«Науқастар мектебінің» пайдасы

«Науқастар мектебінің» пайдасы

Алматы қаласы Медеу аудандық туберкулезге қарсы қалалық диспансерінде 2012 жылдың ақпан айынан бастап «Науқастар мектебі» ұйымдастырылып, жемісті жұмыс істеп келеді.
«Науқастар мектебінде» туберкулез ауруы жайлы толық ақпарат алуға барлық мүмкіншілік қарастырылған. Мектеп теледидар, DVD, компьютер және науқас­тар­ға қажетті әртүрлі жаднамалар, кітап­ша­лар, үндеулермен қамтамасыз етілген.
Әрбір науқас, науқастың туыстары және олармен араласатын адамдар өз қалау­лары бойынша жалпы туберкулез ауруы туралы, оның таралу жолдары, тексе­рілу түрлері, қалай емделу керектігі және емнің ұзақтығы, ем алу барысында адам ағзасында болуы мүмкін өзгерістер және де науқасты толғандыратын басқа да көптеген сұрақтар жайлы толық ақпарат ала алады.
Өздеріңізге белгілі туберкулез ауруы ұзақ уақыт емделеді, ал емнің ұзақтығы аурудың таралу үдерісіне байланысты болады.
«Науқастар мектебі де» тек ересектер ғана емес, диспансерлік есепте тұратын (туб­вираж, гиперпроба, химио­про­фи­лак­ти­камен) балалардың ата-аналары да толықтай ақпарат ала алады.
Мектебіміздің бекітілген дәрістер тізімі бар. Оның ішінде, мысалы, туберкулез ауруы­на қарсы препараттар, туберкулезді емдеудегі негізгі әдістер, науқастың дәрі­гердің үздіксіз қарауында болуы, науқас­тың емделу процесіндегі өзін-өзі бақы­лауы, зиянды әдеттер тағы да басқа тақы­­рыптар қамтылған. Сонымен қатар «Нау­қастар мектебінде» жүргізілген әңгі­мелерден кейін әртүрлі сауалнамалар жүргізіліп отырады. Сауалнама нәтижелері көрсеткеніндей, өкінішке қарай, көптеген адамдар, бұл жұқпалы ауру жайлы әлі де көп біле бермейді. Мысалы, сауалнамадағы «өзіңіз туберкулезбен ауырып қалсаңыз не істейсіз?» деген сұраққа көп адам өз беттерінше емделетіндіктерін айтады. Соны­мен қатар туберкулез ауруына тексе­рілу мен емделудің тегін екендігін екінің бірі біле бермейді.
«Науқастар мектебінің» бір жылға жуық жүргізген жұмысы жұртшылық көңілінен шықты. Бұл, әрине, өте аз уақыт, алда атқа­рылатын жұмыстар, әртүрлі шаралар күтіп тұр. Науқастардың саналы түрде, өз ауруы­мен күресу үдерісіне қатысқаны жөн. Әрбір адам ауырған сәттен бастап ем соңына дейін жауапкершілікпен ем қабылдаса, «Нау­қастар мектебінің» негізгі жеткен жетіс­тігі де сол болмақ.
Гүлнара ӘЛІМОВА, Медеу аудандық қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің «Науқастар мектебінің» үйлестірушісі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста