Музыкамен емдеу тәсілі насихатталды

Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатында жуырда аты да, заты да ерекше кеш өтті. «Музыка – адам жанының емшісі» атты психологиялық кештің дәл осы білім ошағында өткізілуінің өзіндік себебі бар.
Болашақ музыка мамандарын дайын­дап жатқан мектептің бұл бастамасы қол­дауға тұрарлық.
Өйткені «әсем ән мен тәтті күйдің» адам денсаулығын жақсартып алдын алуда, біле білген жанға құдіреті керемет. Кезінде осы сынды жанға дауа емдік тәсіл бар екендігі айтылып қалып жүрсе де, тәжірибе жүзінде онша ешкім қолға ала бермейтін. Ал қазір әлем ғалымдары зерттеу жүргізіп, адамдар­ды тек дәрі-дәрмекпен ғана емес, музы­камен емдеудің тиімділігін насихаттай бастады. Ұлы Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар...» деп жырлағанын білмейтін қазақ жоқ. Абай әсем әуеннің тек жүрек пен көңілді ғана жылытып қоймай, тән мен жанға ем екенін білмеді ме, білді.
Мысал келтіре кетейік, дүние есігін аш­қалы жатқан шақалақты анасының жаты­рынан әнмен «қарсы алса», ол сәбиге пай­да­лы әрі әйелдің толғағын айтарлықтай жеңілдетеді екен. Ол тәжірибе жүзінде дәлелденген.
«Музыка – адам жанының емшісі» атты психологиялық кеште осы сынды тың тәсіл­дер мен түрлі тақырыптар сөз болды. Кешке психология ғылымының кандидаты, доцент Б.Жігітбекова, Абай атындағы Қа­зақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы С.Түкебаева және меди­цина ғылымының кандидаты, профессор У.Мұқашев қатысты. Ат шаптырымдай болатын зал лық толды. Оқушылардың көкейлерінде жатқан сауалдар сан алуан екен. Ал, жалпы айтқанда, барлығы дерлік музыканың адам жаны мен денсаулығына пайдасы төңірегінде болды.
Ғани Сапарбаев, шараны ұйымдасты­рушы музыкант әрі психолог маман:
– Ешкімге жасырын емес, қазір мына қым-қуыт алмағайып заманда жүйкесі сыр бергендер көп-ақ. Іште бұғып жат­қан шердің ақырында түрлі ауруларға әкеп соқтыратынын да барша біледі. Дерті асқынған жан, амал жоқ, дәрігер­ге жүгіреді. Ал олар дәрі-дәрмекпен ем­дей­ді. Осындай пайдасынан зияны көп нәрседен аулақ жүру үшін кім-кім­нің де жаны жырмен жазылса, жақсы емес пе? Мақсатымыз осы еді: музыка­ның қадір-қасиетін мейлінше арттырып, жас буынды соған тәрбиелеу.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста