Нұрсұлтан Назарбаев адам бойындағы қандай қасиетті бағалайтынын айтты
Қазақстанның тұңғыш президенті &ndash Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Штрихи к портрету" фильмінің үшінші бөлімінде адам бойында бағалайтын үш қасиетті атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
 
"Біріншісі &ndash достықтағы адалдық. Егер дос болса, ол адал болуы қажет. Екіншісі &ndash кәсібилікті өте қатты жақсы көремін. Адам өзі кіріскен істі білуге тиіс. Үшіншісі &ndash мейірім. Адам кешіре білуі керек, мейірімді болып, көмектесе білгені жөн", - деді Елбасы сұқбат барысында.
 
Көк түсті жақсы көреді
 
"Көк түсті жақсы көремін. Аспан көк болғандықтан шығар... Көк түсті жейделерді, қанық көк түсті пиджак пен костюмдерді жақсы көремін. Бұл күнделікті түстер. Одан бөлек ақ пен қара түсті жақсы көремін, олар &ndash ресми кездесулерге арналған ресми түстер. Сол себепті ең жақсы көретін түстерім &ndash көк пен қанық көк", - деді Елбасы сұқбатында.
 
Сонымен қатар сұқбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев қазір қандай фильм көріп жүргенін айтты.
 
"Үйде отырған кезде әртүрлі фильм көресің. Маған шынайы фильмдер ұнайды. Бұрын махаббат туралы мелодрамалар ұнайтын, ал қазір ер адамдарға арналған атыс-шабыс жанрындағы фильмдер ұнайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 
Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті жыл мезгілдері арасында көктемді ерекше жақсы көретінін айтты.