Павлодар облысындағы ауылда 80-нен астам қой қырылды, ұсақ қара малға жабайы иттер шабуылдаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Zakon.kz тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап жазды.
Әлеуметтік желіде Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында малдардың қырылған видеосы тарады. Ветеринарлар бұл жағдайды тексеру үшін оқиға орнына барған.
ЕРЖАН АХМЕТОВ, Павлодар олыстық ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы:
– 29 шілдеде түнде Кемеңгер ауылында ұсақ қара мал, атап айтқанда 83 қой қырылды. Жабайы иттер 15 қойды кеміріп тастады, ал қалған малдар қорыққаннан тапталып мертікті.
Оның сөзінше, ветеринариялық станцияның қызметкерлері екі жабайы итті ұстады. Олар 10 күн бақылауда болады.
"Қырылған малдан зерттеуге материалдар алынды. Иттердің құттыру белгілері расталса, утилизация мәселесі қарастырылады" деп мәлімдеді Ержан Ахметов.
Аталған факт бойынша облыстық полиция департаменті облыстық ветеринарлық инспекциямен бірге тексеріс жұмыстарын бастады, себептері анықталып жатыр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz