Алматы облысында «Жасөспірім» жедел іс-шарасы барысында оқушыларды бопсалап, ақша өндіріп жүрген азамат қолға түсті. Күдікті 11-сыныптың бір оқушысын қатарластарынан ақша талап етуге мәжбүрлеп келген. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір аталған іс бойынша тексеру жүріп жатыр.
Облыста жеткіншектер арасында тәртіп орнату мақсатында ұйымдастырылған қауіпсіздік іс-шарасына облыстық ішкі істер департаментінің арнайы бөлімдері жұмылдырылды. Шара кезінде оқушылар көп жүретін жерлер тексерілуге алынды. Тексеру кезінде бірқатар заңбұзушылықпен қатар, оқушыларды қылмыстық іске тартып жүрген азамат қолға түсті. Сарқанд ауданында ұсталған азамат 1983 жылы дүниеге келген. Тәртіп сақшылары оның бұрын қылмысы үшін сотты болғанын айтты. Құқық қорғаушылардың сөзіне сүйенсек, бұл азамат аудандағы бір мектептің 11-сынып оқушысын бопсалау арқылы одан үнемі ақша алып жүрген. Ал аталған оқушы «қарызынан» құтылу үшін өз қатарластарынан әлімжеттік арқылы ақша өндіруге мәжбүр болған. Облыстық ІІД-нің мамандары қазір аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғады.
Көбейхан НҰРАХМЕТ, Алматы облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметкері:
– Шара кезінде 1983 жылы дүниеге келген азамат қолға түсті. Ол мектеп оқушыларынан ақша талап еткені үшін жауапқа тартылады. Қазір оған қатысты кәмелетке толмаған балаларды қылмысқа тартқаны үшін және бопсалаумен айналысқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 181-бабы 2-тармағы бойынша және 131-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалуда.
Мектеп оқушысын бопсалаған
Последние статьи автора