Қазақстанның оңтүстігіндегі тұрғындар жасы барған сайын жасарып, солтүстігінде. Бұл туралы ҚазАқпарат Finprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықтың жасы бойынша құрамын анықтайтын Биллетер индексі Қазақстанда кейінгі 11 жыл қатарынан бала туу көрсеткіші оң динамикамен жылжып келе жатқанын көрсетті. Мысалы, 2020 жылы 100 адамға шаққандағы бала туу көрсеткіші 13 болса, 2021 жылы 14,3-ке жеткен. «Алайда өңірлер бөлінісінде бәрінде бірдей оң динамика бар деп айтуға облыстар да, республикалық орташа көрсеткішке жете алмай отырған өңірлер де бар екеннін алға тартуда. Мысалы, Түркістан (100 адамға – 48,5) және Маңғыстау (100 адамға – 42,1) облыстары, Шымкент (100 адамға – 37,5) қаласы мен Атырау (100 адамға – 34,2), Қызылорда (100 адамға – 33,3) және Жамбыл (100 адамға – 30,7) областарында халықтың өсімі республикалық орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары. Ал 6 өңірде Биллетер индексі теріс мәнге ие болып отыр. Атап айтсақ, Солтүстік Қазастан (100 адамға –27,7), Қостанай (100 адамға – 22,2), Шығыс Қазақстан (100 адамға – 14,5), Павлодар (100 адамға – 13,4), Ақмола (100 адамға – 12,3) және Қарағанды (100 адамға – 7,2) облыстарында бала туу көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен төмен», - деп жазады Finprom.kz . Бұған дейін Қазақстанда кейінгі 10 жылда бала туу көрсеткіші 4,3 пайыз артқанын жазған едік.