Мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түсті деп айыпталған жігіт сүйіктісіне үйленді

Былтыр Ақтөбеде мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскені үшін айыпталып, сотталған жігіт сүйіктісімен отау құрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Еске салсақ, бұған дейін 2020 жылы 17 жастағы колледж студенті мен 15 жастағы мектеп оқушысы бірнеше рет қол ұстасып, үйлерінен қашып кеткені айтылған еді. “Не молчи” қорының мәліметінше, жасөспірімдер кездесіп жүргенде ерікті түрде жыныстық қатынасқа түскен. Мұны білген қыздың анасы бозбаланың үстінен арыз жазады. Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, студент екі айға қамалыпты.

 

Кейіннен қыздың анасы арызын қайтып алады, дегенмен, бұл жігітті түрмеден босатуға негіз болмапты. Сот үкімімен бозбала 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейіннен апелляциялық соттың шешімімен үкімнің күші жойылған.

 

Бурхан Жансейітов есімді желі қолданушысының жазуынша жастар заңды түрде некелерін қиыпты. 

 

“Мен сізге ақтөбелік Ромео мен Джульеттаның оқиғасы қалай аяқталғанын айтқым келеді. Кәмелетке толмаған Нұрасханға сот қатысты бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Алайда нәтижесінде апелляциялық шағым бойынша бұл үкім жойылды. Күні кеше олар үйленді, бақытты отбасын құрды. Бірақ олардың отбасылық өмірі махаббаттан емес, сот үкімінен басталғаны өкінішті”, – деп жазды Бурхан Жансейітов. 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста