Бірнеше күн ыстықтан кейін бүгін кешке Қостанайға жаңбыр мен бұршақ жауды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Бағдаршамның дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты көшелерде көлік жүргізу қиынға соқты.
Бірақ полицейлер жолдағы жүргізушілерді қорғау және жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.
Қазіргі уақытта ауа-райы қалыпқа келді, полиция қызметкерлері штаттық режимде қызмет етуді жалғастыруда.