында «Қазақ ауылы» ұйымын құрып, The Ballet Prestige жеке балет мектебін ашқан. Мақсаты – америкалықтар тәрбиелеуге алған қазақ балаларына ана тілін оқып-үйрету, қазақ мәдениетімен таныстыру. Жыл сайын өткізілетін «Жайлау» фестиваліне 250-300-ге жуық отбасы жиналады. Олар киіз үйлерді тамашалап, қазанда піскен ет пен бауырсақтың дәмін татып, домбыра үнін тыңдап қайтады. Өзі «Қазақ ауылын» АҚШ пен Қазақстан арасындағы көпір деп біледі.

Бақыт Шүкіроллаұлы КЕНЖЕЕВ. 1950 жылы Шымкентте дүниеге келсе де, үш жасынан бастап Мәскеуде өмір сүрген. Жасөспірім кезінде «Комсомольская правда», «Юность», «Простор» журналдарында өлеңдері жарық көрген. Тұңғыш өлеңдер жинағы Қазақстан Жазушылар одағының архивінде жатып, 1996 жылы ғана басылды. 1982 жылдан бастап Канадада тұрады. 1986 жылғы желтоқсанда Б.Қанапияновтың өлеңін «Азаттық» радиосынан оқыған. Шығармалары қазақ, ағылшын, француз, неміс, швед тілдерінде жарық көрді.

Айдар ТОРЫБАЕВ. Дирижер. Львовтағы екі ғасырлық тарихы бар, Моцарттың кіші ұлы Франц Ксавер, Шопеннің ұстазы Юзеф Эльснердің есімімен тығыз байланысты оркестрді сырттан келген қазақтың басқаруы бомба жарылғанмен пара-пар болды деседі. Оған дейін Бомбейдің симфониялық оркестрін басқарған. Кезінде қайын атасы Роман Кофман «сенің түріңмен, фамилияңмен Украинада өсуің неғайбыл» деген екен. Айдар оның күдігін теріске шығарды.

Жәмилә СТЕХЛИКОВА. 2007 жылы Чехияның адам және аз ұлттар құқығы жөніндегі министрі қызметіне тағайындалған. Былтыр қаңтарда министр орынтағын өз еркімен тастады. Осы қызметте отырған мерзім ішінде аз ұлттарды кемсітуге қарсы заң қабылдау жөнінде ұсыныс енгізді. Сыған халқының тағдырына қоғам назарын аударды. «Астананы аз уақыт ішінде Орталық Азия орталығына айналды» деп таңғалысын жасыра алмаған. Балаларына атажұрттағы туыстарымен тығыз байланыста болып, туған тамырын ұмыттырмауға тырысады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста