Өскемендегі өнер колледжі өз тілімізге қашан мойын бұрады?

Өскемендегі өнер колледжі өз тілімізге қашан мойын бұрады?

Өскемендегі Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің шаңырақ көтерге­ніне биыл 56 жыл толады. Жарты ғасырдан астам уақыт мұғдарында киелі шаңырақ жас дарынды қас да­рын­ға айналдыру жолында аянған емес.
Бүгінде елімізді ән-күймен тер­бетіп жүрген талай тарландарды тәрбиелеп, қияға қанат қақтырған да – осы шаңырақ. Сан елге барып, сан марапат, сан жүлде иеленді. Мұхтар Шаханов айтқандай, бөдене талант­тың емес, шынайы талап пен ілкімді ізденіс­тің арқасында. Дегенмен бір қарағанда білікті ұстаздар бас қосқан, білімді шәкірт жиылған осы бір өнер ордасында мемлекеттік тілдің ахуалы мүшкіл дегенге сенгің келмейді. Бірақ ақиқаты – осы. Сенбесеңіз, бір мезет колледж ұстаз­дары өздері әзірлеп, сараптама жа­саған мына кестеге назар салыңыз.
Яғни колледждегі ұзын саны 110 ұстаздың 21-і ғана қазақ тілінде дәріс өткізе алады. Өнер колледжі директо­рының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Кәкееваның сөзіне сенсек, білім ордасындағы мемлекеттік тілдің көсегесінің көгермей отырғанына қазақ тілін еркін меңгерген маман кадрлердің жетіспеушілігі себеп. Кадрлер жоқ емес, бар. Алайда Аста­на мен Алматының жоғары оқу орын­дарын бітірген жас мамандар өзде­рін­е тиісті жағдай жасалмағаннан кейін облыс орталығына келгісі кел­мей­тіні рас. Оларға лайықты жағдай жа­сауға өздері мемлекеттің ақшасына қарап отырған колледждің шамасы кел­мейді. Білім ордасын өз қарауына ал­ған облыстық білім басқар­масы бас­шылығы бұл мәселеден бей­хабар секілді.
Осылайша шаһардағы өнерпаз­дар­ды даярлайтын бірден-бір білім ошағы мемлекеттік тілде дәріс беретін маман тапшылығын сезініп отыр. 1992 жылы білім ордасының тари­хында алғаш рет қазақ тілінде дәріс беретін қазақ халық аспаптары бөлімі ашылған болатын. Сырттан келген қандастарымыз бен алыс ауылдардан келген қаракөздері­міз­дің дені қазір осы бөлімде білім алуда.
Өйткені басқа бөлімдерде сабақ, негі­зінен, орыс тілінде жүргізіледі. Жүр­гізіл­мегенде қайтсін, ана тілімізде дәріс оқитын ұстаз жоқ. Оны колледж басшылығы да жасырмайды.
Екі рояль мен екі пианино қажет
Мемлекеттік тіл ғана емес, оқу орда­сында мемлекеттік тілдегі оқулықтар да жоқтың қасы. Оқулықты айтасыз, білім ошағының материалдық-техникалық ба­за­сы да көңіл көншітпейді. Құрал-жаб­дықтар мен аспаптардың көбі ескірген. Сатып алайын десе, бағалары удай. Бір ғана рояльдың құны 35 мың АҚШ дол­ларын құраса, пианиноның құны 5 мың АҚШ долларына жетіп жығылады екен. «Білім ордасына дәл қазір осындай екі рояль мен екі пианино қажет», – дейді директор.
– Ең керегі – осылар. Сосын ең болма­ғанда ескі автобус болса да, бір шағын автобус болса жақсы болар еді. Өйткені өзіңіз білесіз, облыстағы, қаладағы барлық іс-шаралар біздің колледждің өнерпаз­дарының қатысуынсыз өтпейді. Ән айтады, би билейді. Барлық іс-шарада біздің шы­ғармашылық ұжым жүреді. Сондықтан олардың әрі-бері жүріп тұруына қолайлы бір автобус керек, – дейді ол.
Әлмира Оралбекқызы, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің директоры:
– Менің ендігі ойым – колледждің материалдық-техникалық базасын көтеру. Тілге келсек, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз қазір мемлекет­тік тілде дәріс беретін мұғалімдерді іздеп жатырмыз.
Айнұр Кәкеева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
– Біздегі мұғалімдердің көбі – кезінде Ресейден келгендер. Өздеріңіз білесіздер, ол кездегі білім орыс тілінде берілді. Қазір қалада қазақ мектептері көбейіп, қазақтардың саны да артып келеді. Әсіресе қазақ тілінде музыка­лық білім алғысы келетін бала көп. Сондықтан мәселе туындаған жайы бар. Дегенмен мәселені шешуге тырысып жатырмыз.

P.S.
Қазақтың маңдайына домбыра мен қобыздан басқа аспапты игеру ғана жазылмаған шығар. Қазақ баласы да скрипка мен фортепьяноны игеріп, музыка әлеміне бойлағысы келеді. Олар да Марат Бисенбаев пен Айман Мұсаходжаева секілді төрткүл дүниені саз құдіретімен тербегісі келеді. Сондықтан облыстық білім басқармасы өнер колледжіндегі бүгінгі жағдайды бақылауға алып, тиісті шешім қабылдар деп сенеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста