Отбасының темір қазығы мықты болмайынша, тәрбиенің де сәні болмайды.

Отбасының темір қазығы мықты болмайынша, тәрбиенің де сәні болмайды.

Әрбір адам, әрбір ұлт өз ұрпағына өмірдің талабына сай білім, тәлім тәрбие беруді міндет санайды. «Тәрбиесіз берілген білім апат әкелетінін» ескерсек әрқашан білім мен тәрбиенің егіз екенін естен шығармағанымыз да жөн. Әсіресе бұл тұрғыда ұлттық тәрбиенің маңызы зор. Еліміздің ертеңі жарқын болсын десек ертеңіміз саналар ұрпағымызды өз жерін сүйетін, халқының тарихын білетін, тілін, дінін, ділін, дәстүрін білетін, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген азамат етіп тәрбиелеудің  маңызы зор.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» – деген халқымыз ұрпақ тәрбиесінің отбасыдан басталатынын меңзеп, бала өмірге келген сәттен бастап ұлттық тәлім тәрбиені бойына сіңіруге көп көңіл бөлген. Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастарда күннен күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы, интернет кеңістігінің еркін таратылуы да  балалардың сана-сезімі мен рухына кері әсер етуде. Бір ғана компьютерлік ойындардың бала тәрбиесіне айтарлықтай кері әсер еткенін айтпай кетпесек болмас. Теледидардағы шетелдік өнімдерге де шектеудің болмауы бала тәрбиенің ақсауына айтарлықтай әсер етті. Жалпы айтқанда балаларымызға жахандану, ғаламтор, теледидар өз әсерін тигізді. Осы орайда айта кетер жайт базбір елдерде теледидардан балаларға көрсетілуге болмайтын өнімдер алдын ала ескертілсе, біздің елімізде балалардың жасына қарай шектеу енді қолға алынып келеді. Ал кейбір елдерде ғаламтордағы кейбір сайттарға балалар еркін кіре алмайтындай етіп шектеулер қойылса, бізде әлі күнге ғаламторға тұсау салынбай отыр.
Осы орайда айта кетер жайт ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры. «Бір елді жаулап, ұрпағын бордай тоздырғың келсе ұрпағының санасына ақпарат арқылы әсер ет» деген қағида үстемдігін құрып келеді. Яғни балаларымыздың санасын, ой-өрімін шетелдің түрлі бейәдеп өнімдерінің жаулауы ұлттық тәрбиені жас ұрпақ бойынан ысырып шығарды. Ғаламтор мен теледидар арқылы ұрпақ санасына кері әсер етер өнімдердің төрімізді емін еркін жаулап алуының да сыры осында секілді. Еліміздің ертеңіне балта шапқысы келгендер ұрпақ санасын улауда.
Осы орайда ұрпағымызды жахандануға жұтылудан аман сақтаудың бірден бір жолы ұлттық тәлім-тәрбиені арттыру болып отыр. Қазақ бола тұрып, қазақ тілін ұмытып, ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатігездікке құрылған фильмдердің жетегінде кеткен жастарымызды дұрыс жолға салудың бірден бір жолы – ұлттық тәрбиені жаңғырту. Негізі тәрбиені  ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, жетілдіріп өмір мектебінің талабына сай негіздеп отырудың маңызы зор.
Осы орайда ұлттың тілінің, ділінің, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын, ұрпақ бойында ұлтын сүю, ұлттық рух қалыптастыруды көздейтін, ұлттық құндылықтарын ұрпақ санасында жаңғыртуды мақсат ететін, бір сөзбен айтқанда, ұрпаққа ұлттық тәлім тәрбие беретін арнайы пән енгізудің маңызы зор дер едім. Бүгінде бұл ұстанымды ұстанған жапондар ештеңеден ұтылып отырған жоқ. Керсінше ұлтқа тән құндылықтардың жаңғыртылуы олардың ұлт ретіндегі ерекшеліктерін айқындап тұрғандай.
Келешекте халқымыздың азып тозбауы үшін бүгінгі ұрпақ жауапты, ол олардың өсіп-өнуіне біз жауаптымыз. Біз сөзінің астарында «ұстаз», «ата-ана», «қоғам» деген ұғымдар жатыр. Отбасының тәрбиесі – ананың сүті мен атаның қанынан қалыптасқан. «Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі – ой өсіреді» дейді дана халқымыз. Демек, отбасының темір қазығы мықты болмайынша, тәрбиенің де сәні болмайды. Мемлекеттің тіреуі сапалы ұрпақ. Егемендігіміз берік болып, мемлекетіміз мықты болсын десек ұрпағымыздың ішімдікке үйір болып, қылмысқа ұрынып, нашақорлыққа салынуына мүлдем жол бермеуіміз керек. Шын мәнінде мұның бәрі еліктеуден, батыстың бейберекет тәрбиесінің әсері. Еліміздің ертеңі ұрпақ тәрбиесіне, біліміне тікелей тәуелді. Егеменді Қазақстанды өркениетті елдердің қатарынан көру үшін білімді, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген ұрпақ керек. Елбасы да стратегиялық бағдарламасында «біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болшағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп атап өтті.  Демек алдағы уақытта еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіруді, ел болашағы – жас ұрпақты жаңа  инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет.
Сондықтан бүгінгі ұрпаққа, білім-ғылым нәрін берумен қатар, өз халқымыздың  тағылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретіп, игертудің маңызы зор дер едім. Бүгінгі бала ертеңгі ата-ана, бала тәрбиелеуші, халық өкілі, ел намысын қорғаушы, ата-бабалардың ісін жалғастырушы мәңгілік күш. Сол себепті жалпы білім беретін орта мектептерде ұлттық тәрбиені арттыру, жолға қою, басты міндет деп санаймын.
Қаламқас АЛМАСБАЕВА, Алматы қаласындағы Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін аралас мектептің директоры

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста