Пара бермесең, балабақшада орын жоқ

Пара бермесең, балабақшада орын жоқ

Біздің еліміздегі ата-аналардың баласын мемлекеттік балабақшаға орналастыру үшін беретін жыл сайынғы парасының көлемі 1,5 млрд теңгені құрапты. Мұндай бас шайқатып, таңдай қақтырарлық соманы жемқорлыққа қарсы қоғамдық бірлестіктердің бірі «Қазпотребнадзор» орталығы таратып отыр.
Мәліметтерге жүгінсек, елдегі ата-аналардың 48 пайызы баласын балабақ­шаға орналастыру барысында жем­қор­лық­тың шарықтап тұрғанын көріп, ба­­ла­бақшадан күдерін үзген. Ал ата-ана­лардың 13,2 пайызы үйінде қамалып отыр­ған бүлдіршінін балабақшаға орна­ластыру үшін параны балабақша басшысына өздері ерікті түрде ұсынған. Ал 28 пайызы бала­ларын бақшаға орна­ластыру үшін тамыр-таныс іздеп, табал­дырық тоздырғандарын жасыр­майды. Сөйтіп, қоғамдық бір­лес­тіктердің арнайы зерттеулері балабақша мәселесі өзекті бола түскенін одан әрі нықтай түсіп тұр. Енде­ше, осы турасында біраз талдап көруді жөн көрдік.
Параның көлемі қанша болып тұр?
Сонымен, елдегі мемлекеттік балабақ­шаларға баланы орналастырудың ауыр­лығы қанша тұрады? Мұндай бала­бақ­шаларға баланы орналастыру үшін қанша пара беру керек?
Ресми деректер балаларды бала­бақшаға қабылдаудың орташа парасы бүгінде 33 мың 500 теңгені құрап отыр­ғанын көрсетеді. Қайсыбір пара түрінің 5 мың теңгеден басталып, 200 мың теңгеге бір-ақ шарықтайтын тұсы тағы бар. Бағамдасақ, балабақша мәселесінде ең қымбат пара алуда Батыс Қазақстан облысы (140 мың теңге) көш бастап тұр. Ал ең арзан пара алатындардың тізімінде – Шығыс Қазақстан облысы. Пара алуда 6000 теңгені қанағат тұтатын шығыс­қазақстандықтар ар-ұятты ойлады ма екен, әйтеуір бұл аймақтың ата-аналары «облыста балаларды балабақшаға орна­ластыру өзгелерден әлдеқайда жеңілдеу» депті.
Пайымдасақ, баласы бар әр отба­сының басындағы жағдай осы. «Пара бере­сің, болмаса балабақшада орын жоқ» деседі мамандар.
Олай болса, мәселені шешудің қандай тетіктері бар? Бұл ретте мемлекеттік бағ­дар­ламалардың бергені мен берері қан­дай?
«Балапан» бағдарламасы не берді?
Білесіздер, 2010 жылдан бері біздің мем­лекетімізде мектепке дейінгі бала­ларды балабақшамен қамту мақсатында «Балапан» бағдарламасы іске асырылып келеді. Жалпы, жоспар бойынша бұл бағ­дарламаның бізге берері мол болатын. Тиісті орындар 2014 жылға дейін елдегі балалардың 74 пайызын осы бағдарлама аясында балабақшамен қамтуды жос­парлап отыр. Тіпті «жекеменшік бала­бақ­ша саламын» дегендердің өзіне осы бағдарлама аясында бірқатар жеңілдіктер бар. «Сондықтан болар, елімізде соңғы үш жылда балабақшалардың саны 200 бірлікке немесе 49 пайызға көбейді» дейді мамандар. Әйтсе де сарап­шы­лармыз бұл бағдарлама аясында да әлі де болса толық қамтылмай жатқан жайт­тардың баршылық екенін жіпке тізіп берді.

Тоғжан ШАЯХ­МЕ­ТОВА, сарапшы-маман:
– «Балапан» бағдар­ла­масы аясында жекеменшік бала­бақшаларға қойылатын лицен­зиялық талаптар және санитарлық ережелер мен нор­малар жеңілдетілді. Мысалы, жеке­меншік балабақшаны мүлік­тік жалдау (жалға алу) негізінде ашуға рұқ­сат беріліп отыр. «Балапан» бағдар­ла­ма­сының аясында мемлекеттік тапсырыс жекеменшік бала­бақ­шаларда да жүзеге асырылады. Әрине, осы іс-шаралар жеке­мен­шік мектепке дейінгі меке­мелер саны­ның өсуіне ықпал етеді. Бірақ жаңағыдай жеңіл­діктер жасалып отыр­ғаннан кейін сол жеңілдіктерді желеу етіп балабақшаны талап­қа сай етудің орнына, керісінше «сапа­сыз балабақшалар санын көбейтіп алмаймыз ба» деген қауіп те жоқ емес. Сондықтан бұл жерде тағы да сол бақылау, қадағалау мәселесі назардан тыс қалмауы керек. Мемлекеттің көмегімен жекеменшік бала­бақ­шаны ашып алып, бала­бақ­шаның ақысын межеде көр­се­тіл­­ген­нен жоғары етіп ұстап отырған кәсіп­кер­лер­ді де көріп жүрміз. Сондықтан ба­ла­бақ­ша мәселесі қай кезде де өзекті бол­ғандықтан бақы­лау­ды күшейт­кен абзал деп ойлаймын.

Балабақшаға салықтық жеңілдік керек
Мамандардың балабақша мәселесіне қатысты айтар тағы бір ойы – біздегі мем­ле­кеттік кө­мекпен жұмыс істеп жатқан жекеменшік балабақшаларға салықтық жеңіл­діктер қажет. Мысалы, бізде жеке­меншік бала­­­­бақша үшін мынадай салық­­­тық жеңілдіктер енгізіл­ген: олар корпо­ра­тив­тік салық­тан боса­тылды, жер салығы азай­тыл­ды, мүліктік салық 0,1 пайыз­дық мөл­шер бойынша есептеледі. Бірақ мұн­дай са­лық­тық жеңіл­дік­терді азсы­на­тындар да бар­шылық...
Дәурен ӨМІРЗАҚОВ, заңгер:
– Бірқатар елдерде, мы­салы, Францияда жекеменшік бала­бақ­шаларға салықтық жеңіл­діктер 12,8 пайызға дейін қарастырылған. Швецияда – 12 пайыз; Ресейде – 1,9 пайыз. Санамалай берсек, балабақша мәселесінде жұртшылығына жеңілдіктер қарастырып отыр­ған елдердің легі жетіп-арты­лады. Әсіресе немістер балабақша жүйесін модер­ни­за­циялауға барын­ша мән беріп отыр. Егер біз болашақта жеке­меншік бала­бақ­шалардың төлем­ақысының дең­гейі ортаң­қол азаматтың қал­тасына тиімді болатындай жүйе орын алсын десек, онда жеке­мен­шік бала­бақ­шаларға салық­тық жеңіл­діктер жағын қарастыру керек. Оларды корпоративтік салық­тан, жер салығынан мүлде босату қажет. Жоқ дегенде 10 пайыздық салықтық жеңілдік қарастырсақ, олар да қолдауды сезініп, төлем құнын азайтады. Сондықтан «балабақшаға пара бара берсін» демесек, жеке­меншік балабақ­ша­ларды қол­дау керек, жеңіл­дік­тер бөлу керек. Тіпті уақыт өткен соң, сол жеке­мен­шік бала­бақ­шаларды мем­ле­кет өз қара­ма­ғына алса, тіптен жақсы. Біз осылайша ең алғаш нарық­тық экономикаға енген тұста жеке­ше­леніп, саты­лып кеткен бала­бақ­­шалардың са­нын толтырып, са­пасын қал­пы­на кел­ті­ріп алуымызға болады.

Түйін
Қалай десек те, қазір қазақтың қара домалақ баласын әсіресе қалалы жерде мемлекеттік балабақшаға орналастыру жағы қиын болып тұр. Жеке­меншік балабақшаның төлем ақысы қымбат, мемлекеттік балабақ­ша­ның табалдырығын аттау тіптен мұң болғандықтан, бүгінде жас отбасылар үшін баласын бағып-қағып, ол баланың қанына қазақы тәрбие сіңіріп беретін ауылдағы шал-кемпірдің мәртебесі артып-ақ тұр. Тиісті орындар тиімді шешімдерді қарастырып-ақ жатыр. Бірақ соның бақылауы келіспей тұр ма, болмаса бабы келіспей жүр ме, әйтеуір баланы бағатын орындардың тапшылығы толастар емес. Осындайда өзімізді жұбату үшін ауылдағы қарияларымыздың мектебі аман бола тұрсын дейміз амалсыз...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста