Мұрат мешіт салдырды

Қарағанды аймағындағы Шет ауданы Жұмыскер аталған алақандай ауылды Ораза айт күні Алла жарылқады. Қасиетті Ораза айттың екінші күні Жұмыскерге жұрт жұдырықтай жұмыла жиналды. Алланың жердегі үйі – мешіттің ашылуы ауылдағы азғантай ағайынды бек қуанышқа бөледі. Мешітті өз қаржысына тұрғызып, жамағатқа тарту еткен сол ауылдан шыққан азамат, белгілі кәсіпкер – Мұрат Қайыпханұлы Жадаев. Мырза жігіт Мұратқа сол күні алғыс жаудырмаған жан қалмады. Әлбетте, «Сүйінетін ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол» деген ғой Абай хакім.
Құранда Тәубе сүресінің 18-аятында: «Расында, Алланың мешіттерін Аллаға жә­не ақырет күніне иман келтірген, сон­дай-ақ намаз оқып, зекет берген және тек Ал­ладан ғана қорқатын (пенде) тұр­ғы­зады. Шын мәнінде, олар тура жол тап­қандар» дейді. Бұл турасында Пай­ғам­ба­рымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Кім­де-кім жер бетінде Ал­ланың үйін салуға ат­са­лыс­са, Аллаһ Та­ға­ла ол кісіге жұмақтан орын дайындайды», – деп айтылған.
Мұрат Қайыпханұлы мешіт тұрғызуды өзіне мақтан көрмейтінін айтады. Бірінші­ден, Алланың ри­залығы үшін, екіншіден, өмір­­ден жас кет­кен әкенің аруағы риза бо­луы үшін, үшін­шіден, осындай азамат етіп тәрбие­ле­ген ана­сының құрметі үшін туған то­пы­ра­ғында мешіт салуға бел буған кө­рінеді. Өзі бас­шылық ететін «Матан» ЖШС-нің білікті мамандары арқылы тұрғызылған мешіттің жобасы өзінің жүрегінен жарып шыққан жоба екенін жеткізді.
Мұрат ЖАДАЕВ, кәсіпкер:
–Мешіт салып, мақтанайын деге­нім жоқ. Ең бірінші, Алланың ризалығы үшін тұр­ғыздым. Содан кейін бұ дү­ние­ден не­бәрі 28 жасында бақилық бол­ған әкемнің ар­уағы риза болсын де­дім. Сосын мені осы күнге жеткізген анам­ның құр­метіне арнадым. Ме­шіттің құр­лысына тек мықты ше­бер­лер­ді жұ­мыл­дыр­дым. Өйт­кені мешіттің құ­рылысы сапалы болуы тиіс деп түйдім.Сон­дай-ақ қазақ үшін үш қастерлі ұғым бар. Ол – тілі, діні, салт-дәстүр мәдениеті. Мен осы үшеуін исламмен үйлестіргім кел­ді. Сондықтан да оның төрт мұна­ра­сына да қазақтың ұлттық ою-өрнек­те­рін бей­не­ле­дім. Мешіттің іші де ұлттық салт-дәс­түр­мен үндесіп тұр. Табанында қазақ­тың сегіз бұрышы жатыр.

«Матан» ЖШС – елдегі көпір жол­да­ры­ның құрылысымен шұғылданатын бірден-бір іргелі кәсіпорын. Жалпы, мешіт құ­ры­лысына 60 млн теңге шамасында қаржы жұм­салыпты. Мұрат мырза «мәселе ақша да емес. Ол бұл арада маңызды емес» дей­ді. Мешіттің ашылу салтанатына ар­найы кел­ген қонақтар өз кезегінде тарту-тарал­ғы­ларын мешіт пен Мұрат Қайыпханұлына табыстап жатты.
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, қалалық орталық мешіттің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мешіттің ашылу салтанатында құран бағыштаса, ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің мең­ге­рушісі Ершат Оңғаров ме­шіт­тің ресми тіркелгендігі туралы құжатын тап­сырды.
Ершат ОҢҒАРОВ, ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, теолог:
– Аллаға мың да бір шүкір, қазіргі таң­да елімізде мұнаралары мен күмбез­де­рі көкке ұмтылған мешіт­те­ріміз көбе­йіп келеді. Тәуелсіздік алған күн­нен бері елі­­міз­дің барлық облыс ор­талық­та­­рын­да, қалалар мен ауыл­дарда жа­ңа­дан зәу­лім-зәулім ме­шіттер бой кө­тер­ді. Мұ­ның барлығы да Алланың қа­­­ла­­­уы­мен жүре­гіне иман үйі­рілген, жо­­март азамат­тардың кө­мегімен жүзеге асу­да.

Қарағанды облысында 110 мешіт бол­са, оның 17-сі Шет ауданында екен. Жұ­мыс­­керде ашылған мешіт 18-інші көрінеді.
Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі Рысқали Әбдікеров кәсіпкерге ауыл хал­қының атынан алғысын айтып, иығына ша­пан жапты. Мешітке компьютер сый­ла­ды.
Рысқали ӘБДІКЕРОВ, Шет ауданының әкімі:
– Мұрат Қайыпханұлы сауапты іс жа­сап отыр. Оған ел де, жер де куә. Мұ­рат Қайыпханұлына аудан әкімдігі жә­не аудандық мәслихат атынан алғыс айтамыз.

Қазақы дәстүрмен ақ жаулықты әже­лер шашу шашып, бата да берілді. Жұрты жа­былып, атымтай ұлын құшақтарына кезек-кезек басып жатты. Ал ауылдың жастары ерледі. Атымтай ағаларына ат мінгізді. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» деген осы шығар дестік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста