Мүгедектер үшін қашықтан білім беретін жүйе жасалды

Мүгедектер үшін қашықтан білім беретін жүйе жасалды

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар толыққанды білім ала алмай отыр. Себебі елімізде мүгедектерге білім берудің бірыңғай жүйесі жасалмаған. Бұл туралы кеше Алматыда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған қашықтықтан білім беру жобасын таныстыру барысында айтылды.
Деректерге қарағанда, бүгінде Қазақ­стан­да бір миллионнан астам мүмкіндігі шек­теулі жан бар екен. Жыл сайын ша­ма­мен 34 000 адам түрлі деңгейде мүгедек ата­нады. Сондай-ақ 47 000 сәби іштен мү­ге­дек болып туылады. Ал енді осы мүм­кін­дігі шектеулі жандардың білім алу көр­сет­кіші қандай? Әрине, бірден мәз емес деп айтуға болады. Мәселен, жыл сайын Қа­зақ­станда мыңдаған мүмкіндігі шектеулі жан­­ның бар-жоғы 100-ге жуығы ғана жо­ға­­­ры білімге қол жет­кізеді екен. Ма­ман­дар­дың сөзіне қа­рағ­анда, мұндай жағ­дай­дың орын алуы­на, ең алдымен, мемлекетте мүмкіндігі шектеулі жандарға бірыңғай білім беру жүйесінің дұрыс қалып­тас­па­ған­­дығы себеп болып отыр. Соның сал­да­рынан қазір жоғары оқу орындарында бі­лім алып жатқан мүге­дектердің саны сау­сақпен санарлық қана. Сондай-ақ елі­міз­дегі білім беру ошақтарында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жағдай жа­сал­ма­ған. Оған мысал, қарапайым мү­ге­дек азаматтар оқу ғимаратының ішінде емін-еркін жүріп-тұра алмайды. Бұл – бір. Екін­шіден, мүгедектермен жұмыс істейтін ма­ман­дар кез келген білім ордаларында жоқ. Ал аталған азаматтармен арнайы пси­хо­ло­­гиялық дайындығы бар маманның жұ­мыс іс­теуі қажет екені айтпаса да тү­сінікті. Үшін­шіден, мүгедектерге оқуға тү­су үшін тек ар­наулы мамандықтар бо­йын­ша грант­тар бө­лінеді. Бұл да, негізінен, олар­дың мүм­кіндігі мен білім алуға деген ниетін шек­тейді. «Тұран» университетінің ректоры Рах­ман Алшанов мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тарға ар­налған қашықтан білім беру жо­басының соң­ғысы осы мәселелерді ес­ке­ріп жасал­ғанын айтты.

Рахман АЛШАНОВ, ЖОО қауымдастығының президенті:
– Бұл жоба бойынша кез келген азамат орта, арнаулы, жоғары оқу орындары, магистратура, докторантура бойынша бі­лім ала алады. Сондай-ақ оқуға тап­сы­ру­ға да­йындалуына мүмкіндігі бар. Оқуға тү­сетін талапкерлердің жас ерек­шелігі ес­ке­рілмеді. Қазір біздің жобамызды Білім жә­не ғылым министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистр­лігі қолдап отыр. Қаржылай қолдау көр­сетуге біраз компаниялар да дайын. Қа­шықтықтан білім беру жобасының маңызы зор. Бұл жоба биылдан бастап іске қосылады. Оқу барысында біз тағы да жүйені толықтыра түсеміз. Сондай-ақ қазір Білім және ғылым министрлігімен оқу бағасын арзандату туралы келісіп жатырмыз.

Қайрат ИМАНАЛИЕВ, «Намыс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Біздің оқу орындарымыз мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдауға дайын емес. Мәселен, кез келген университеттің ішінде мүгедектердің еркін жүріп-тұруына жағдай жасалмаған. Бірінші қабаттан екінші қабатқа қарапайым тепкішекпен көтерілу үшін мүгедектер талай азапты бастан өткереді. Қашықтан білім беру жүйесі мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына толық кепіл бола алмайды. Бұл – білім берудің бір ғана бөлшегі. Тағы бір мысал, егер мүгедек жан математика, физика пәндері бойынша білім алатын болса, оның ұстазы дәл көз алдында отыруы қажет. Себебі ол білмегендерін бетпе-бет отырып сұрайды. Ал қашықтан білім беру жүйесі бұған мүмкіндік бере ме? Жоқ. Сондықтан Қазақстанда кез келген білім ошағы мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдауға қабілетті болуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста