Психолог балаларды суицидке жетелейтін жағдай туралы айтты – видео

Алматыда қазан айының соңында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы суицид жасады. Соған байланысты Sputnik Қазақстан тілшісі балалардың мұндай қадамға не себепті баратынын, қандай баланың суицид жасауға бейім екенін отбасы психологы Серікгүл Сәліден сұрады

 

Маманның сөзінше, көп жағдайда өте талантты балалар суицид жасайды.

 

"Балалар психологиясындағы өзгерісті қазіргі заманның дамуымен байланыстыруға болады. Ғылым дамыған кезеңнен бастап адамдар басқаша психикамен өмірге келе бастады. Мұны дамытып отырған – адам, адамның психикасы. Қазір ақпарат технологиясы өзінің шарықтау шегінде тұр. Мұны әрі қарай дамытатын – қазір дүниеге келіп жатқан балалар. Олар бұрынғы балаларға мүлде ұқсамайды, психикасы 3, 4, тіпті 5 типтен тұрады", - дейді психолог.

 

Оның сөзінше, балада психиканың 8 типі болады. Ол логикалық ойлау, аналитикалық ойлау, көргенін қайталау, стандартты емес ойлау қабілеті деген төменгі типтер мен абстрактілі интеллект және бейнелі интеллект деген жоғары типтерден тұрады. Сондай-ақ вербалды және интуитивті ақылдан тұрады. Қазір бір баланың бойында аталған психика типінің бірнеше түрі қатар кездеседі. Демек, ол баланың таланты да көп.

 

"Қазіргі балалардың психикасында үлкен өзгеріс бар. Ол – балалардың сезімтал болуы және нәзіктігі. Егер олар сезімтал не нәзік болмаса, бейімделгіш болмайды, дамымайды", - дейді маман.

 

"Балалардың 5%-і ғана алты түрлі психикалық типпен өмірге келеді. Яғни олардың интеллекті жоғары болады, дыбысқа сезімтал келеді. Ол туғаннан қатты дыбысты естісе, жылай бастайды. Олар сөйлей бастаған кезден-ақ өмірдің мәнін сұрайды. Адамдар неге туады? Адамдар неге өледі? дейді. Бұл балалар өте абстрактілі интеллектіге ие. Мұндай баланың тәрбиесі ата-анадан көп нәрсені талап етеді, дұрыс тәрбиеленсе, гений болады. Дәл осы балалардың ішкі сұранысы толық қамтамасыз етілмесе, іштей күйзеліске түседі, өмірдің мәнін жоғалтады. Өмірін оп-оңай қия салады", - дейді психолог Серікгүл Сәлі.

 

Айтуынша, кейбір балалар суицид жасауға бейім, енді бірі психикалық ауруға шалдығады.

 

"Өте талантты, ғарыш технологиясын дамытатын балалар, физикадағы гипердыбысты ойлап табатын, компьютердегі бағдарламалау жүйесін дамытатын балалар суицид жасайды. Дәл осы балалар музыкада Моцарт, ән саласында опера әншісі бола алады. Бұл балалар әр сөздің мағынасына терең үңіледі. Кей балаға сөздің мағынасы әсер ете бермейді. Ал сезімтал балаға "әкең ішкіш", "атаң оңбаған, сен де оңбайсын" деп айтса, баланың психикасын тежейді. Бұл шынының үстін темірмен сызғанмен тең", - дейді маман.

 

Жер бетіндегі зұлымдық немесе ең мықты даму да осы балалардан шығады, дейді психолог.

 

Баланың эмоциясы бұзылады

 

Психолог суицид жасағысы келетін баланың мінез-құлқымен қатар, жан-жағында болып жатқан дүниелерге қатысты эмоциясы да өзгеретінін айтты.

 

"Бала ұзақ уақыт күйзелісте жүреді. Суицидқе барғысы келетін балаларда эмоция болмайды. Қатты қуанып, қатты мұңаймайды. Аяушылық, қуаныш, жақсы көру, махаббатқа толық беріле бермейді. Көзіне тіке қарап отырсаң да, саған қарамай, іштей ойланып жүреді", - дейді маман.

 

Ал ата-ана психиканың 8 типін білуі керек. Баланың бойында қай тип бар екенін анықтап, сөз саптауы мен іс-әрекетіне мұқият болғаны жөн.

 

Психолог мектептегі психолог мамандарға қатысты да кемшілікті атады. Біріншіден, мектептерге психолог аз бөлінеді, екіншіден, мектеп психологының білімі орта деңгейден төмен.

 

"Мектеп психологтары балалармен робот сияқты жұмыс істейді. Психология – жан ғылымы. (...) Баланы ата-анасы психологқа бала қорқынышқа тап болған кезде немесе мінез-құлқында өзгеріс болған кезде алып келеді. Ең қызығы – бала мұндай күйге 70-80% жағдайда мектепте тап болады. Мектеп қазір балаларды психология жағынан құртатын орта болып отыр. Мұның шешімі – жүйені өзгерту. Мысалы, бір сыныпта оқитын балалар психотиптеріне байланысты жинақталуы керек. Сол кезде сынып бір-бірін түсінеді", - дейді психолог Серікгүл Сәлі.

 

Толығырақ видеодан көріңіз.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста