Министр мен әкім тапсырма берді, ал міндеттер жүзеге аса ма?!

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауымен басталған «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы өңірлерде қанат жайғаннан бері екі қолға бір күрек таппай сандалған адамдар еңбекпен қамтыла бастады. Осы жұмыстардың орындалуы және басқа да мемлекеттік маңызы бар түйінді мәселелердің шешілуі, сондай-ақ ауылдық өңірлердегі жұмыссыздық жайын бақылауға алу мақсатында келген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова Ақмола облысында болып қайтты.
Өңірдегі инфрақұрылым, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, Жол­дау жүктеген міндеттердің орындалуы әңгіме өзегіне айналған отырыста министр ханым «Жұмыспен қамту–2020» бағдар­ла­масының жүзеге асырылу жайын пысықтады. Келелі басқосуға облыстағы бар­лық аудан әкімдері мен мемлекеттік ме­кемелердің басшылары, өндіріс орын­дары мен компаниялардың, сол сияқты жа­уапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өкіл­дері қатысты.
Бағдарлама бойынша баяндама жасаған облыс әкімі Қайрат Қожамжаров пен сала басшылары жергілікті жердегі ахуалды тұтастай жайып салды.
«Жұмыспен қамту–2020» бағ­дар­ла­масы бойынша биылғы жылы Ақмола об­лы­сына республикалық бюджеттен 2 мил­лиард­қа жуық қаржы бөлініпті. Оның ша­пағатынан бүгінге дейін 82 адам қайта даяр­лықтан өтіп, облыстың өндіріс ошақ­тарына 203 адам жұмысқа орналасқан. Ал­да тағы да 400-ге жуық әлеуметтік жұ­мыс орны ашылмақ.
Алайда әлі де болса көңілді кірбің ша­латын жайттардың бар екені алаңдатады. Әсіресе ауылдық өңірлердегі халықтың бағдарлама бақытын көре алмай, кәсіп­кер­лікке жол ашатын шағын пайызды несие­ні ала алмай жатқандығы жайлы фак­тілер жетіп-артылады. Бұл туралы об­лыс әкімі егжей-тегжейлі баяндап берді.
Қайрат Қожамжаров, Ақмола облысының әкімі:
– «Жұмыспен қамту–2020» бағдар­ламасы күшіне енгеннен бері облы­сы­мыз­дың барлық аудандарында арнайы орталықтар ашылып, тек осы бағдар­ла­маны жүзеге асыру міндеті жүктелген аза­маттар қызмет атқарып келеді. Бір­қатар аудандарда жағдай қалыпқа түс­ке­німен, кейбір өңірлерде берілген мін­деттер, өкінішке қарай, іске аспай ке­леді. Сондықтан барлық аудан әкім­де­ріне ондағы жұмыссыздықтың жағ­да­йы жайлы сараптама жүргізуді тап­сыр­дым. Әзірге тапсырма 15 пайызға орын­далды деп сенімді түрде айта ала­мын.

Облыс әкімі осындай етіп ой түйінде­ге­німен, ауыл тұрғындарының бағдарламаға қа­тысты пікірлері басқаша өріс алған. Олар­дың айтуынша, жаңа жүйеде жағ­дайыңды түзетіп, тиісті мөлшердегі несиені алу үшін құжат жинаумен біршама уақыт өтетін көрінеді. Тіпті қолда бар мүмкіндігі шектеулі, яғни өз бетімен жұмыспен айна­лысушылар ауыл шаруашылығына деп бө­лін­ген несиені алу үшін кепілге қояр мүлкі бо­луы тиіс. Ал мұндай мүмкіндік екінің бі­рінде жоқ.
Тұмарбек Алғабаев, (есімі өзгертіліп алынды) ауыл тұрғыны:
– Ауылдықтардың аяқ-қолын жылы суға малатын, жұмыс тауып есін жиғы­за­тын бағдарлама шықты дегенді есті­ген­де, бөркімізді аспанға ата қуандық. Се­бебі бірнеше жылдан бері қолымда та­бақтай дипломым болса да, жұмысқа ор­наласа алмай жүргенмін. Ауылда тұр­ған соң ірі қара мал асырау да ойым­да бар-тын. Алайда асау аттай өрек­піген көңілім бір-ақ сәтте су сеп­кен­дей басылды. Шағын несие 3 мил­лион теңге сомасында беріледі екен. Ал оны алу үшін құжат қағазбастылығы өз ал­дына, жекеменшігіңде кепілге қоятын құ­ны 6 миллион теңгеге бағаланатын мүл­кің болуы тиіс екен. Ал өз бетімен жұ­мыспен айналысқан біздей жанда ондай мүлік қайдан болсын?..

Расында да, ауылдық жерде енді-енді аяқ­қа тұрып, кәсіп іздеген жастарда кепілге қояр мүлік қайдан?!. Сондықтан амалын тапқан аздаған пысықайлар болмаса, бірқатар ауылдықтар бастарын қанша қатырғанымен, амал табар емес.
Зейнолла Аппасов, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысушы:
– Мен өз шаруа қожалығымды құр­ған­нан бері жұмысты дұрыс жүргізудің бағыт-бағ­дарын біліп, тәжірибе жи­нақтадым. Бизнес-жоспарымды құрып, бәрін бір жү­йеге келтірдім. Осылайша жаңадан қа­был­данған осы бағдарлама арқылы мал шаруашылығын дамытуға тиімді мөлшерде 3 миллион теңге несие алдым. Менің ойым­­ша, бағ­дар­лама ауыл халқының жағ­да­йын жақ­сар­туға оң ықпалын молынан ти­гізеді.

Мемлекет басшысы әрбір сөйлеген сө­зінде «Шағын және орта бизнесті да­мыту, қазақ экономикасының басты қоз­ғау­шы күші болуы тиіс» екенін еске алып оты­ратынын айтқан министр ханым: «Егер біз­дің елде белсенді халықтың бөлігі 8 мил­лионды құрайды десек, оның 3 миллионы еш жерде тіркелмеген. Әлеуметтік төлемі болмағандықтан, оларға ең төмен зейнетақы тағайындалады. Халықтың жағ­да­йын жақсартамыз десек, бізге ең алды­мен осы кемшілікпен күресу керек», – деді.
Жалпы, үш бағыттан тұратын «Жұ­мыс­пен қамту–2020» бағдарламасының ал­ғаш­қысы бойынша 2011 жылы Ақмола об­лысында экономикалық белсенді ау­дандарда 43 пәтер салынған. Ал 2012 жы­лы жұмыссыз жүрген 2003 адамға білім беру де жоспарға еніпті.
Бірқатар дау туындатып жүрген бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіп­кер­лікті дамытуға қолдау көрсетуге» Ақмола об­лысына 309,7 млн теңге бөлінген. Ол қар­жы облыста шағын несиелер мен оқы­туға, сондай-ақ инженерлік-ком­му­ни­ка­ция­лық инфрақұрылымдарды дамытуға жұм­салуы тиіс.
Татьяна Штукер, Ақмола облысы жұ­мыс­пен қамту және әлеуметтік бағ­дар­ла­ма­ларды үйлестіру басқармасы бас­тығының міндетін атқарушы:
– Бағдарламаның іске асуы бойын­ша ми­нистр Гүлшара Әбдіқалықова бір­ қатар жайды сын садағына алды. Әсі­ресе бағ­дар­лама көмегімен ауылдық өңір­лерде кә­сіпкерлікке қан жүгірту қа­жеттігі қатаң ескертілді. Алда олардың бәрін бір жүйеге келтіру тапсырылды.

Басқарма мамандары берген мәлімет­тер­ге қарасақ, осы жылдан бастап бағдар­ла­маның төртінші бағыты іске асырылмақ. Яғ­ни селолық елді мекендердің инфрақұ­ры­лымдарын дамыту мақсатында жалпы со­масы 667,9 миллион теңгеге бағаланған 28 жобаны жүзеге асыру жоспарға алын­ған. Оның ішінде 18 жоба білім беру сала­сын дамытуға арналса, төрт жоба мәдениет, үш жоба көлік инфрақұрылымына, бір жо­ба әлеуметтік мақсатты көздемек. Яғни атал­ған жоспар шын мәнінде жүзеге асса, бір­талай жауабын күтіп, жөндеуді қажет ет­кен ғимараттарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қарастырылатын бо­лады.
Бағдарламаның болашақ арнасы осылай бағыт алмақ. Еліміздің экономика­лық жағдайын өрістету мақсаты көзделген кең жүйенің алдағы сатысының халықтың қолдауына ие болып, әлеуметтің әлеуетінің өсуіне ықпал етерін алдағы уақыт көр­се­тер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста