Мен қалай арбакеш болдым...

Мен қалай арбакеш болдым...

Базарға барсаңыз, зыр жүгіріп жүрген арбакештерді көресіз. Егер сіз бай болсаңыз, оларға мән бермей, қастарынан өте шығасыз. Ал егер «қазақ» деген аурумен ауырған шерменде болсаңыз, қаныңыз басыңызға шығып, жүрегіңізді ұстап өтесіз. Қазақтың тепсе темір үзетін жігіттерінің арба сүйреп жүргені жаныңызға батады. Әрине, нәпақа табу үшін ештеңеден тайынбайтын қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Дегенмен... Жақында мен де базарда арба сүйреп, ақша тауып қайтқан едім.
Арба
Таңғы салқын самалды көкірек кере жұ­тып, көкбазар жаққа беттеп келемін. Са­ғат 5-тер шамасы. Көшеге көліктер ен­ді-енді шыға бастапты. Адамдар қа­ра­сы да әзірше көп емес. Мұндай уақытта біз­­дің қалада саудагерлер мен такси­ші­лер ғана жүреді. Базар маңында да дәл осындай. Мұнда тек арбакештердің сұл­ба­сы көзге шалынады. Жайлап келіп олар­мен амандастым. Жігіттер бір-бірінен те­ме­кі сұрап шегісіп жатыр. Ара-тұра қал­жың­да­сып, күлісіп қояды. Байқаймын, әр­қайсысының өзіне тиесілі арбасы бар се­кілді. Мен олардан арбаны қайдан алу­ға болатынын сұрадым. Жігіттер маған Бақ­ты­­бай деген кісіні сырттай таныстырды. Ол осындағы арбакештердің үстінен қа­рай­­­тын «көкесі» екен. Жайлап қасына жа­қын­да­дым. Арбаны жалға алу үшін 800 тең­ге тө­ледім. 18-нөмірлі арбаны алып, жі­гіт­тер­ге қайта келдім.

Таңғы тауар
Әр арбакештің өзінің жеке «клиенттері» бар екен. Жігіттер таңмен жағаласып кел­ген сол «клиенттеріне» қызмет ету үшін жан-жаққа тарай бастады. Мен ортада не іс­терімді білмей тұрып қалдым. Марат есім­ді­ жігіт «арбаңмен бері жүр» деп қа­сына ілестіріп алды. Екеуміз базар сыртына ке­ліп тоқтаған «Газель» көлігінің қасына жа­қын­да­дық. Бұл Мараттың екі жылдан бері қа­рай тұрақты «клиенті» болып келе жатыр екен. Осындағы сатушыларға сүт, қымыз, шұ­бат сияқты ауылдың ағын та­сиды. Тыр­баңдап жүріп тауарды енді мен де та­сып жүрмін. Өзіме үлкенірек арба алып қо­йып­пын, бар күшімді салып тарт­қан­да, бе­лім үзіліп кете жаздайды. Аздан ке­йін оған етім үйреніп те кетті. Күнделікті жұ­­мы­сымдай бар ынтаммен атқарып жүр­мін. Марат маған қарап, көзін қысып қояды. «Үйреніп кетесің» дегені. Бұл тауар алыстан емес, Алматы облысының На­­рынқол, Шелек аудандарынан келіпті. Шір­­кін, ауылдың тағамына не жетсін! Жұ­­­мысымызды бітіріп болғаннан кейін «клиент­­тен» Марат – 500, мен 200 теңге ал­­дым. Тер шығарып, ақша табу деген осы шы­ғар. Адал еңбекпен ақша табуды ар­ба­кеш болғанда сезінуге болатын сияқты. Осы­­дан кейін Марат екеуміз тағы бірнеше жүк түсірдік. Қалтама 500 теңгедей ақша түсті.
Пайда
Жұмысымызды тындырып болғаннан ке­йін мен бір бұрышта демалып отыр­ған­мын. Қасыма Марат келді. «Жүр, бір шай ішіп алайық, таңертеңнен нәр татпап едім», – деді. Екеуміз базар маңындағы сам­са сатып тұрған жерге келдік. «Менің ал­ғаш­қы табысымды сізге жуып берейін», – де­­дім оған. Сөйттім де, табысымнан екі сам­са, екі шай алдым. Студент кезімізде қал­та­мыз­да тиын болса, бірден самсаға жү­гі­­ру­ші едік. «Ашаршылықта жеген құй­қаның дәмі кетпейді». Содан шығар, самса ме­нің сүйікті асымның біріне айналып кет­кен. Кейде тамақ ішіп отырсам да, сам­­са жегім келіп тұратыны бар. Осы жай­лы Маратқа айтып едім, ол күліп жі­бер­ді. «Сен тек студент кезіңде жепсің. Бұл – біздің өмір бойы жеп келе жатқан асы­мыз», – деді.
– Марат аға, осы жерде жұмыс істеп ке­ле жатқаныңызға қанша уақыт болды? – де­дім.
– Он жылдан асты, бауырым. Осы жердің қас­қы­рымыз ғой біз, – деді ол езуіне күлкі үйі­ріліп.
– Мұнда шамамен қанша арбакеш бар?
– Арбаның саны 300-ге жуықтайтын шы­­ғар, ал арбакештердің саны бұ­рын­ғыдай емес, қазір азайып қалған, – деді Ма­рат.
– Күніне қанша ақша табуға болады?
– 3-4 мың теңге жасайсың. Сейсенбі, жұ­ма күндері қол жақсы жүреді. Ол кезде 5-6 мыңға дейін көтеріп алуға болады.
– Арбакеш жігіттердің басым көпшілігі ауыл­дықтар шығар? – дедім.
– Мен өзім – Өскеменненмін. Ал көбі – Та­раз бен Шымкенттің жігіттері. Олардың бар­лығы қасқыр болып алған. Жаңадан кел­гендер мұнда көп тұра алмайды. Сен істеп көр, әрине. Бірақ саған айтар ақы­лым, «Алтын орда» жаққа барғаның дұ­рыс. Ол маңда жалға алу да арзан, жа­ңадан барғандарға жұмыс та көп шығады, – де­ді ағалық ақылын айтып.

Саудагер бала
Жігіттермен әңгіме құрып отырғанбыз. Кө­зім сонадайда сөмке сатып жүрген ба­ла­ға түсті. 11-12 жастарда болуы керек. Ша­қырып алып, жөнін сұрадым. Сөмке сат­қа­нына бірнеше ай болыпты. Осындағы жігіт­тер­дің барлығы оны танитын болып шық­ты. Аты – Арман. «Саған менттер тиіс­пей ме» деген сұрағыма: «жоқ, ағам мент болып істейді», – деп жауап бер­ді. Түсінікті. Баланың тілі тақ-тақ етеді. Әр сұ­рағыма балғамен шеге ұрғандай жа­уап береді. «Мектепке барғың келмей ме» де­ген сұрағыма: «қазір білімнің зама­ны емес, ақшаның заманы болды ғой», – деп шырт-шырт түкіріп қояды. Иә, ба­ла­­лар­дың ойы қайда жатыр! «Арман, ақ­ша­ны не істейсің?» – дедім оның сөзін қы­зық­тап. «Жинап, мамама беремін. Ол сау­да­сын кеңейтіп, кейін маған машина са­тып алып береді», – деді. Қазақ баласын ая­ғы шыққаннан атқа үйрететін. Ал қазіргі бүл­діршіндер тілі шыққаннан бастап «кө­лік» деп жылайды. Кім біледі, қазақтың сәй­гү­лік­терінің орнын қазір шетелдің темір тұл­парлары басқан шығар. Бірақ қазақ мі­не­зін асыл текті атқа теңейтін, енді темір тұл­парларға теңеп жүрмесек жарар еді.
«Әй, ты...»
Арбамның үстінде демалып отыр­ған­мын. «Эй,ты, подойди сюда» деген да­уыс­қа елең ете қалдым. Бір кісі мені ша­қы­рып тұр екен. Қазақ біреуді көмекке ша­қыр­ғанда «бауырым», «інішек» деген сы­па­йы сөздерді айтушы еді. Ал «әй, сен, бері кел» деп құлдарына айтатын болған. Қа­ным бірден басыма шапшыды. Не істе­рім­ді білмедім. Алайда ақша керек емес пе, арбамды сүйретіп соңынан ілесе жөнел­дім. Не қазақша, не орысша жөнді сөйлей ал­май­тын біреу екі сөмкесін көлігіне жет­кі­зіп беруімді «бұйырды». Заттарды арба­ма салып, зымырадым. Қасымда өзі телефонмен сөйлесіп барады. Осы жер­де қазақ болып өзге біреудің затын көте­ріп бара жатқаныма қорланып кеттім. Ол маған еңбекақым үшін 50 теңге бер­ді. Күліп жібердім. Ақшаға емес. Ке­шегі айбынды көктүріктер ұрпағының жал­да­малы жұмысшының жағдайына жеткеніне. Иә, жүре берсең, көре бересің. Бірнеше уа­қыт­тан кейін менің де бұған етім үйреніп ке­тер. Уақыт бәрін жайғайды емес пе?! Бі­рақ жалдамалы болуға етіміз үйреніп кет­пей тұрғанда, бір бұлқынып қалу керек еке­ні­мізді түсіндім.
Досым
Базарда арбаң дамыл таппауы керек. Егер тоқтап қалсаң, аш қаласың. Ақша тап­­пай, арбаның күнделікті құнын төлей алмасаң, жұмыстан айырыласың. Мен тырбаңдап жү­ре беруге тырыстым. Арбаны сүйретіп, ба­зар ішімен жайлап келе жатқанмын. Бір кезде бұрынғы танысым кезігіп қалды. Сә­кен деген жігіт – тек танысым емес, студент кезден араласқан жақын досым.
– Оу, неғып жүрсің? – деді мені көре сала.
– Дағдарысқа байланысты жұмыстан шы­ғып қалып едім, енді арба сүйретіп жүр­мін, – дедім қуланып.
– А-а, барлығымыз да қалт-құлт етіп тұрмыз. Сені мұндай жағдайда кез­дес­ті­ре­мін деп ойламаппын. Боксқа барып жүр­сің бе? Жоқ, қойдың ба? – деді.
– Барлығын тастадым. Жан баға алмай жү­ріп, спортты қайтемін? – дедім.
– Қалай табыс, ақшаны «қырып» жүр­ген шығарсың? Қарызға берсеңші. Бір фирма ашқалы жатыр едім, соған ақ­ша жетпей жатқаны, – деді. Өзінің кө­піртіп сөйлейтіні бар еді, бұл жолы да мақ­тан­ғы­сы келіп тұрғанын сездім. Қандай фир­ма еке­нін сұрадым әдейілеп.
– Ашып болғаннан кейін естірсің. Бі­рақ азабы арба сүйреуден жеңіл емес. Аз­да­ған күнде үй сатып алатын шығармын. 1 ма­мыр мейрамына қарсы шетелде де­ма­­лып келуді жоспарлап отырмын. Ой, «об­шым», шаруа бастан асады, – деді.
Оны одан әрмен тыңдап тұруға жүй­кем шыдамады. Қоштасып, жөніммен ке­те бердім. Кейде қыздармен әңгіме-дүкен құ­­расың. Олар өздерінің «жетістіктерін» ай­­тып мақтанғанда, қызық көріп тыңдай бе­­ре­сің. Ал ер адамның жеңіл мінезді бол­­ғанын түсіне алмаймын. Өйткені бұл тек әйелдерге тән. Әсіресе қа­зақ жігіт­те­рі­ мұндайдан аулақ жүруі тиіс. Біз ел байлығымен, ру­хани мық­ты­лы­­ғы­мыз­бен бәлсінуіміз ке­рек.
Рухымыздан адасып...
Қазір теледидардан атыс-шабыс, аз­ғындыққа насихаттайтын киноларды жиі кө­реміз. Жастарымыз бойына батыстың пси­хологиясын мықтап сіңіріп жатыр. Он бесінде аттың жалын ұстап, от пен жа­лын сөздер шығаратын жаста олар ком­пьютердегі ойындардан көз ашпайды. Біз ба­лаларымызды ұлттық рухта тәрбиелеуге күш салуымыз керек. Мен бүгін базарда ар­ба сүйреп жүрмін. Мен сияқты қанша қа­зақ жастары бар. Оларды патриоттыққа тәр­биелеу жолдарын іздеу – күн талабы.
Аллаға шүкір, қазақтардың қазір бі­лім­ге, өнерге, жаңалыққа деген талпынысы жақ­сы. Бірақ кейде рухымыздың, ай­бын­ды елдің айбарлы мінезінің көрінбей жа­та­­тын кездері болады. Біреулер біздің ті­лі­­мізді «хана» тілі деп жатса да, ләм-мим де­мейміз. Тек іштен тынамыз. Неге? Се­бе­бі біз қазақтың таза мінезін сіңіре алмай жүр­­міз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста