Қағазбастылық қолбайлау болып тұр

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазір барлық салада жұмыс істеп, іспен көрінуден гөрі, қағаз жазып, «отчет беру» кең етек алған. Ісіңнен бұрын есебің сөйлеп тұрса, болғаны. Жақында бұл мәселені Елба­сы­мыз да сөз етіп: «Ұстаздар оқытудың орнына қағаз жазады. Дәрігерлер де емдеу­дің орнына қағаз жазады. Сонда олар қашан жұмыс істейді?» – деп қоғамды  қағаз­бастылықтан арылтуға шақырды. Қағазбастылықтың талай істі «тұсаулап», тіпті күнделікті тірлік ырғағын да баяулатып, мәселенің туындауына да себеп болып отырғаны рас.
Емха­на­ның негізгі мақсаты аурудың алдын алып, же­дел медициналық көмек көрсету болса да, бүгінгі қалыптасқан жүйе айға созыл­ған кезектен аурудың асқынуы­на әкеліп соғу­да. Бір қызығы,жекеменшік емха­на­ларда қағазбастылық жоқ. Бар «қағазы» нау­қас алғаш емханаға келгенде компью­тер­ге тіркеумен ғана бітеді. Одан әрі ешқандай анықтама сұрамастан, дәрігер де ешқандай қағаз толтырмастан, адам­дар­ды тез-тез қабылдай береді. Осындай ахуалдан жекеменшік емханада айға созылған кезек те жоқ. Барған күні санаулы уақыт ішінде керекті анализ қорытындысын алып, дәрігер қабылдауы­на да кіріп кете беруге болады. Сондықтан да қағаз­бас­тылық пен ұзын-сонар кезектен шаршаған халық қазір лажы болса, жекеменшік ем­ха­наға барғанды тәуір көреді. Қағазбасты­лық тұрғысынан алып қарағанда, жеке­мен­шік емхана мен мемлекеттік емхана­да­ғы жер мен көктей айырмашылыққа қарап отырып, науқасты «қағазсыз-ақ» емдеуге болады екен деген ойға қаласың.
Жәмила АППАҚОВА, №10 емхана мейірбикесі:
– Жекеменшік емханада сырқатты дәрігер тексеріп жатқан кезде мейір­би­ке бір­ден компьютер арқылы дайын блан­кіге науқастың жалпы жағдайы туралы мә­ліметті енгізіп отырады. Дәрігер қағаз жа­зып уақыт өлтірмейді. Сондай-ақ мемле­кет­тік емхана жоғарыға есеп беру үшін қағаз тол­тыруға мәжбүр. Ал жекемен­шік емхана­дан ешкім ондай тәртіпті талап етпей­тін болған соң, қағазбастылық бол­майды. Дегенмен халыққа ыңғайлы дұрыс жүйе енгізсек, мемлекеттік емханалардағы бұл жағдайды да дұрыстауға мүмкіндік туар еді.

Мектептегі қағазбастылық салдарынан бүгінде ұстаздар да қағазбасты кеңсе қыз­мет­керіне айналған. Өз бетінше ізденіп, білімін жетілдіруіне уақыт тапшы. Айта кетер жайт, қағазбастылықты азайтудың, жұмысты жеңілдетудің бір жолы ретінде кезінде мектептерді жаппай компьютер­лендіру ұранға айналғаны белгілі. Әйтсе де компьютер өмірімізге енгелі қағаз­бас­тылық одан да күшейіп кеткен тәрізді. Аты-жөнін көрсеткісі келмеген алматылық мұғалім: «Апта бойы таңертеңнен кешке дейін қағаз толтырамыз. Тіпті ертеңгі сабаққа да дайындалып үлгермеймін. Бар уақытың қағаз толтырумен өтеді.  Шын­ды­ғында, адамды қажытып жібереді. Сөйтіп жүріп, мектеп директоры оқушылардың олим­пиадаларда орын алуын, жоғары нәти­же көрсетуін талап етеді. Ал біздің оқушымен жұмыс істеуге уақытымыз жоқ», – деп наразылығын білдірді. 
Кәсіпкерлер де қағазбастылықтың кәсіпкерлікпен айналысуға бөгет болып отырғанын жиі сөз етеді. Бір құжат алу үшін жүз құжат талап ететін халыққа қызмет көр­сету орындарының әрекетінен де жұрт шар­шаған. Елімізге келгісі келетін орал­ман­дар келмей жатып қағазбастылықтан қажығандарын айтып, мұңын шағып жүр. Балалар үйінен бала асырап алғысы келе­тін ата-аналар да қаптаған қағазбас­ты­лықтың мақсаттарына жетуге кедергі келтіріп отырғанын айтады. Ең бастысы, жаппай қа­ғаз­бастылыққа ұрыну арқылы біз бір-бірі­міз­дің уақытымызды ұрлап жатқанымызды ескер­мейміз. Осылайша, қағазбасты қо­ғам уақытты ұрлап, қолдан мәселе тудыру­ға себепші болып отыр. Басқалар уақытын тиімді пайдаланып, ғылым мен техноло­гияның қарыштап дамуына көңіл бөліп жатса, біздің қағаз толтырумен уақыты­мыз­ды өлтіріп жатқанымыз өкінішті.
Егер қағазбастылық қоғамдағы мәсе­лелердің шешілуіне мұрындық болып жатс­а, сөз басқа. Ал кейбір жерлерде қа­ғаз­бастылық парақорлыққа себеп болып отыр. Мәселен, бүгінде денсаулық туралы анықтама жұмысқа тұрар алдында, оқуға түсер кезде қажет болады. Ал оны бір ана­лиз тапсырмай-ақ, кез келген емханадан 2000-3000 теңгеге сатып алуға болады. Ден­саулық туралы анықтама қағазын та­лап еткен мекеме де оның қайдан, қалай алынғанын тексермейді. Кейде халыққа қызмет көрсету орындары да көптеген құжаттар тізімін талап етеді, егер «тиын-тебенін» берсеңіз, құжаттар тізімі толық болмаса да, өтінішті қабылдай береді. Демек, керекті нәрсеңді алу үшін тізімде көрсеткен құжаттардың бәрінің міндетті түрде болуы соншалықты маңызды емес.
Алдан СМАЙЫЛ, Мәжіліс депутаты:
– Жаппай қоғамның қағазбастылыққа ұрынуы – жоғарыдан есепті көп талап етуіне байланысты туындап отырған жайт. Мәселен, қалалық оқу бөлімі әрбір мектеп директорынан оқудың сапасы, бала саны, тоқсан сайын тапсырған тестілерінің нәти­жесі, оқу бағдарламасының орындалуы секілді, әйтеуір, толып жатқан есепті талап етеді. Ал қалалық оқу бөлімінен оны облыстық білім басқармалары сұрайды. Өз кезегінде облыстық білім басқарма­лары­нан министрлік талап етеді. Осы секілді жоға­рыдан сұранған есептер төмен­гі жақты жұмыс істетпей, қағаз толты­руға  мәжбүр­лейді. Шыны керек, бүгін­де министрліктегі кейбір бөлімдердің негізгі жұмысы – қағаз жинау. Солар оты­рып алып, қағаз жинаған­нан гөрі, жергі­лікті жерлерге барып, мәселені өз көзімен көрсе, дұрыс болар еді. Олар қағаздағы өтірік есептен гөрі, нақты жағ­дайды өз көздерімен көрер еді әрі жер­гілік­ті жердегі қызметкерлер де қағазбас­тыл­ықтан ары­лар еді. Осыдан келіп, қайда барсақ, қа­ғаз жа­зып, бір-біріне есеп беріп отырған көрі­ніске көзіміз үйреніп барады. Қағаз­бас­тылықтан арылудың бір жолы – элек­трон­ды үкіметке көшу. Электронды хабар ал­ма­суға үйренсек, әркім кезекте тұрып, қағаз жинап, құжаттардың көшір­ме­лерін жасап, керекті жерге өткізіп, керек қағазы жетпей жатса, пара ұсынып, құжат­тарын өткізіп жіберуге тырысу секілді мәсе­лелер орын алмас еді. Сондай-ақ әрбір ве­домствоның бүгінгі қоғамдағы қалып­тас­қан қағазбасты жүйені бұзуға тырысқа­ны жөн. Құр қағаз толтырғанша, жұмыс істесін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста