"ӨзенМұнайГаз" АҚ жұмысшылар санын көбейтуде
Жалпы статистикаға сүйенсек, ӨзенМұнайГаз АҚ жұмысшылар саны әрбір өндірілген бір тонна мұнайға шаққанда елімізде алдыңғы орында.
Яғни, өндіріс жаппай автоматтандырылып жатқанда, ӨзенМұнайГаз АҚ еріксіз түрде жұмысшылар санын көбейтуде. Себебі - түсінікті, әлеуметтік мәселені ушықтырмау. Ал, енді халық болса тағы да ӨМГ ға жұмысқа тұрсақ деп талап қоюда. (Жұмыссыз адамның жұмыс талап етуі орынды құбылыс екеніне қарсы емеспін). ӨМГ бұл мәселені де шешуге тырысып 100-деген адамды жұмысқа алмақшы. Бірақ, оның да шегі болары анық.
Екіншіден, компанияда жұмыс істеуші мамандар айлық ақысын өсіруді талап етуде. Мейлі, талап етсін. Әйтсе де менің пікірімше, дәл қазіргі жағдайда, айлық ақыны өсіруді сұрау орынсыз. Сұрап, айлық ақыны көтерген жағдайда да ол жұмыста ұзақ боламын деп жоспарлауға келмейді деп есептеймін. Себебі, әлемдегі экономикалық жағдайлардың қарқынды өзгеріп жатқаны кезінде, компания жағдайды ұзақ уақыт экономикалық әрі техникалық себептерге байланысты тұрақты сақтай алмауы мүмкін. Бұл заңды құбылыс. Ал, қаладағы жағдайды ескерсек, үкімет мейлінше қала экономикасын әртараптандыруы керек. Өткен жолы айтқанымыздай ШОБ дамуы қажет.
Сондықтан, жалғыз мұнайға телміре беру оң нәтиже береді деп ойламаймын.
Әлемдік үрдіс пен ауыр да болса келісуіміз қажет.
Қазіргі жағдайда ӨМГ жұмысшылары қолдағы барға қанағат ете отырып, болашақта келмей қоймайтын өзгеріске дайындалу керек дегім келеді.