Павлодарда 819 адам қос азаматтықпен жүрген
Павлодарда биылғы жылдың алты айында 800 ден астам адамның қос азаматтықпен жүргені анықталды., - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Қазір көші-қон қызметі басқармасы елге келіп жатқан және басқа жаққа қоныс аударушыларды бақылауды күшейітті.
Себебі Павлодар тоғыз жолдың торабында тұрған аймақ.
Мәселен, былтыр көрші мемлекеттерден 7 млн. адам кірсе биылғы жылдың алты айында ғана 13 млн. адам келген. Бұл уақытша қонақ болып кеткендер.
Ал тұрақты түрде қалуға өтініш бергендердің саны 20 пайызға өсіпті.
Алмира Хайруллина Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:
819 азамат қос азаматтық фактісі бойынша тіркелген. Оның 49 әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалғандары уақытында жүгінгендіктен олар әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.
90 пайыздан астамы бұл Ресей Федерациясының азаматтары болып табылады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz