«Мектепке жол» балалардың мектепке баруына жағдай жасады

1 қыркүйекте Қыземшек кентіндегі Л. Бөкенов атындағы жалпы орта мектептің 700-ден астам оқушысы, сол сияқты Қазақстанның басқа да мектеп оқушылары үшін жаңа оқу жылы басталды. Көзді-ашып жұмғанша жазғы демалыс өте шықты да, білім шыңын бағындыратын кез де келді. Бірақ бұл маңызды істе кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш сияқты керек-жарақтар қажет...
Қазір кеңсе тауарларын және басқа да оқу керек-жарақтарын өндірушілердің биз­­несі алға басқан кезеңде, ата-аналар­дың көбі бұған қайдан ақша алсам деп бас қатыруда. Осы күндері «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының кәсіпорын­дары уран өндіруші аймақтардағы мұқтаж отбасыларға көмектесуде. «Мектепке жол» республикалық акциясын қолдай отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК кәсіпорындары жаңа оқу жылы басталмай тұрып, Қызем­шек кентінің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының 56 баласына материалдық көмек көрсетті.
«Ақдала» кенішінің «Бетпақ Дала БК» ЖШС ұжымы 28 баланы мектепке дайын­дау міндеттемесін өзіне жүктеді. Олардың барлығына кеңсе тауарларын және мектеп формасын сатып алуға материалдық кө­мек бөлінді. Қыземшек кентінің қала құрау­шы кәсіпорны болып табылатын «Степ­ное-Ру» ЖШС басшылығының аты­нан серіктестіктің бас директоры Сергей Анатольевич Кушегов көпбалалы және аз қамтылған отбасының 18 баласына қолдау көрсету бастамасын көтерді. Кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында балалар күнделікті мектеп формасымен жә­не спорттық киімдермен, сондай-ақ мек­теп керек-жарақтарының толық жина­ғымен қамтамасыз етілді.
«Қазатомөнеркәсіп – Демеу» ЖШС-нің қолдауымен «Атом өнеркәсібі қызметкер­лері­нің кәсіподағы» ҚБ Созақ ауданының (ОҚО) уран өндіруші Қыземшек және Тау­кент кенттеріне және Қызылорда облы­сы­ның Шиелі ауданының Шиелі кентіне кеңсе тауар­лары мен мектеп керек-жарақтары са­лын­ған 30 мектеп қоржыны мен спорт­тық сөмкені (әр кентке 10 жинақтан) жі­бер­ді. Кәсіпорындардың қолдауына мұқ­таж балалардың саны мен тізімін се­рік­тестікке тиісті хаттарды жіберген жер­гі­лікті әкімдіктер мен мектептер анықтады. Л. Бөкенов атындағы жалпы орта мектептің ата-аналар комитеті мен әкімшілігі қолдау көрсетіп, түсіністік танытқаны үшін кәсіп­орын­дарға, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-қа мектеп өміріне белсене қаты­сып келе жатқаны үшін алғыс айтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста