Мектепке медбике емес, фельдшер керек

Нұрғиса Елеубеков (фото)

Бүгінде балалардың толыққанды білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Кем-кетіктің орны уақытысы­мен толып та жатыр. Бірақ кей­де артық қыламыз деп, тыр­тық қылатын кездер де жоқ емес. Оқушылардың тәр­тібін қадағалау үшін мектеп инс­­пекторлары іске кірісті. Ден­саулықтарын бақылау үшін мек­теп медбикелері жұмыс атқару­да.

Алайда мектептегі оқушылардың дені­нің саулығына жауапты маман медбике емес, фельдшер болуы тиіс. Бұған дәрігер-педиат­рлар алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл негізсіз де емес. Еліміздегі орта мектеп оқу­­шыларының денсаулығы жыл жыл­жы­ған сайын нашарлап барады. Оның басты себе­бі: мектептердегі сапалы медициналық бақылаудың жоқтығы дейді мамандар. Бүгінде білім ошақтарында тек медбикенің ставкасы ғана қалған. Сынып бөлмелерінің жарықтандырылуына, парталардың дұрыс қойылуына, асханадағы тағам түрлерінің сапасына, бастысы балалардың денсаулы­ғы­на кім жауап береді? Орта буынды ме­ди­цина қызметкері болып саналатын мед­бикелер ме? Жоқ. Оған жауапты фелдь­шер болуы тиіс. Бұл дәрігер-педиатрлардың пікірі. Екеуі де медицина маманы болып са­нал­ғанымен, атқаратын жұмыстарының айыр­машылығы жер мен көктей екендігі бел­гілі.
Бүгінде мектеп оқушылары арасында түрлі аурулардың белең алғандығы белгілі. Көз кемістігі, бүкірлік, омыртқа қисаюы сияқты күрделі кеселдер де кездеседі. Жуырда австралиялық ғалымдар оқушы­лар арасындағы жақыннан көргіштік ке­се­лі­нің туындауына тар сынып бөлмелерінің, парталардың тым жиі орналасуының да қатысы бар екендігін дәлелдеген болатын. Австралия ұлттық университетінің қызмет­керлері тар бөлмелерде оқитын оқушылар­дың көру қабілеті бірте-бірте төмендейтінін, ақыры 80 пайызында көру кемістігі пайда болатынын анықтаған. Біздің елімізде мұндай зерттеулер жүргізілмегенімен, осы мы­салдан-ақ сабақ алуға болады. Фельд­шер әр сынып бөлмесіндегі жарықтан­ды­рылуға жауап беруі тиіс. Әрі апта аралатып бол­маса да, ай аралатып тексеріп тұруы тиіс. Мұның оқушылардың денсаулығына тигі­зер септігі болары сөзсіз. Бүгінде мек­тепке бекітілген медбикелер жылына екі рет медициналық бақылаудың өткізілуіне көмек береді, түрлі егулер жасап, оқушы­лардың денсаулығына бақылау жасайды. Ал шын мәнінде солай ма?

Балжан Исабекова, Оңтүстік Қазақстан облысының бас педиатры:
– Қарапайым медбике мектепте бір өзі ғана жұмыс істей алмайды. Оған себеп – біліктілігі басқа. Медбикенің ме­дициналық көмек көрсетуге, кәсіби тексеруге қатысуға құқы жоқ. Ал фельд­шер болса, мұның бар­лығына да бақы­лау жасауға құқы да бар, біліктілігі де жетеді. Осының салдарынан мек­тептер алғаш­қы медициналық бақы­лау­сыз қалып отыр.

Осыдан біршама уақыт бұрын дәрігер-педиатрлар мен фельдшерлер Үкіметтің қаулысынан кейін «майдан даласын» тастап шықты. «Мемлекеттік білім беру ұйым­дары қызметкерлерінің үлгі штат­тарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазым­дары­ның тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысында мектепте тек медбикенің ғана ставкасын қалдыру ке­рек делінген көрінеді. Әрине, қаулыға қар­сы келер қауқар жоқ. Бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан мамандар кетуге мәжбүр болды. Орнын басқан медбикелердің тиісті жұмыстарды жоғары деңгейде жүргізе алады дегенге сенімсіздік білдірушілер басым. Мектептегі бұл орынның жұмысы көп болғанымен, жалақысы өте төмен. Дә­рігерлер үшін тиімсіз, әрине. Бір таңға­лар­лығы, бұл мәселе Денсаулық сақтау ми­нистр­лігіне емес, Білім және ғылым ми­нистр­лігіне қарайтын болғандықтан, мектеп медбикелері тіпті тегін біліктілігін көтеру курстарына барудан да қағылған. Балжан Исабекова бұл мәселені шешуге болады деп есептейді. Ол үшін фельдшер­лерді штат­қа алу мәселесін шешу керек екен. Орта буынды медицина қызметкер­лері мен дәрігерлердің тапшылығына қа­ра­мас­тан, фельдшер мамандығын игер­ген­­дер елімізде жеткілікті. Әрі олар бұған қуа­на-қуана келісері айқын. Кейбір мектеп­тер­де медбикелер фелдьшерлік курстарды бітіріп, қатырма қағаз алып, қызмет атқа­рып жүрген көрінеді. Екі-үш айлық курстар­да білім алу осы саланы толыққанды мең­ге­ріп шығу деген сөз емес. Сондықтан да ол қатырма қағаздардың жарамайтынды­ғы анық. Бүгінде Шымқалада 90-ға жуық мектеп бар. Әр мектепке бір-бір фельдшер­ден қабылданғанның өзінде қаншама ма­ман жұмыспен қамтылар еді. Әрі медби­келер­ді де жылы орнынан қумай, оларға көмекші етіп бекітіп берсе, артықтығы жоқ. Балалардың денсаулығын нығайту үшін мұның бәрі де керек.
 Әрине, оқушылардың білімімен қатар, денсаулығы да назардан тыс қалмауы тиіс. Мықты денсаулықтың мектеп жасында қалып­тасатыны белгілі. Сау ұрпақтың өсіп-жетілуі үшін оған жағдай жасау керек. Ол жағдайды, әрине, қажетті деңгейде білім алған, біліктілігі жоғары фельдшерлер атқаруы тиіс. Бұл іс бір ғана медбикенің қолынан келмесі анық дейді мамандар. Бұл жағдайды медиктер де, мұғалімдер де жалғыз-жарым жүріп шеше алмайды. Мектепке фельдшерлерді қайтару мәселесі жоғары деңгейде шешілуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста