Мұғалімдерге жаным ашиды

Мұғалімдерге жаным ашиды

Соңғы кездері мұғалімдердің қағазбастылығы мәселесі аз айтылып жүрген жоқ. Заманауи сабақ беру үлгілері қалыптасып, электронды бағытқа көшіп жатқан уақытта ұстаздар неге қағазға көміліп отырады? Олардың біразы «оңашада» ондай мәселе бар екенін тізбелеп айтып мойындағанымен, газет тілшісіне өз ойларын айтудан бас тартты. Дегенмен, батылдық танытып, өз пікірін ашық ортаға салған бір ұстаздың пікіріне назар аударайық.
Анар Ешимова, Орал қалалық №1 орта мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары:
-Шыны керек, қазір іспен көрінуден гөрі қағаз жазып, есеп беру кең етек алды. Ісіңнен бұрын қағаздарың сай, барлығы ұқыпты толтырылып, жазылып тұрса жақсы-ақ. болғаны. Елбасымыз бұл жайында: «Ұстаздар бала оқытудың орнына қағаз жазады. Сонда олар қашан жұмыс істейді?» деп қоғамды қағазбастылықтан арылуға үндеді емес пе?
Мектептегі қағазбастылықтың салдарынан бүгінгі ұстаз қағазбасты кеңсе қызметкері сияқты. Ұстаздардың өз бетінше ізденіп, білімін жетілдіруіне уақыт тапшы. Қағазбастылықты азайту мақсатында мектептердің барлығы компьютерлендірілді. Сөйтсе де, жағдай әлі түзелген жоқ. Мұғалімдер таңертеңнен кешке дейін неше түрлі үлгіде құжат толтырады. Оқушының жеке картасы, мұғалімнің сапалық құрамы, үй аралау, оқушылардың келіп-кетуі, жазда қайда демалатыны сықылды толып жатқан бітпейтін есептер. Бұл кейде адамды қажытып жібереді. Сонымен қатар мұғалімдер 0-18 жас аралығындағы балаларды есепке алу мақсатында үй аралайды. Сол кезде өміріне қауіп туғызатын сәттерге де тап болып жатады. Осындай жағдайда ұстаздың жеткен жетістігі, оқушылардың олимпиададан орын алуы, іскерлігі, шығармашылығы сұралып жатады. Ертеңгі күнгі сабаққа әзірленетін уақыты жоқ мұғалімде қандай жетістік болсын. Мұғалім жұмыс істеп, оқушыға баса назар аударғанда ғана жетістікке қол жеткізе алады. Ал өзінің не істеп, не қойғанын жазып отырған мұғалімде қандай жетістік болуы мүмкін? Қорыта келгенде айтарым, қағазбастылық білім сапасының төмендеуіне, мұғалімнің кәсіби тұрғыдан өспеуіне, шығармашылықпен жұмыстанбауына, оқушы жетістігінің төмендеуіне, ең соңында ҰБТ-де оқушы өз білімін қорғай алмауына әкеледі. Мұның бәрі сапасыз берілген білімнің көрсеткіші.
Тәжірибелі ұстаздың бұл ойына білім саласы атқамінерлерінің айтар өз уәжі бар.
Светлана Бахишева, БҚО білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы:
-Біздің департамент білім сапасын бақылаумен тікелей айналысатын болғандықтан, осы сұрақтар жиі қойылады. Соған орай, мұғалімдердің қағазбасты болуының бірнеше себебін атауға болады. Біріншісі, мектепішілік бақылау жұмысын жоспарлаудағы кемшіліктер. Кейде пәндік шаралар, мерекелік-тәрбиелік іс-шаралар, тақырыптық немесе кешенді бақылаулар, пәндік сынамалардың барлығы бір аптаға жоспарланады. Шараларды жүйесіз жоспарлау мұғалімдердің оқушыға сапалы білім беруіне, қосымша жұмыс істеуіне, өзінің кәсіби дайындығына кедергі келтіреді. Екіншісі, кейбір білім бөлімдері, мектеп басшылары әдістемелік жұмысты жүйелеу үшін түрлі бағыттар бойынша мұғалімдерден 10-20 папкадан тұратын жинақ құжаттарын талап ететін фактілерді кездестірдік. Одан мұғалімнің әдістемелік деңгейі, оқушының білім сапасы көтерілмейді, сәйкесінше, мұғалімдер наразылығы туындайды.
Негізі департамент тарапынан да, іс-қағаздарын жүргізу туралы нормативтік - құқықтық құжаттарда да мұғалімнің соншама қағаз жазуы туралы талап қойылмайды. Мысалы, мемлекеттік аттестаттау барысында оқушы білімі мемлекеттік стандарт талабына сай, мұғалім сабағы сапалы болып, тақырыптық-күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспары орындалса, одан артық құжат талап етілмейді. Алайда мұғалімнің өзі тудыратын «қағазбастылық» та бар. Яғни, күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, журналдар, оқушының жеке құжаттарын уақытында толтырмауы. Бұл күнделікті істелуі тиіс жұмыстар. Уақытында істелмеген жұмыстар жиналып қалып, тексеріс алдында ғана ретке келтіретіндер содан «түнімен қағаз жазамыз», «бізден қағазды көп сұрайды» дейді.
Әрине, мектепте, сыныпта атқарылған жұмысты талдау, есеп беру бізде ғана емес, барлық елдерде де бар. Мұғалім жұмысын мектеп жұмысының нәтижесіне қарап бағалау қажет. Мұғалім еңбегі оқушының білімінен көрінеді, мектеп нәтижесі мұғалімдер мен оқушылар жетістігімен бағаланады. Мектеп басшыларының еңбегі жоғары нәтижеге жету үшін оқу-материалдық, адами ресурстарды дамытуға жағдай жасай алуына байланысты. Сондықтан өз қызметін жоспарлы түрде тиянақты атқарған адам «қағазбастылық» дегенді айтпауы керек.

Светлана Темірғалиева, БҚО білім басқармасы мектеп бөлімінің басшысы:
- «Мұғалімдер арасында қағазбастылық көбейіп кетті» деген пікірмен мүлдем келіспеймін. Қазір электронды жүйеге көшкендіктен қағазбастылық азайды. Көп жағдайда мұғалімдердің өздері тапсыруға тиіс мәліметтерді уақытында бермей қағазбастылықты туындатады. Тіпті сабақ жоспарын жазбай сабаққа келетін мұғалімдер де бар. Біз тексеріс кезінде мұғалімнен күнтізбелік жоспар мен сабақ жоспарын ғана талап етеміз. Ұқыпты мұғалім «қағазбастымын» деп ешқашан айтпаса керек.

Қымбатты оқырман! Өздеріңіз байқағандай біз қойған сұраққа ұстаздардың берген пікірі екіге жарылды. Берілген ұсыныс-пікірлерге айтар дәлелді ойларыңыз болса, бізбен бөлісіңіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста