Адам өмірінде екі нәрсеге қатты өкінеді екен: біріншісі — аз саяxаттағанына, екіншісі — аз сүйгеніне. Көп жігіт өмірде комплекс ұстап, өзіне сенімсіз болып, ұнаған қызына сөз сала алмай іштей тұншығады. Егер бір-екі рет сөз салып, комплимент айтып, отказ алып қалса, жігіт псиxотравма алады, маxаббаттан, қызға сөз салудан жаман нәрсе болмайды ол үшін...
⠀
⠀Қазақ байыса, қатын алады» дейді. Кейбір бай кісілерге не жетпейді, оған жас қыз бен әдемі тоқалдың не керегі бар деп ойлаушы едім. Сөйтсем жас кезінде қыздарға сөз сала алмаған, барынша жақсы көре алмай, оларға сүйсініп қарай алмаған адамның қолына тиын-тебен түскен кезде құтырады екен. Шынымен кез келген байыған адамның бірінші арманы әдемі тоқал мен ақ сазандай ақбілекке қол жеткізу. Өйткені ол баю үшін жатпай-тұрмай тер төгіп, жан-жаққа қарауға шамасы келмей, белгілі бір планкаға жеткен соң қыдырудың көкесін көрсетеді. Сондықтан қыздарға айтарым, өмірлік жар таңдағанда, маxаббатқа тойған, қыз-қырқынға қанағаттанып қалған сал-серіні ұстау керек. Ол сізге сөз салса, демек оның өміріндегі ең дұрыс, әдемі әрі сүйікті әйел сізсіз...
⠀
⠀Енді жезөкшеге ғашық болған бір жігіт туралы айтып берейін. Қайбір жылы шамамен 5-6 жыл бұрын біреу саунадаға әдемі жезөкшеге сынып қалады. Алғашқыда тек қана спортивный интерес, әбден нәпсісін қандырған соң қоятын шығар десем, жоққққ, жігітің әлгі Ж-мен әмпәй-жәмпәй болып жүр. Бір ай өтеді, екі ай өтеді, Ж-мен киноға барады, бірге саябақ аралайды. Секс қалған бір жақта, романтика басталып кеткен. Бізде алдымен романтика, кейін С болса, онікі керісінше кетіп қалған.
⠀
Мен айттым бір күні, айналайын, мынауың болмайды, мына қарым-қатынасыңның болашағы жоқ. Доғар енді осымен. Жәлепке үйлену деген де ыңғайсыз екен деп ұрсып жатырмын. Сонда ол бүйдеді: «Досым, адамның тәніне емес, жан дүниесіне ғашық болу керек. Алматының жартысымен жатса да, маған бәрібір, соған үйленемін. Бір см ет үшін қаншама жігіттер өз маxаббатынан теріс айналып, өзі сүймейтін, бірақ пәк қызбен болады. Сосын жарының көзіне өмір бойы шөп салып, маxаббатты сырттан іздейді. Сондықтан мен ондай екіжүзді болмаймын, мен оны сүйемін, ол да мені сүйеді. Ешқандай той-пойсыз бірге бақытты өмір сүреміз» — деп аузыма құм құйды.
⠀
Ол кезде, әрине, оның ойын ұға алмадым. Кейін есейе келе тәннен жанның артық екенін түйсіне бастадық. Сондықтан өмірді қиындатпай, жақсы көрген адамдарыңа үйленіңдер, болмай жатса, ажырасып кетесіңдер. Қысқасы өмір сүру жеңіл, ал қазақ болу қиын...
Нұрлан Жанай, блогер
facebook.com парақшасынан
Нұрлан Жанай, блогер