Метро қайда барады?

Метро қайда барады?

Алматыда метрополитен салу идеясы өткен ғасырдың 70 жылдарында пайда болған екен. Өйткені сол кездері Кеңес Үкіметінің нормативі бойынша, тұрғындарының саны бір миллионнан асқан қалада метрополитен салу жоспарланған. Ал Алматы тұрғындарының саны 1981 жылы миллионнан асқан. Сөйтіп, кеңестік нормативке сай метрополитен салу жоспарын жүзеге асыру 1988 жылы 7 қыркүйекте басталған еді.

Бәрімізге белгілі, көп өтпей-ақ, Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанып, өтпелі кезең басталды. Қаржы қыспағы метрополитен құрылысын жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Қаз-қаз басқан мемлекет аяғынан тік тұрғанша, арада бірнеше жыл өтті. Сол себепті қала тұрғындарын метрополитеннің іске қосылуын 23 жыл күтуіне тура келді. Әупірімдеп жүріп, 2011 жылы желтоқсан айында көптен күткен метрополитен іске қосылды. Әрине, көлік кептелісі ушыққан Алматыда метрополитен аса тиімді көлік екеніне дау жоқ. Ең бастысы жер үстімен бір сағатта баратын жерге 10-15 минутта, жүйкеңізді жұқартпай жетіп аласыз. Экологияға зияны жоқ. Жолаушыларға өте қолайлы, жазда салқын, қыста жылы.
Алайда, метрополитеннің алғашқы бағыты Абай-Гагарин көшелерінің қиылысынан бастау алып, Райымбек-Фурманов көшелерінің қиылысына дейін барды. Ал халық тығыз орналасқан, қаладағы көптеген мөлтек-аудандар метродан шет қалды. Мұны метрополитен жоспарланған сол кездегі қала аумағының шағын болуымен түсіндіруге болатын шығар. Десе де, метроның Республика Сарай мен ІІ теміржол вокзалына бармайтыны өкінішті. Өйткені демалыс күндері Республика Сарайында концерттік шаралар өтеді. Шара біткенде қоғамдық көліктер тоқтап қалады. Амалы таусылған тұрғындар еріксіз такси қызметіне жүгінуге мәжбүр болады. Сол сияқты метромен бару мүмкін болмағандықтан халық ІІ теміржол вокзалына да таксимен баруға мәжбүр. Өйткені, ІІ теміржол вокзалына баратын троллейбусқа мінсеңіз көлік кептелісінің кесірінен кешігіп қалуыңыз мүмкін.
Бүгінгі таңда метрополитеннің бағыты ұзартылып жатыр. Бұрын 7 бекет болса, енді тағы екі бекет ашылып бекеттер саны 9 ға жетті. Болашақта бағыт одан да ұзармақ. Әрине «метроның бағыты қай жерге дейін барады?» деген сауал әрбір қала тұрғынының көкейінде жүргені анық. Алғашында «метро бағыты Абай көшесін бойлай барып, Сайын көшесімен төмен, Райымбек даңғылына дейін, одан әлі Райымбек даңғылының төменгі жағын бойлап Қалқаманға дейін барады екен» деген сөздер айтылған болатын. Бұл жағдайда метро Абай даңғылының, Сайын көшесінің бойында орын тепкен және Райымбек даңғылының төменгі жағында орналасқан жаңа шағын аудандарды қамтитын болды деп ел қуанысқан.
Алайда олай болмай шықты. Жоспар бойынша метроның бағыты Абай даңғылымен батысқа қарай Қалқаманға дейін барып, одан әрі солтүстікке бағыт алып, Райымбек даңғылына дейін баратын көрінеді. Яғни, Абай даңғылынан біршама төмен Сайын, Момышұлы көшелерін бойлай орын тепкен, халық тығыз орналасқан шағын аудандардың тұрғындары метродан шалғай қалады. Метроның неліктен халық тығыз орналасқан шағын аудандарды қамтымай, басым бөлігі жеке сектордан тұратын Қалқаманның ішімен өтетіні түсініксіз.
Метрополитен мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта метромен күніне 24 мың адам тасымалданады екен. «Ал 2018 жылға қарай жолаушылар саны үш есеге дейін артады» деп болжанып отырған көрінеді. Бұл – мамандардың болжамы. Біз нақты айта алмаймыз. Бірақ бір білеріміз метрололитен халық тығыз орналасқан шағын аудандарды толықтай қамтығанда, анық жолаушы саны бірнеше есе өсер еді.

Сурет интернеттен алынған

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста