Педикюрдің пайдасы кем....

Педикюрдің пайдасы кем....

Бүгінгі «дұшпан» аяққа емес, тырнаққа қарайды. Тырнақтың астынан кір іздейтіндер қай кезде де табылады. Сүйріктей саусаққа сән қосатын тырнаққа әрине, күтім керек. Әсіресе, бүгінгідей айналаңды микроб жайлаған кезеңде. Айналасы әдемі тегістелген, арам еттерден тазартылған тырнақтың әсем көрінетіні рас. Ал, аппақ тырнақтың астынан көрініп тұрған кірді көріп, ол адамның қолынан тамақ жеуге тәбетіңіз тартпай қалары анық. Дәл бүгінгі күні манюкерге тек әйел заты ғана емес ер азаматтардың баруы да қалыпты жағдайға айналды. Тіпті, педикюрді пайдалану да сәнге айналғалы қашан?

Бүгінде жаппай қолданысқа еніп, кеңінен дамып отырған косметикалық процедуралар осыдан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған. Ал,маникюрдің алғашқы түрін осыдан үш мың жыл бұрын ежелгі Египет пен Қытайдың қыз-келіншектері пайдаланған екен. Алғашқы түрлі-түсті тырнақ бояйтын лак 1932 жылы Америкада шығарылған. "Монюкер" латынның "монус", яғни -қол күтімі деген сөзінен шыққан. Ал, педикюрдің аяқ күтімі екені белгілі. Сонымен маникюр мен педикюр - қол терісі мен тырнақтарды күтіп сәндеу ғана емес косметикалық, гигеналық тазалыққа да жатады. Бірақ, тырнақтарыңызды әсемдеймін деп жүріп, ауру жұқтырып алуыңыз да әбден мүмкін. Сән салонының құрал-сайманына жіті назар аударған дұрыс. Себебі, әрбір клиент қабылдағаннан кейін шебер арнайы құралдарды кварцқа қойып, залалсыздандыруы тиіс. Манюкер құрғақ, ылғалды, америкалық, арнайы машинкамен жасалатын болып бірнеше түрге бөлінеді. Бағасы да әртүрлі. 500 теңгеден 5 000 теңгеге дейін барады. Нәзікжандылардың басым бөлігі ылғалды, яғни классикалық маникюр түрін пайдаланады. Соңғы кезде тырнақ жалғау жанып тұрған сәнге айналды. Жезтырнақтыкіндей сояудай-сояудай тырнақтардың кейде көргеннің өзінде жиіркеніш тудыратыны рас. Алайда жас қыздар осы сәнге жаппай қызығушылық танытуда. Тіпті бағасы да анау айтарлықтай арзан болмаса да бас тартып отырғандар жоқ. Табиғи тырнақтың үстіне қытайдың темірді де жабыстыратын желімімен пластмасса тырнақ жапсырудың азабы өз алдына. Оны орнынан алу да оңай емес. Кейде тіпті астындағы тырнағымен қоса жұлынып, мазаны қашыратыны тағы бар. Тіпті, қытайлық желімнің аллергия тудыратын қаупі де жоқ емес... Тырнақ пішіні мен түрінен ағзадағы түрлі ауруларды анықтауға болады. Мамандар тырнақтан 40 түрлі ауру түрін айқындауға мүмкіндік бар деп есептейді. Алайда бүгінде дерматолог мамандар маникюр, педикюр жасатамын деп түрлі дерматологиялық ауру жұқтырып алғандардың көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдіре бастады. Ең әуелі ортақ пайдаланудағы косметикалық құралдардан болатыны анық. Манюкер мамандар тырнақ тазалағыштарды кварцті құралдарға белгілі бір уақытта ұстауы керек. Алайда кейде асығыстыққа салынып, ертерек алып қоюы қауіптің басын қылтитады. Адам терісі бірнеше қабат тал¬шық¬тан тұратыны белгілі. Табандағы, тобықтағы жарықшақ түскен са묬мақ¬тан одан әрі жарылады. Соның әсерінен тірі жасушалар да зиян шегеді. Адам жүр¬ген кезде табанында жанға батып ауыр¬-татын жарықшақтардың пайда бо¬луы да сондықтан. Педикюр осындай кеселдердің алдын алу мақсатында жаса¬латын профилактикалық шара. Аяқ күтімі өз алдына, ол аяқ тыр¬нақтарының дұрыс жетілуіне, әдемі бо¬луына септігін тигізеді. Аяққа жасалатын педикюрлік амалдардың пайдасымен қоса зияны да жетерлік. Дерматологтар күбіртке сияқты тырнақ ауруын да осы маникюрдің «пайдасы» деп есептейді.
Классикалық педикюр – аяқ саусақтары мен табанды сулы ваннаға салып, жібітіп, артық еттерден арылтады. Массаж жасалады. Дезинфекцияның барлық талаптары сақталмаған жағдайда, саңырауқұлақ пен вирусты гепатит жұқтырып алуыңыз ғажап емес.
Құрғақ еуропалық педикюр – ең алдымен арнайы иісмай жағылады. Табанды, аяқ саусақтарын жұмсарту үшін массаж жасайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін 6-8 процедурадан өту керек.
Аппараттық педикюр – суланған сулық пайдаланылады. Бұл қауіпсіз әрі гигиеналық болып табылады.
SPA педикюр – қалталыларға арналған ең қымбаты. Тырнақ өсіру, табан массажы, парафинотерапия, әртүрлі маскалар, лосьондар, сүйелдерді кетіру. Бұл тек қана гигиеналық қана емес, әрі ем-дом болып та саналады.

Балық педикюр аса қауіпті
Медиктер педикюрдің осынау экзотикалық түрінен бас тартуды сұранып отыр. The Daily Mail агенттігінің хабарлауынша педикюрдің бұл түрі түрлі аурулар таратуы мүмкін екен. АҚШ-тың 14 штатында педикюрдің дәл осы түріне тиым салынған. Ал, британдық денсаулық қорғау Агенттігі оны арнайы зерттеуді талап етіп отыр. Ұлыбританияда мұндай педикюр 10 -нан 50 фунтқа дейін тұрады. Бұл педикюрді былай жасайды: шылапшынға су құйып, аяқты салып отырады, онда кіп-кішкентай тіссіз карп балықтары жүзіп жүреді. Осы балықтар аяқ еттерін тазалайды. Балықтар әрине бір рет қана пайдаланылатын құрал емес. Сондықтан да бір клиентке қолданылған балықтарды басқасына да пайдалана береді. Ол егер аяқта жара болса сол арқылы бір адамнан екіншісіне инфекция таратуы мүмкін. Ал сән салонының қожайындары балықтардың қауіпсіз екендігіне сендіріп бағуда. Қарапайым тұтынушылар балық-педикюрдің қызметін пайдалана алмайды. Себеп белгілі: қымбат. Сондай-ақ, салондарда клиенттердің саңырауқұлақ ауруымен және басқа да жұқпалы дерттерден ада екенін ешкім де тексермейді.

Тырнақ-күтімі
Тырнақтың саулығы мен әдемілігі үшін ең алдымен тамақтануға ерекше назар аудару қажет. Жеміс-жидек, көкөніс түрлерін көбірек жеп,табиғи шырын ішу тырнаққа өте пайдалы. Ол ағзадағы витамин мен минералдарды арттырады. Егер тырнақ сынғыш, пішіні мен түрінен өзгерістер байқалса, маманға қаралған дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста