Өмірі өнеге болған дара тұлға

Газетіміздің қаңтардың 12-сі күнгі саны Қазақстанның кеңестік дәуірдегі басшысы болған аса көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына арналған болатын. Бұл нөмірде басшылық қызметімен, ұстанған саясатымен, жеке адамгершілік қасиеттерімен халқына сыйлы болған тұлғаның өмір жолы мен тағылымына қатысты материалдар жарияланған еді. «Алаш айнасының» осы мерейтойлық санына орай, редакцияға өз ризашылығын білдірген оқырмандар жиі хабарласып жатыр. Бүгін солардың бірі – Алматы облысында ауыл мұғалімі болып қызмет ететін Қайырбек Сағынаевтың лебізін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баев жуырда Алматыда салтанатты жағ­дайда Дінмұхаммед Ахметұлы Қо­наев­тың 100 жылдығын тойлауға арнал­ған ша­ра­ларды бастап берген болатын. Мемлекет бас­шысының: «Димекең – Тәуелсіздікке де­йін­гі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы», – де­уі Қонаев есімінің халқымыз үшін қан­ша­лықты ұлы екенін айғақтап тұр. Бірақ оның өзі өмірден: «Билікке көтерілдім, бі­рақ халықтан аласа екенімді ешқашан ұмыт­падым», – деп өткен еді. Дінмұхаммед Ах­метұлының Англияға барған сапарында пре­мьер-министр Уинстон Черчилльдің «Қа­зақтың бәрі ірі ме?» деген сұрағына: «Хал­қымның бәрі ірі, бірақ мен ең кі­шісімін», – дегені оның халқына адалдығын да меңзейді. «Халық – түтінімді түтетіп, қай­та оралатын жерім. Халқым мені көтер­ді, би­лікке ұсынды. Менің бағамды беретін – халық», – деген болатын ол. Қонаев – қа­зақ мемлекетін құрушы Керей, Жәнібек, Абы­лай сияқты ұлы хандармен қатар тұ­ра­тын тұлға. Жібі түзу, жаны таза адам кез келген билікте болсын, биікте болсын, өз ар-ожданын жоғары сақтап қалады. Тарих боямалауды көтермейді. Кез келген уақытта Д.А.Қонаевтың есімі біз үшін биікте тұра бер­мек. Өйткені ол ұлты үшін, ұрпағы үшін қыз­мет етудің ең жоғарғы үлгісін көрсетті. Ұр­пақтар бірлігі мен ата-бабадан қалған рухани қасиеттерді дәріптеу ол кісінің өмірлік идеясы болған еді. Қонаевтың ізгі тағылымы, жарқын жүзі, дидарлы кейпі бо­лашақ ұрпақтың да мәңгілік есінен кет­пеуі керек.

Қайырбек САҒЫНАЕВ, Алматы облысы Райымбек ауданы, Тоғызбұлақ ауылы, Қ.Байғабылұлы атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста