Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін бұзған күдікті Азамат Батырбаев өзін азаптаушыларды таныды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz оның адвокатына сілтеме жасап.
Батырбаевтың адвокаты Бауыржан Асановтың сөзінше, кінәлілер анықталды.
"Батырбаев Азамат өзін азаптаған адамдарды таныды", – деп жазды Азанов Facebook-те.
Еске сала кетейік, Азамат Батырбаев 5 қаңтарда Талдықорған қаласындағы наразылық акциясына қатысқан. Басқа наразылық білдірушілермен бірге ол Назарбаев ескерткішін қиратты.
37 жастағы ер адамды құқық қорғау органдары ұстады.
Instagram желісіндегі "Белсенділер белсенді емес" парақшасында Батырбаевты наразылық акциясынан кейін полиция қызметкерлері ұстап алып, ұрып-соққаны, ыстық үтікпен азаптағаны хабарланған болатын.
Еске сала кетсек, БАҚ-та жазықсыз жазаланып, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан соққыға жығылған азаматтар туралы жаңалықтар шығып жатыр. Соның бірі Талдықорғанның 37 жастағы тұрғыны, бес баланың әкесі Азамат Батырбаев. Ол митингке қатысқаннан кейін аяусыз азапталған. Хабарланғандай, ер адам қамауға алынғаннан кейін құқыққорғаушылар оны соққыға жығып, аяусыз азаптаған. Азамат Батырбаевтың денесіне қыздырылған үтік басылған.