Атыраудағы қаржы полициясы жалған ақша жасағандарды қолға түсірді. Сөйтсе, қаладағы жеке үйлердің біріндегі гаражды төрт азамат «ақша жасау орнына» айналдырып алыпты.
Гараждан АҚШ долларынан «аумайтын» қағаздар мен түрлі түсті бояулар мен баспа станогы табылды. Сондай-ақ тінту кезінде 100 долларлық купюраның суреттері салынған, бірақ әлі қиылмаған қағаздар да анықталған.
Қаржы полициясының бөлім бастығы міндетін атқарушы Ерлан Егеубеков: «2 443 дана, барлығы 244,3 мың АҚШ долларын құрайтын жалған шетелдік валютаны жасап жатқан жерлерінен төрт азамат құрықталды. Олардың ішінде бұрын да қылмысты болып, сотталғандар бар», – дейді. Көп мөлшердегі жалған ақшаны дайындау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, айыпталушылар Атырау қалалық сотының шешімімен тұтқынға алынған. Енді олар заң алдында жауап беретін болады.
«Өтірік доллар» орға жықты
Последние статьи автора