Қалалық мәслихаттың шешімімен Жайық жағасындағы көне шаһардың он көшесіне өлкеге танымал азаматтардың есімдері берілді.
Мәселен, мағынасы бұлыңғыр Макетная енді көрнекті қазақ қаламгері Мұқадес Есламғалиұлы көшесі болып аталады. Сонымен қатар Дарьинск көшесіне суретші Сәкен Ғұмаровтың, Садоваяға – ақын Сатыбалды Дауымовтың, Соболевқа – бұрынғы аудан басшысы Кенжебек Меңдалиевтің, Крестьянскаяға – қоғам қайраткері Рахметолла Егізбаевтың, Железнодорожнаяға – журналист Наурызғали Сыдықовтың есімдері берілді. Крылатская көшесі – Мәжікен Бутин, Алтай – Шолақ Артығалиев, Лиманная – Қайша Миханова, Вальковая – Сәрсен Ақмұрзин көшелері боп өзгертілді.