Мектеп оқушысын бопсалаған

Мектеп оқушысын бопсалаған

Алматы облысында «Жасөспірім» жедел іс-шарасы барысында оқушыларды бопсалап, ақша өндіріп жүрген азамат қолға түсті. Күдікті 11-сыныптың бір оқушысын қатарластарынан ақша талап етуге мәжбүрлеп келген. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір аталған іс бойынша тексеру жүріп жатыр.
Облыста жеткіншектер арасында тәртіп орнату мақсатында ұйымдастырылған қауіпсіздік іс-шарасына облыстық ішкі істер департаментінің арнайы бөлімдері жұмыл­дырылды. Шара кезінде оқушылар көп жүретін жерлер тексерілуге алынды. Тек­серу кезінде бірқатар заңбұзушылықпен қатар, оқушыларды қылмыстық іске тартып жүрген азамат қолға түсті. Сарқанд ауданында ұсталған азамат 1983 жылы дүниеге келген. Тәртіп сақшылары оның бұ­рын қылмысы үшін сотты болғанын айт­ты. Құқық қорғаушылардың сөзіне сүйен­сек, бұл азамат аудандағы бір мектептің 11-сынып оқушысын бопсалау арқылы одан үнемі ақша алып жүрген. Ал аталған оқушы «қарызынан» құтылу үшін өз қатар­ластарынан әлімжеттік арқылы ақша өн­діру­ге мәжбүр болған. Облыстық ІІД-нің мамандары қазір аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғады.
Көбейхан НҰРАХМЕТ, Алматы облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметкері:
– Шара кезінде 1983 жылы дүниеге келген азамат қолға түсті. Ол мектеп оқушыларынан ақша талап еткені үшін жауапқа тартылады. Қазір оған қатысты кәмелетке толмаған балаларды қылмысқа тартқаны үшін және бопсалаумен айналысқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 181-бабы 2-тармағы бойынша және 131-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалуда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста