Полиция жедел жәрдем қызметкерін ұрған адамға қатысты түсінік берді

Полиция жедел жәрдем қызметкерін ұрған адамға қатысты түсінік берді

Түркістан облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде қымбат көлік иесінің жолдың дәл ортасында жедел жәрдем жүргізушісіне қол ала жүгіргені туралы жарияланған видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

28 сәуірде Түркістан облысының ПД Төлеби аудандық полиция бөліміне Леңгір қаласында Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі медициналық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрғаны туралы хабарлама түсті, – делінген ресми ақпаратта.

 

Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары науқас адамның шақыртуы бойынша жолда кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне көпірде жеңіл көлік иесінің жол бермегенін анықтаған. Соның кесірінен жүргізушілер арасында жанжал туындап, жедел жәрдем қызметкері дене жарақатын алған.

 

Полиция қызметкерлері Volkswagen Passat жүргізушісін медициналық куәландыруға жеткізіп, аздап мас болғанын растады.

 

Осыдан кейін Volkswagen Passat-тың жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу кезінде жедел жәрдем жүргізушісі ешқандай шағымы жоқ екендігі туралы қарсы арыз түсірген.

 

25 маусымда тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі және 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес тоқтатылған.

 

Volkswagen Passat жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Көлікті мас болып жүргізу) мен ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Жалған нөмірлері бар автокөлікті жүргізу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Көлік айыптұраққа қойылды.

 

20 шілдеде Volkswagen Passat жүргізушісі ұсталып, ол ӘҚБтК-нің жоғарыда аталған баптары бойынша жауапкершілікке тарту үшін сотқа жеткізілді. Ал бейнежазбадағы шақырту бойынша келген полицейге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша заңды шешім мен тиісті шаралар қабылданады, – делінген хабарладама.

 

Сонымен қатар облыстық полиция департаменті Түркістан облысының тұрғындарына полицияға қатысты қандай да бір сұрақ немесе ақпарат болса, тәулік бойы 8778 684 89 57 сенім телефонына хабарласуға болатынын еске салды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста