Өзбектің есебі қазаққа кесел болып тұр

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Еліміздің электр энергиясымен қамту жүйесі Орталық Азияның біріккен энергожүйесіне кіретіні белгілі. Алайда осы ортақ энергожүйенің кейінгі кездері пайдасынан гөрі, зияны артып бара жатыр. Оның басты себебі – Өзбекстан. Өзбек ағайынның күз түсе басталған энергия қуатын ескертусіз, шамадан тыс «сору» деректерінің жиілеуі оңтүстіктегі жұртымызды энергия тапшылығына ғана ұшыратып қоймай, тұтастай «Солтүстік-Оңтүстік» электр желісін апатты жағдайға душар қылуда. Сондықтан сала басшылары өзбек ағайын осынау «жиендігін» тоқтатпаса, Орталық Азия біріккен энергожүйесінен шығу ықтималдығымызды да қарастырып жатыр. Өйткені ала шапанды ағайынның осындай алақолдығының кесірінен желтоқсанның 20-сы күні ғана апатқа қарсы автоматика тәулігіне 50 рет іске қосылыпты.
Есте болса, 1999 жылы Қазақстан, Қыр­ғыз­стан және Өзбекстан мемлекеттері Ор­талық Азия электр жүйесімен параллель­ді жұ­мыс істеу туралы келісімге қол қойған бо­латын. Келісім бойынша әр ел белгілен­ген шектен асырмай, өзге мемлекеттерге кесірін тигізбей, өзіне тиесілі энергияны пайдалану керек-тін. Алайда бұл келісімді бүгінде өз­бек бауырларымыз бұзып отыр. Бұл жайын­да газетіміздің қараша айындағы бір нөмі­рін­де де жазған едік. Сол ақпаратта индус­т­рия және жаңа технологиялар вице-ми­нистрі Бақытжан Жақсалиев: «Өзбекстан энер­гия тұтынудың тәуліктік жоғарғы меже­сін­де 420 МВт қуатқа дейін электр энер­гия­сын алып қоюда. Соның салда­ры­нан авто­мат­тық жүйе­лер апаттық жағдайда істеп, тұ­тынушыла­рымыз электр энергиясы­нан шек­телсе, кей жағдайларда мүлде ажы­ра­ту­ға мәжбүр болдық. Мысалы, қа­ра­шаның 9-ында Оңтүстік Қазақстан облы­сын­да 110 МВт шектеу енгізілді. Ал «Қаз­Фосфат» кә­сіп­орыны 120 МВт-қа шек­телді», – деді.
Бұл проблема, негізінен, қарашада емес, қазаннан басталған. Яғни Өзбекстан та­рапы электр қуатын келісімшартта бел­гі­ленген мөлшерден артық пайдаланып отыр­ған. Былайша айтқанда, күндіз электр­­дің дәл қажет кезінде молынан алып, түнде электр қуатына аса зәрулік тумаған уақытта арты­ғымен лақтырып, есеп­­тесіп отыр. Саудаға жүйрік ала ша­пан­ды көр­шіміз осылайша ай­ла қылған.
Осының кесірінен энергия режиміне залал келіп, қалыпты жұмыс бұзылған. Сонымен қатар Ресеймен бірыңғай электр жүйесінде жұмыс істеп келе жатқандықтан, шекарадағы электр желілерінің жөндеу жұмыстарын да тоқтатуға мәжбүр болып­пыз. Оңтүстікте тапшылықтың орнын жа­уып отыру үшін электр қуаты солтүстіктен та­сымалданатын. Енді Өзбекстанның элек­тр қуатын шамадан тыс «сорып алып», оң­түс­тіктегі электр қуатын құбылтуына бай­ла­нысты жөндеу жұмыстары да тоқ­таған.
Кешеден бері Ташкентте Орталық Азия энер­гетикалық қауымдастығының ке­­зектен тыс отырысы өтіп жатыр. Бұл проблеманы Ин­дустрия және жаңа технологиялар министрлігі де бақылап отырған. Сол үшін үйлестіру штабын да құрған екен. Бұл штабтың құрамына Мемлекеттік энергия бақылау комитеті, «Самұрық-энерго» және «КЕГОК» компаниялары кіреді. Бұлардың барлығы қазір біріккен энергия жүйесінен шығудың жолын талқылауда.
Осы жерде тағы бір мәселенің ұшы шығайын деп тұр. Егер де біріккен энергия жүйесінен шығып кететін болсақ, Қазақстан оңтүстік аймақты жеткілікті түрде электр энергиясымен қамтамасыз ете ала ма?
Дәл қазіргі уақытта өзімізді өзіміз қам­та­масыз етуге дайын еместігіміз жасырын емес. Жамбылдағы Т.И.Батуров атындағы ГРЭС-тің толыққанды жұмыс істеуі үшін бір­талай техникалық шаралар атқарылуы қа­жет. Былайша айтқанда, электр қуатын өн­діру деңгейін көтеру ке­рек. Бұл ГРЭС-те бү­гінгі таңда үш энер­го­блок жұмыс істеп тұр. Бұған 320 МВт шамасында жүктеме тү­седі. Жалпы, ГРЭС-тің өзі газдың жетіс­пеу­шілігіне байланысты мазутпен жұмыс істеуде. Ал мазут қымбат болғандықтан, отын мәселесін шешу бірінші кезекте тұр. Егер де қажетті шаралар жасалатын болса, бұл стансының 700-900 МВт-қа дейін электр қуатын өндіруге мүмкіндігі жетеді екен. «Егер осындай көлемде энергия қуа­ты өндірілсе, оңтүстік аймақты энергиямен то­лықтай қамтамасыз ету үшін Жамбылдағы ГРЭС-тің өзі де жет­кі­лікті», – дейді «КЕГОК» АҚ корпора­тивтің даму департаментінің жұртшылықпен бай­ланыс бөлімінің бас ме­неджері Марат Мұхамедсалиев.
Әрине, Қырғызстан мен Өзбекстан біз­дің бір жүйеде қалғанымызды қалап отыр. Бірақ «ортақ өгізің болғанша, оңаша бұза­у артық» емес пе?
Марат МҰХАМЕДСАЛИЕВ, «КЕГОК» АҚ корпоративтің даму департаментінің жұртшы­лықпен байланыс бөлімінің бас менеджері:
– Өзбекстанда энергия көздеріне қа­жетті отын жеткіліксіз. Сондықтан да, олар өз­генің есебінен өз отындарын үнемдеп, өз­­дерінің энергетикаға қатысты проблема­ла­рын шешіп алғысы келіп отыр. Өзбекстан­ның кінәсінен оңтүстік аймақтарда тәулігіне бірнеше рет апатқа қарсы жүйе іске қосы­лып, жарық автоматты түрде өшті. Жағдай­дың қалай шешілетіні әлі белгісіз. Көп дү­ние Өзбекстанға байланысты болмақ. Қазір­дің өзінде өзбектер 215 миллион кВт сағат энергия қарыз. Олар ол қарызды қай­тара ма, жоқ па, ол да – шешілме­ген мә­селе. Бірақ Өзбекстан біздің бір жүйеде қал­ғанымызды қалап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста