Мұнай-газ мамандарын даярлау – маңызды іс

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлт болашағы мен мемлекет қауіпсіздігі мүддесінде көмірсутегі шикізатының стратегиялық «резервін» құру» керек екендігін және еліміздің өркендеп-дамуы үшін «Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар» ұстауы керектігін жеткізді.
Еліміздің мұнай-газ секторын серпінді дамыту бағытында 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама қабылданып, мұ­най-газ саласында ғылым мен инжини­ринг­ті дамыту, болашақ жобаларды иге­ру­ге және жаңа өндірістер үшін барлық дең­гейлі қажетті білікті мамандарды да­йын­дау мәселелері де көрсетілген.
Бағдарламаны дайындау барысындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүргізген сарапта­ма­сы бойынша қазақстандық верфьтердің жұмыс істеуі үшін жақын арадағы бес жылда 15 000 білікті кадр қажет деп таныл­са, Shell Development Kashagan бол­жамы бойынша ТСО, КРО b.v. компа­ния­ла­рының, Жемчужина, Қашаған кен ор­ын­дарында білікті жұмыс күшіне деген сұраныс 60 мың адамға дейін өсуі мүмкін екенін көрсетеді.
Қазіргі уақытта, мұнай-газ және мұ­най-химия салалары үшін инженерлік-тех­никалық профильді ұлттық кадрларын даярлау төрт негізгі жоғары оқу орында­рын­да жүргізілуде:
– Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,
– Қазақстан-Британ техникалық университеті,
– Атырау мұнай және газ институты,
– М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ­стан мемлекеттік университеті.
Өкінішке орай Қазақстан Республика­сын­да мұнай-газ секторын дамыту жөнін­дегі 2010-2014 жылдарға арналған бағ­дар­ла­маны іске асыру жөніндегі іс-ша­ра­лар жоспарында Білікті кадрлық ресурс­тармен қамтамасыз ету және мұнай-газ са­ласындағы ғылым және инжинирингті дамыту бағыттарына арнайы қаражат қа­рас­тырылмаған.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық тех­никалық университеті (ҚазҰТУ) про­фес­сор Ж.М. Әділовтың басшылығымен мұнай-газ саласына жоғары білікті, зама­науи талаптарына сай мамандарды уни­вер­ситет қабырғасындағы Қ.Тұрысов атын­дағы Геология және мұнай-газ ісі ин­ститутында мұнай-газ ісі мамандығы бо­йынша бакалаврлар, магистрлер мен PhD докторлар дайындау алға қойылған.
Қазіргі уақытта мұнай-газ ісі, мұнай химиясы және мұнай мен газды өндіру­дің химиялық технологиясы мамандықта­ры­нан бакалавр, магистр және PhD док­тор­ларын дайындау ісімен алты кафедрада дәріс беретін 5 академик, 9 профессор, ғы­лым докторы, 32 ғылым кандидаты жә­не 44 оқытушы айналысып, жыл сайын 500-ден аса түлектерге кәсіби мамандық­тарын анықтаған құжаттарын беруде.
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ қабыр­ғасындағы мұнай-газ ісі мамандығы 2011 жылдан бастап ASIIN (Германия) мен АВЕТ (АҚШ) халықаралық аккредитация сына­ғы­нан өту мақсатында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Сонымен катар мұнай-газ ісі мамандығын дайындау стандарттары әр оқу жылдарында университеттегі ішкі ау­дит пен «Орыс реестрі» тексеруінен өткен.
Университет мұнай-газ өндірісінде қо­мақты орны бар шетелдік компания­лар­мен тығыз қарым-қатынас орнатып, олар­дың қол­да­уы­мен заманауи қондырғылар мен мо­дель­дік программаларды пайдала­нып отыр. Эксонмобил, ШлюмбержеШев­рон компаниясы студенттер мен магис­трант­тарға жыл сайын стипендия беріп, оқыту­шы­лар құрамы үшін екі жылдық тегін ағылшын курсын ұйымдастырып, демеу­шілік көмек ретінде мұнай- газ маман­дық­тарының студенттері, магистрлері мен док­торанттарына ғылыми жұмыспен ай­на­лысуға және оқу-зертханалық жұмыс­тарға арналған соңғы жаңа технология­дағы құ­рыл­ғылар алып беріп отыр.
Сонымен бірге Шлюмберж компания­сы мұнай-газ кеніштері резервуарларын модельдеуге арналған программалар, Ад­жип компаниясы өздігінен жүретін бұрғы қондырғысын сыйлап отыр. Қарашығанақ оперейтинг, CNPC тағы сол сияқты халық­аралық компаниялар студенттерді өндіріс­тік тәжірибеден өткізіп, студенттер­дің ақ­ша­сын төлеп оқытуда.
Студенттердің кәсіби біліктілігін арт­тыру мақсатында ұңғыларды бұрғылаудың техникасы мен технологиясы кафедрасы (кафедра меңгерушісі Қасенов А.Қ.) мен мұнай және газ кәсібінің машиналары мен қондырғылары кафедрасында (кафедра меңгерушісі Мырзахметов Б.Ә.) мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және ұң­ғыманы жөндеу пәні бойынша әртүрлі өн­дірістік қондырғыларды жоғары дәреже­де модельдеуге мүмкіндік беретін «Бұрғы­лау процесінің 221-имитаторы» және «Ұң­ғыманы күрделі жөндеу АМТ-401 ими­та­торы» орналастырылған, сондай-ақ олар апаттық жағдайларды макеттер не­ме­се мұнай өнеркәсіптік жабдықтардың жеке­леген түйіндері деңгейінде нақты көр­сете алады. Сонымен қатар техника ғы­лымда­рының докторы, профессор Е.С. Орын­ғо­жин жетекшілігіндегі мұнай және газ кен орындарын игеру кафедрасында осы оқу жылында ғылыми-оқу барысына арналған – «Газ және газконденсат өнді­ру» және «Базалық интегралды жерасты гидроме­ханикалық зертхана» атты екі зертхана ашылды.
Болашақ мамандардың оқу-танымдық тәжірибелерін арттыру мақсатында Қап­ша­ғай қаласындағы оқу-тәжірибелік по­ли­гонда сынақ алаңы ұйымдастырылған және қазіргі таңда шәкірттердің жан-жақ­ты тәжірибе жинақтауына жұмыс жасауда.
Университетте халықаралық ғылыми бай­ланыстар, жақын және алыс шетел­дер­дегі көшбасшы ғалымдарымен кең ауқым­дағы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бере­ді. 2008 жылдың мамыр айында Фран­ция­ның Нанси университетімен және қа­зақ-француз серіктестігінің меморан­ду­мына геоэнергетика саласына байла­ныс­ты ғылыми-оқу орталығын құру тура­лы, ал 2010 жылдың маусым айында «Екі дип­ломды білім» бағдарламасына сәйкес ке­лі­сімшарт жасалды. Геоэнергетика саласын­дағы серіктестікті дамытуды бірлесе қолға ала отырып және осы сферадағы ғылыми зерттеулерді және білім алуды дамыту мақсатымен 2011 жылдың 14 мамырында қазақ-француз «Гео-энергетика» ғылыми-оқу орталығын құру мақсатында Ұлттық политехникалық Лотарингия университеті­мен және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен үшжақты келісімшартқа қол қойылды. Орталықтың мақсаты – ғылыми және бі­лімді мамандарын дайындау және мұнай-газ, геология және энергиялық ресурстар саласындағы шетелдік ғылыми-педагоги­калық мамандарды еуропалық білім беру­дің технологиялық жүйелерін қолдана отырып, осы университеттер бірлестігінің ұйымдастырушысы француздық профес­сор Михаил Панфиловтың және универ­ситетіміздің PhD докторы Т.А. Еңсепбаев­тың басшылығымен халықаралық «Жерас­ты энергоресурстарының кен орындарын игеру» мамандығы бойынша магистратура дайындау ісі жалғасуда.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Американың Денвер қаласындағы Колорадо тау-кен мектебінің арасында біліктілік оқу-тәжіри­бе­сін жинау жайындағы келісімшарт жа­сал­ды. Жыл сайын бірнеше оқытушыларға осы Колорадо тау-кен мектебінде оқу-тәжі­ри­белік білім алмасып келу про­цесі қалып­тасқан.
Университеттің ақпараттық-кітапхана­лық қоры ресми көздерден, ақпараттық-библиографиялық көмекші құралдардан, кезеңдік басылымдардан, мамандық бо­йынша стандарттардан, нормативті-нұс­қаулық құжаттардан, сондай-ақ қажетті мамандық профилі бойынша заңдық құ­жаттардан жинақталған. Әлемдік Freedom Collection Elzevier, Thomson Reuters, Sprin­gerLink, Science, Эталон, Параграф, Pol­pred.com ақпараттық білім беру ресурс­тары алға қойылған.
Компьютерлік техниканы қолданудың тиімділігі айтарлықтай жоғары дәрежеде. Компьютерлердің сапасы мен саны, жер­гілікті желіге біріктірілген және INTERNET желісіне қосылған, сонымен қатар жаңа WEB-технологиялардың қолданылуы жа­йында ақпараттар қарастырылған.
Ерік БЕСІМБАЕВ, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті  Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының директоры, техника ғылымының докторы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста