Оралманды неге екіге бөліп қараймыз?

Оралманды неге екіге бөліп қараймыз?

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, «2011-2014 жылдары жыл сайын 10 мың отбасыға квота бөлінеді» деп бекітілген болатын. Алайда арадан көп уақыт өтпей, Үкімет бұл қаулыны кері қайтарып алды. Сөйтіп 2012 жылдың сәуірінде ҚР Үкіметі оралмандарға берілетін квотаны белгілі мерзімге дейін тоқтататын жаңа қаулы қабылдады. Енді араға екі жал салып, оралмандар көші қайта жалғасатын болды. Десе де бұл жолы, Үкімет оралмандар үшін көш талабының өзгергенін жеткізді.
Наурыздың 20-сында қабылданып, ақпарат құралдарында 1 сәуірде жарияланған «Оралмандарды жайғастыру өңірлерін айқындау туралы» деп аталалатын қаулығы сәйкес, енді оралмандар Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына көшіп келуі тиіс.
Үкіметтің мұндай шешім қабылдауының себебі, бұған дейін елге көшіп келген қандастарымыздың жартысынан көбі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысына шоғырланды. Алайда бұл аймақтарда халық саны онсыз да көп. Сондықтан жұмыс, баспана мәселесі бірқатар қиындықтар тудырған. Ал жаңа қаулыда белгіленген жеті облыста жыл кеткендердің саны көбейіп барады. Екіншіден, оралмандарға бұл облыстарда баспаналы болуға, шаруашылықпен шұғылдануға мүмкіндік мол. Сондай-ақ оралмандардың сол аймақта өмір бойы тұруы шарт емес.
Аслан ҚАРЖАУБАЕВ, Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары:
– Қаулы бойынша қандастарымыз көшіп барып қоныстанған өңірге өмір бойы тұруға міндетті емес. Жаңа заң бойынша 5 жыл тұрса жеткілікті, әрі қарай еркі бойынша басқа өңірлерге көшуіне болады. Сондай-ақ, аталған облыстарға барушы оралмандарды бірінші кезекте жұмыспен және баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл екеуі – оралмандарды ынталандыруға арналған негізгі мәселе. Тағы бір айта кетер жайт, оралмандарды орналастыруда олардың ой-талғамы ескеріледі. Қазір аталған әр облыс оралмандарды жайғастыру, оларға жағдай жасау бойынша бағдарлама әзірлеп жатыр. Жаңа заң бойынша әуелі ықтиярхат алуы керек, ықтиярхат алған соң бес күннің ішінде оралман мәртебесі беріледі. Ал оралман мәртебесін иеленушілер Қазақстан азаматтарымен бірдей әлеуметтік көмектер алады.

Алайда, оралмандардың әлеуметтік құқықтарымен айналысып жүрген қоғамдық ұйым өкілдері бұл шешім жеткіліксіз деген пікірде.Себебі шет елден көшіп келуші қазақтардың құқығы Ресей мен Белорусь елінен көшіп келетін қоныс аударушылардан да төмен. Себебі Ресей, Белорусь елдерімен Қазақстан арасында арнайы халықаралық келісім бар. Келісімге сәйкес, ол елдерден Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келушілер ықтияр хат не азаматтыққа өтініш беретін болса, оларға есеп шотында ақша болу талабы қойылмайды екен.
Базбір дерек көздер 2014 жылдың 29 наурызда шыққан Үкіметтің «Оралмандарды жайғастыру өңірлерін айқындау туралы» №248 қаулысы негізінде «Өзге өңірлерге келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру тоқтатылсын» деген бұйрықтың 8 сәуірден бастап күшіне енгенін айтады. Бұдан былай аталмыш жеті облыстан өзге аймақта тұруды қалайтын қандастар оралман ретінде көші-қон комитетіне емес, мигрант ретінде көші-қон полициясына барып тіркеледі. Ол жерде оларды көші-қон заңының жалпы шет елдіктерді тұрақты тіркеуге алу тармағы бойынша рәсімдейді. Яғни ол оралман емес, мигрант атанады. Ал ықтияр хат алар кезде шетел азаматы ретінде төлем қабілетін растауы қажет. Ол үшін оның есепшотында 2 миллион 444 мың теңге ақша болуы тиіс.
Жади ШАКЕНҰЛЫ, жазушы:
– Менің жеке пікірім, ұлттық-әлеуметтік мәселелерді ескеріп, оралмандарды еліміздің жеті облысына қоныстануға бағыттау дұрыс шешім. Өйткені, аталмыш аймақтарды мемлекет құраушы қазақ ұлтының өкілдері аз. Ол облыстардың бәрі де өзге елдермен шекаралас аймақтар. Бұл шешім, ұлттық тұрғыдан да, мемлекеттік тұрғыдан да, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да өте дұрыс шешім. Мұны өзге елдерден көшіп келетін қандастарымыз да дұрыс түсінуі тиіс. Ол аймақтарға көшіп келушілерді баспанамен қамтамсыз ету, оларға әлеуметтік көмек беру де қолайлы. Қандастарымызға мемлекет көмек көрсетіп отырған соң, олар да мемлекеттің ұстанған бағытын қолдап, шамасы келгенше, елге үлес қосуды да ойлауы керек. Ел, егер мемлекеттің көмегін қажет етпейтін болса, онда белгіленген жеті облыстан өзге аймаққа қоныстануына болады. Тек, мұндай жағдайда есеп шотында 2,5 млн ақшасы болуы тиіс деген талап артықтау сияқты. Меніңше, өзге аймақтарға көшіп келуді қалайтын ағайынға ондай талап қойылмаған дұрыс болар еді-ау!

Расымен де, ұлттық-қауіпсіздікті ескере отырып, оралмандарды қажет аймақтарға орналастырған дұрыс-ақ. Десе де, Үкіметтен көмек сұрамай, өз күшімен өзге өңірге қоныстанғысы келетін қандастарымызға қойылатын талапты жеңілдетіп, оралмандарға азаматтық беру мерзімін де азайтсақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста