Мектеп ұстаздар мен оқушыларды бопсалау орнына айналып кеткен жоқ па?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Мектеп білім орда­сы ғана емес, ақ­ша жи­нау орталығы сияқты. Мұ­ғалімдерден де, оқу­ш­ылардан да оқу жы­лы аяқ­тал­ғанша бір­неше мәрте ақша жи­­найтындардың әрекетін бү­кіл халық біліп отыр­са да, жағ­дайдың оңалар түрі жоқ, себебі мұғалімдер ашық ай­та­йын десе, жұмыссыз қа­лудан қорқады, ата-ана­лар айтайын десе, ба­лаларының абыройын ой­лайды.
Мұғалімдерден мектептің ақша жинай­ты­­­нын өз басым өзгелерден естіп қана қой­май, бала кезден көріп келемін. Бір әуле­ті­міз­­де төрт-бес мұғалім бар екенін айт­­­­­­­­па­­­ғанда, өз анамның 25 жылдан астам уа­­­­­қыт ұс­таз­дық етіп келе жатқан тәжірибесі бар. Есімді бі­ле бастағаннан «КРУ келе жа­тыр» дегенді мұ­ғалім апа, жеңгелерім мен анам­­­нан «бө­ки келе жатыр» дегендей шо­шы­­на ес­ти­тін­мін. Себебі мектепке «КРУ» кел­се, мұғалім­дер­ден ақша жинау бас­та­ла­ды. Кейіннен біл­дім, әлгі «КРУ» дегені ба­қы­лау-тексеру бас­қармасынан мектепке ке­ліп тек­се­­ру­ші­лер екен. Айлығы-шай­лы­ғы­на жет­пей­тін мұ­ғалімдердің 50-60 мың тең­ге жа­­ла­қы­сы­ның 10-15 мыңын, тіпті кей ке­з­дері мектеп бас­шылары өздері белгілеп ал­­ған еңбек­ақы­ның белгілі пайыздық мөл­ше­­рін санап тұ­рып «тартып» алатынын көр­дік.
Тексеру­ші­лердің қалта-қалтасына мың-мың­­дап дол­ларды тықпалап, ауыздарына дәм­­дерін то­сып, қонақ келгендей күтіп жі­бе­ретінін қай­тесіз. Олар бір мектепте бір­не­ше күн тек­серу жүргізсе, әр күнді мұ­ға­лім­дер бө­ліп алып, дастарқан жайып, шығарып са­лады. Мек­тепке оқулық ұстап барудың ор­ны­на ыдыс-аяқтары мен та­мақ­тарын та­ситын ұс­таз­дар қауымы мұн­дай сұм­дықты бі­реуге тіс жарып айтудан да қор­қа­ды. Несін жа­­сырайын, өз анама да бірнеше мәр­те ашық айтуды ұсы­­нып көрдім, мұға­лім­дер бір ұжымнан әрі кет­се бір-екі мұғалім қол­дап, ақша бер­мей­міз десе, екіншілері қо­сыла ал­май­тын кө­рінеді. Себебі – бірі жұ­мыс­тан қуы­ламын деп, енді бірі жас ма­­ман­мын деп мо­йын­сы­нуға мәжбүр болып жүр. Мұ­ға­лім­дер­дің бір оқу жылында ақша жи­науы бір рет емес, бір­неше рет болатын жағ­дай. Тек­се­руден бөлек, сынып бөл­ме­ле­ріне ілі­нетін қа­бырға тақ­тайшаларын жа­са­тып, перде ілу де­геннің бар­лығына мұға­лім­дер өз қал­та­ла­рынан ақша шығарады. Ал шын мә­нінде мек­­теп­тер­дегі жабдықтар мен сы­нып бөл­ме­лерін жөндеу жұмыстарына жыл сайын Үкі­мет қаржы қарастырып отыр­ға­нын бі­леміз. Әр мұғалім жұмысқа тұр­ға­ны­нан бас­тап мек­теп директорына ақша береді, тіпті әр мектептің өзін­дік «ставкасы» да бар екен. Шы­нын ай­тайын, өз басым ал­ғашқы екі айы­ның жа­лақысын беремін деп жұ­мыс­қа тұрған мұ­ғалімдерді де көрдім, бер­мейін де­се, амал жоқ, жұмыс табу қиын. Орын­­ба­сар­ларын ай­дап салып мұға­лім­дерден ақ­ша жина­татын мектеп ди­рек­торлары ақша бер­меген ұс­таздарды бәрібір соңында қу­далап, ізіне түсіп, ілік іздеп, маза бер­мей, ең ақы­ры өз еркімен жұмыстан шы­ға­тындай халге жет­кізеді. Жұмыс уақытында аудандық, қалалық білім бөлімдеріне есеп-қи­саптары мен құ­жат, қағаздарын та­сытып, жүгірте беретін ди­­­рек­торлар хатшысының қызметін де қара­па­йым ұстаздарға іліп берген. Шә­йі мен ко­фесін таситын хат­шы қыздың жұ­мысын қоса ат­қа­рып жүрген мұға­лім­дер­дің ол уа­қыт­­тарда сабақтары өтіп, балалар бос отыратын да көрінеді. Топ-топ­қа бө­лініп оқуы тиіс бала­­лар­ды бі­рік­тіріп, басқа пәннің мұға­лім­дері мал бақ­­қан­дай құр қарап оты­ра­тын­да­рын мек­теп жасындағы балаларымыз үйге айтып келіп отырады. Мұғалімдерден ақша жи­нау аздай, оқушылардан сы­нып­тың пер­десі үшін, мұғалімдер күніне сый­лық алу үшін тағысын тағы деп жинай бе­ру тағы бар. Тіпті еден жуғыштар мен мек­теп қа­ра­­уы­лының жалақысын оқу­шы­лары жи­нап бе­ре­тін мектептер де жоқ емес. Ес­ті­ге­німді емес, көргенімді ай­та­йын, биылғы оқу жылы бас­талмай жатып қыр­күйектің бі­рінші жар­тысында мектеп жасындағы інім 2 мың теңге сұрап келді. Ай­туынша, мек­­теп басшылығы сынып же­тек­шісіне қа­­­рия­лар күнінде бір қариядан бөліп бе­ріп, сый­лық аласың деген соң, сы­нып же­тек­шісі сол ақшаны ба­ла­лар­дан жинап алу­ды жөн көріпті. Со­ңын­да әлгі 2 мың тең­генің 500 теңгесін сый­лыққа, 1500 тең­гесін сы­нып бөлмесінің пердесіне бер­ген, біздер жа­ғамызды ұс­та­дық. Бір сы­нып­та 30 бала бол­са, пердеге 45 мың теңге көптік етпей ме? Шыны ке­рек, үйінің тө­ріне мұндай қым­бат перде іл­мейтін қа­зе­кең оқу жылы аяқ­талғанша әлі қаншама перденің ақ­ша­сын жинайды. Ай­тайын десе, баласы айт­қыз­бай зар илейтін ата-анада амал жоқ. Себебі кей­бір мұғалімдер ақша бермеген балаларды тақ­­таның ал­ды­на шығарып, бүкіл сынып­тың ал­дында мас­қаралайды екен, ал сы­ны­бы ақ­ша жи­на­маған ұстазды мектеп ди­ректоры ұжы­мының алдында жер­ден алып, жерге салады. Міне, осылай­ша бірін-бірі қа­на­ған қа­уым мектептің ішін­де білім алып, бі­лім бе­ріп қана жүрген жоқ. Үйдегі анам­ның бір ай бойы еңбек­те­ніп тапқан тиын-те­­беніне жар­мас­қан мек­теп бас­шы­ла­ры­на деген өк­пе­сі мен ба­ла­ларға сабақ бе­­­руден емес, мек­тепте жұ­­мыс істегісі кел­­мей­тін кездерін көріп, өзің де қи­на­ласың. Осы­дан кейін жастарға са­­па­лы білім бер деп ұстаздарға қалай ғана мін­дет қылуға бо­лады? «Қарға қарғаның кө­зін шұқы­май­ды» демекші, білім бөлім­де­рін­де отыр­ғандарға айтқаннан пайда жоқ, себебі олар­дың да өзіндік «долясы» бар сияқ­ты. Өз басым сол мектептерді атап-атап бер­­ме­дім, себебі менің де ұс­таз­­дардың да қолында дәлел жоқ. Мектеп ди­­рек­тор­лары жи­наған ақ­шалары үшін мұ­ға­лім­дерге тү­біртек бер­мейді ғой, өз анам да өзгелердей мек­тебін ашық жаз­дыр­­мады. Дегенмен бұл пробле­ма­ның бар екенін білеміз және соның дәлелі ре­тін­де ата-аналар мен ұс­таз­дардың Алматы қалалық әкімдігінің сай­тында жазып қал­дыр­ған кей­бір жаз­ба­ла­рын жария етуді жөн санадық:
Альфия Каримова:
– Ассалаумағалейкум әкім мырза! Сізге қояр сауалым: мектеп оқушы­ла­ры­­нан ақша жинауға болмайды, оны қар­­жыландыратын мемлекет дей­сіздер! Ал енді бұл сөздеріңізге мек­теп мұғалімдері «біз ақшаны мектепке емес, сыныпқа жинаймыз, ремонттап, жа­­ңа­­дан жалюзи мен жиһаз алмаса бол­­майды. Мұн­дай жерде қалай ба­ла­ны емін-еркін оқы­та аласыздар деп 10 000 теңгеден жыл­дың басында бір, сосын аяғында тағы бір жи­нап ала­ды. Мұны қалай тоқтатса болады? Сон­­да сынып мектептің сыртында тұрғаны ма?
Айшахан:
– №31 мектепке 18 қарашада ко­мис­сия ке­леді екен, соған әр мұға­лім­нен коммисия­ның қалтасына саламыз деп 12 000 теңге жи­нап отыр. Ал мұ­ға­лім­дер әр ай сайын осындай ақ­ша жи­наса, олардың отбасын,бала-ша­ға­сын кім асырайды? Олардың пәтер жал­­дап тұ­­ратыны бар, осы ақша жинау де­ген қашан тоқ­татылады?
Камила:
– Құрметті әкім мырза! Сәлеметсіз бе? Ме­н­ің сіз­ге қояр сұрағым: «Құлагер» ық­­ш­ам­­ау­да­нын­да ашылған жаңа мек­теп­­тің кү­зет­ші­ле­ріне неге жалақы таға­йын­­дал­маған? Себебі менің үш балам осы мектепке барады, әр баладан ай са­йын 200 теңгеден жинап отыр, ал­дын ала бір жылға беруімізді талап етті, яғни әр ба­лаға 2400 теңгеден. Сонда үш ба­лам үшін 7200 теңге беруім керек пе? Ал ме­нің жол­дасым қайтыс болған, жал­ғыз ма­ған қиын бо­лады, былтыр бір үй­де үш бала болса, тек бі­реуіне ғана бергенбіз, биыл әр балаға жеке ақша бересің дейді.
№ 105 орта мектеп ата-аналары атынан:
– Құрметті әкім мырза! 2009 жылы бір­­не­ше мәрте қалалық оқу депар­та­мен­ті бас­ты­ғы Р.С.Шимашеваға өтініш хат жолдаған едік, өкі­нішке қарай, еш­қан­дай қорытынды бол­ған жоқ. Балаларға білім және тәрбие бе­ру са­па­сы осы мектеп қабырғасында төменгі дең­гей­де. Әр бастауыш сыныпта 38-40 оқу­­шы. Мектеп басшысы Қ.С.Ади­­бе­ко­ва ха­ным­ның бүгінгі күні көп көңіл бө­ліп отырған мәселесі – оқу­шылардан ақ­ша жинау. Бірінші сынып­қа қа­былдау – мың дол­лар. Алғашқы қоңырауда мек­теп есігін ашқаны үшін – 50 мың және ай са­йын – 10 мың теңге. Ақылы да­йын­дық, қо­сым­ша сабағы бір балаға 25 мың теңге. Әділ шешім шығарсаңыздар екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста