Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Заңға қол қойылғаны туралы қаулыны Ақорда жариялады.
Заңның негізгі мақсаты - қозғалыс құралдарының жаңа түрлерін пайдаланатын азаматтар арасында туындайтын қатынастарды реттеу.
Заңда электросамокаттар мен шағын электр көліктері жүргізушілерінің түсініктері, сондай-ақ құқықтары мен міндеттері нақтыланады.
Заңның қабылдануымен электросамокаттар және қозғалыс құралдарының басқа да жаңа түрлерінде кез келген санаттағы құқықтары көрсетілген жүргізуші куәлігіне ие болған, тек 18 жасқа толған адамдар және басында түймеленген дулыға, үстінде жарық шағылыстыратын киім киіп жүре алады.Бұдан басқа, шет мемлекеттің құзыретті органында тіркелген көлік құралдарын тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің көлік құралдарын тоқтатуының негіздерін белгілейтін түзетулер енгізілді.