Мұсылман әлеміне айтшылап қайтсақ...

Қасиетті Құрбан айт – дүниежүзіндегі 1,5 миллиардтан астам мұсылман баласы үшін ұлық мереке. Бүкіл әлем бойынша БҰҰ-ға мүше тәуелсіз елдердің қатарында 51 мұсылман мемлекеті бар деп есептеледі. Мұсылман елдерінің көпшілігінде дерлік Құрбан айт мейрамы мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі. Күллі мұсылман қауымын ізгілік пен мейірімділікке жетелейтін қасиетті Құрбан айт мерекесінің әр елде тойлануының салт-дәстүрлік ерекшеліктері өз алдына бір әңгіме. Ендеше, әлемдегі Құрбан айт мейрамына этнографиялық қысқаша шолу жасап, «айттап» қайтсақ.

Сауд Арабиясындағы құрбандық шалу жобасы
Араб елдерінде, Сауд арабиясында Құрбан айт мерекесі «Ид әл-Адха» деп аталады. Арнайы жоба бойынша былтырлары бұл Мекке түбіндегі аса үлкен «әл-Муайсам» қасапханасында 700 мыңнан астам қой, 10 мыңнан аса ірі қара мен түйе құрбандыққа шалыныпты. «Әл-Муайсам» қасапханасындағы құрбандық шалу рәсіміне 18 мың қасапшы, 730 ветеринар, 77 шақты дін оқуында жүрген студенттер атсалысқан екен. Жалпы, бұл жоба аясында 1983 жылдан бері 4 миллионнан астам мал құрбандыққа шалынған.

Марокколықтар әндетіп айттайды
Мағырыптағы, яғни Солтүстік Африка елі Мароккода Құрбан айт мерекесі Ид әл-Бабыр деп аталады. Бойына жақсы киімдерін киген марокколықтар таң ата айт намазын оқу үшін мешітке ағылады. Айт намазынан кейін олар көшеге жиналып, Аллаға тәкбір айтады. Бұдан соң имамның уағызын тыңдап, Құран сүрелерін оқып, салат әл-идайн ғибадатын орындайды. Мешіттегі құлшылық-ғибадатын орындаған жамағат зират басына барып, ата-бабасына Құран бағыштайды. Содан кейін құрбан шалу рәсіміне кіріседі. Марокколық мұсылмандардың бір ерекшелігі – айтта болсын, қуанышты-қайғылы күндері болсын әуендетіп жүреді.

Мысырлықтардікі бізге ұқсас
Мысырлықтардың мәрттігі, құрбандық шалу рәсімі бізге ұқсас. Мысырлықтар құрбандық шалғаннан кейін көшеге өткен-кеткендер ауыз тиюі үшін мерекелік дастарқан жайып тастайды екен. Әдетте құрбандыққа сойылған мал еті кедей-кепшіктерге үлестіріледі. Бұл дәстүр худойя немесе садақа деп аталады. Қазақша айтқанда құдайы садақа болса керек.

Қытайда Құрбан айтта құрбандық мал қымбаттамайды
Қытайдың аз санды ұлттар арасындағы дінге мығымы – дүнгендер. «Гансу», «Чиңхай» сынды дүнгендердің көптеп қоныстанған өлкелердің дінге беріктігінің арқасында сол өңірде тұратын сан мыңдаған қытайлардың өздері дінді тұтастай қабылдап кетпесе де, «шошқа етін жемеу» сияқты мұсылмандардың қатаң ұстанатын қағидаларын өмір тұрмысына қазық қып қағып алған. Қытайдың Ислам салтына «бейім» осындай тұрғындары бар «Гансу» өлкесіндегі «Лин шиен» ауданын қытай дүнгендері – «Қытай Меккесі» деп атайды. Қытайдың солтүстік-шығысындағы ең ірі қалаларының бірі Шэнянь қаласында үш мешіт бар. Шэняньдық мұсылмандар құрбандықтарын үйлерінде шалмайды. Оған мүмкіндік те жоқ... Бір қызығы, шэняньдық мұсылмандар біздегідей мал бағасын құрбандық қарсаңында қымбаттату сияқты «қатерді» әзірге білмейді.

Түріктер дәстүрге мықты
Түркия халқының 99% мұсылман болғандықтан, Ислам дінінің негізгі мейрамдары кезінде 5-10 күнге дейін демалыс жарияланады. Түркияның қолы ашық азаматтарының Африка елдері, Ауғанстан, Пәкстан, Бангладеш т.б. кедей елдерге құрбан шалдыруы әдеттегі жағдайға айналды. Жалпы, Құрбан айтта кішілер үлкендердің үйлеріне соғып, құрметті кісілердің қолын сүйіп, маңдайына қояды. Бұл – мағынасы тереңге кететін түрік әдеті. Осы дәстүрді орындау үшін отбасының сыртта жүрген балалары отбасын алып, ұзақ жолдан келіп жатады.

Керек дерек
Араб елдерінде мұсылмандардың 18 пайызы тұрады. Мұсылмандардың жартысы Солтүстік Африкада тұрса, 30 пайызы Пәкстан мен Бангладеште тұрады. Ал мұсылмандарының саны жағынан Индонезия бірінші орын алады.

Айтта айтарымыз:
Биылғы жылдың басында Голландиядағы Роттердам бургомистрі Ахмед Абуталиб Құрбан айт пен Ораза айт мейрамдарын мемлекеттік мереке ретінде атап өтуді ұсынған еді. Бұл бастаманың келешекте іске асарына күмән жоқ. Өйткені күллі әлем исламдық рухани жөн-жоралғыларға мұқтаж.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста