Өскеменнің өз Астанасы болады

Өскеменнің өз Астанасы болады

Жақында қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында осындай шешім қабылданды. Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады. Енді Алла сәтін салса, Үлбі өзенінің жағасындағы әсем көше Астана атауын иеленіп, жағалауға көріктендіру жұмыстары жүргізілетін болады. Айта кетейік, жаңа атауға ие болған көше бұған дейін Солнечная деп аталған болатын.
Өскемендегі өзекті мәселенің бірі – ономастика. Облыс орталығы тұрғын­дарының басым бөлігін орыс ұлтының өкілдері құрайтындықтан болар, бұл шаһарда көше атын өзгерту (қазақша атаулар беру) немесе ескерткіш орнату оңайға түспейді. Дегенмен соңғы кездері бұл бағытта оң өзгерістердің орын алып жатқаны қуантады.
Бұл атау текке алынып отырған жоқ. Осы айдың 20-21-і күндері Өскеменде Астана қаласының мәдени күндері өтеді. Яғни жаңа көше өскемендіктердің астана­лықтарға жасаған сый-құрметі десе де болады. Дегенмен елорда жұрты да қарап қалмайтын секілді. «Сыйға – сый, сыраға – бал» демекші, Астана қаласы жаңа көшеге толықтай көріктендіру жұ­мыстарын жүргізуге уәде беріпті. Қаржы қалалық бюджеттің қазынасынан бөлінеді-міс. Сонымен қатар Арқа төріндегі шаһар «Астана жағалауы» атанатын көшеге ән салатын жаңа субұрқақты сыйға тартуды жоспарлап отырған көрінеді.
Әрине, бұл – қалпақты көкке атып қуа­натын жағдай емес. Өскеменде өзгертілуге тиіс көше атауы әлі де жетерлік. Ондаған емес, жүздеген. Шаһарда 707 көше атауы болса, соның екі пайызы ғана қазақша. Сондықтан қала билігін ұстаған азаматтарға бұл бағытта атқарар шаруа ауқымды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста