Отандық фарминдустрия әлемдік нарыққа бағыт алды

Отандық фармацевтика саласының іргелі жұмыс істей бастағанына табаны күректей 130 жылдай болып  қалыпты. Іргетасы қаланған уақытты нақтылай түссек, 1882 жыл. «Химфарма» деген атаумен белгілі зауыт 1980 жылға дейін КСРО елдеріне шикізат өндірумен айналысқан-ды. «Химфарманың» еліміздегі жалғыз зауыт саналғаны да баршамызға белгілі.

Ілкімді істер
Қазіргі кезде Қазақстанның фармин­дус­трия нарығында ірілі-ұсақты компания­лар саны 80-ге жуық. Ал, жалпы, елімізде шығарылатын дәрілік өнімдердің 90 па­йызы «Химфарма», Global Pharm, Nobel­АФФ, «Ромат», «Қарағанды фармацевтика кешені» сияқты ең ірі зауыттардың үлесі­нен. Бұдан нені байқауға болады? Отан­дық фармацевтика саласы даму үстінде. Бұл Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жол­дауларындағы «Дәрілердің 50 пайы­зын өзімізде шығаруға тиіспіз» және «Ме­ди­ци­на­лық қызмет көрсетудің қолже­тім­ділігі мен сапасын арттыру, саламатты өм­ір сал­тын алға бастыру –адами әлеует­тің дең­гейін арттыру­дың келесі бір маңызды ба­ғы­ты» деген сөздерінің нәтижесі болса керек. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Н.Назарбаев құзырлы салаларға 2014 жылға қарай ішкі сұраныстың 50 пайызын отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тапсырған-ды. Ол жөнінде жұртшы­лық осыдан төрт жылдай бұрын Елбасы­ның Қазақстан халқымен тікелей байланыс кезінде хабардар болған еді. Н.Назар­баев­тың айтуынша, Қазақстан бағасы 900 млн АҚШ доллары болатын дәрі-дәрмек­тердің 90 пайызын импорттайды. Демек, бертінге дейін Қазақстан мұқтаждықтың 10 пайызын ғана өндіре алған.
Айта кетейік, елдегі ішкі дәрі-дәрмек на­ры­ғын бірізділендіру үшін арнайы «Са­мұ­рық-Қазына Фармация» компа­ниясы құрылған болатын. Оның негізгі міндеті – елі­міздің фармацев­тика саласының тұрақ­тылығы мен бәсекеге қабілеттілігін артты­ру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу­ды орталықтандыру жолымен фарма­цев­тік өнеркәсіпті дамыту және тегін ме­дици­налық көмек көрсету шеңберінде дә­рілік зат­тарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша бірың­ғай дистри­бьютерлік қызметті іске асыру. Сонымен қатар дәрі­лер­ді сатып алудың жүйесін орталықтан­дыру. Мойындау керек, елдегі қордаланып қалған көп проблема аталмыш компания­ның құрылуымен біртіндеп шешіле баста­ды. Қысқасын айтқанда, сең қозғалды.
Нәтиже
Сонымен нәтиже қандай болды? Қа­зақ­стан тарихында бұрын-соңды бол­ма­ған жетістіктерге қол жеткізе бастады. 2009 жылы өндірілген отандық дәрі-дәрмектер құны 10 миллиард теңге болса, ол 2011 жылы 22 миллиардқа көтерілген. Ал 2012 жылы 28 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.
Нарықта инвестициясыз болмайды. Ол кімге де болса мәлім. Алға қойған мақсат­ты орындау үшін отандық дәрі-дәрмек өн­ді­руші кәсіпорындар инвестиция тартқан-ды. Атап айтсақ, қазіргі кезде Алматы фар­мацевтика фабрикасы Түркияның NOBEL Pharmaceuticals, «Химфарма» АҚ «Pol­pharma», «Қарағанды фармацевтика зауыты», ресейлік «Фармстандарт», «ФК Ромат» ЖШС чехиялық FAVEA Europe ком­панияларымен келісімшартқа отырды.
Солардың қаржылай көмегімен алда­ғы жылдары елімізде халықаралық GMP стандартына сай сапалы дәрі-дәрмек өн­ді­ретін зауыттар салынбақшы. Оның өзін­де де Қазақстанның «ФармМед­Ин­дус­трия» қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов айтпақшы, «қаптатып 100 зауыт емес, сапалы өнім шығаратын бір­не­ше ғана зауыт» салу. Ал жалпы «фар­ма­цев­ти­калық өнеркәсіпті дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағ­дарламасы» негізінде болашақта жаңар­тылатыны бар, салынатыны бар, барлығы 26 зауытты іске қосамыз деп отыр құзырлы сала. Олардың бірі дәрі-дәрмек шығарса, енді бірі медициналық керек-жарақ өнді­румен айналыспақ. Жоғары технология­лармен жабдықталған мұндай зауыттар­дың негізгі инвестициялық жобалары 2013-2014 жылдары басталмақшы. Мін­дет – ішкі сұранысты қамтып қана қоймай, отандық дәрі-дәрмектің 30 пайызын экспорттау.
Негізі, шетелдік, соның өзінде әлемдік нарықта алпауыт саналатын компаниялар­дың біздің елмен жұмыс істеуге құлшыныс білдірулері жайдан-жай емес. Оларды Қазақстанның әлемдік нарықта пайда та­бу­дан есірткі, қару-жарақ, көмірсутектері саудасынан кейінгі төртінші орында тұрған фармация саласына айрықша көңіл бө­лулері қызықтырып отырғаны анық. Біраз мысалдар келтіре кетсек, ҚР Денсаулық сақ­тау министрлігі өткен жылы Франция­ның «Санофи-Авентис», АҚШ-тың «Мерк Шарп энд Доум» және «Пфайзер Эйч-Си-Пи Корпорэйшн» компанияларымен ме­мо­рандумға қол қойса, «Самұрық Қазына Фармация» дәрілік заттарды тікелей тасы­малдау үшін «Элай Лили», «Санофи Авен­тис» (Франция), «Тева» (Израиль), «Глак­со Смит Кляйн» (Ұлыбритания), «Хоф­фманн ля Рош» (Швейцария), «Фармстан­дарт-Биолек» (Украина) және «Биома­рин», «Янссен Силаг» «Мерк Шарп энд Доум», «Пфайзер Эйч-Си-Пи Корпор­эйшн» (АҚШ) компанияларымен келісім­шартқа отырған. Осындай екі жаққа да ти­імді келіссөздердің арқасында «Самұ­рық Қазына Фармацияның» өзі құрылған 2009 жылдан бергі тегін медици­налық көмек көрсету шеңберінде дәрілік зат­тарды сатып алуда үнемдеген қаржысы қомақты, яғни 18 миллиард теңге.
Жағымды жаңалық: мемлекеттік сатып алулар бойынша айтар болсақ, дәрілік заттар шығарумен айналысатын отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаты жылдан-жылға артып келеді:
2009 – 16 – 767 миллион
2010 – 152 – 5 миллиард
2011 – 151 – 7 миллиард
2012 – 168 – 9,3 миллиард
Соны жаңалық: Амбулаторлық нау­қастарды дәрілік заттармен қамтама­сыз етудің ілкімді жобасы қолға алынуда. Нақ­тырақ айтсақ, «Саламатты Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасы шеңберінде амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтама­сыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі жұ­мыстар жүргізілуде. «Науқастарды элек­тронды тіркеу және амбулаторлық дең­гейде есепке алу» порталын құру қажет­тілік болып тұр. Бұл бағдарлама бойынша әрбір дәрігердің, сондай-ақ әрбір нау­қастың жеке коды белгіленеді. Соның нә­ти­жесінде бір науқасқа бірнеше емханадан дәрілік препараттар алуына жол беріл­мей­ді. Осылай тегін медици­налық көмек көр­сету шеңберінде дәрілік зат­тарды та­рату кезінде етек алып бара жатқан жем­қор­лықтың жолы кесілмек.

Білікті не дейді, биліктегі не дейді?
Қалдыбай Пірәлиев, химия ғылымының докторы, академик:
– Отандық субстанса өндірісіне көңіл бөлсек қана дәрі-дәрмек тәуелсіздігін қамтамасыз етеміз. Бізге толық циклда жұмыс істейтін фармацевтикалық өндіріс қажет. Ол үшін дәл қазір субстансалар импортына негізделеген фармацевтикалық зауыттар салып жатсақ та, болашақта субстансалардың отандық өндірісін жолға қоймайынша, Елбасымыз алға қойған міндетті толық орындадық деп айтуға қақымыз жоқ. («Айқын» газетінен)

Серік Сұлтанов, «ФармМедИндустрия» қауымдастығының президенті:
– Дәрілік өнімдердің субстансасын жасау бізге тиімді емес әрі оның қоршаған ортаға зиянды екенін де ескерген жөн. Сол себепті де біз дайын субстанса өнімдерін пайдаланамыз. Әлемдегі барлық белсенді субстансаның 80 пайызы Қытай мен Үндістанда ғана шығарылады. («Курсив kz» басылымынан)

Түйінді түйткіл
«Фармацевтикалық өнеркә­сіпті дамытудың 2010-2014 жыл­дарға арналған салалық бағдар­ламасын» кешенді жүзеге асыру­дағы түйіні шешілмей тұрған түйткілке келсек, ол – кадр мәсе­лесі. Өкінішке қарай, біздің елде білімді, білікті фармацевт мама­нын дайындайын медициналық оқу орны жоқтың қасы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста