Мәслихат депутаты жас кәсіпкерге қысым көрсеткен бе?

Мәслихат депутаты жас кәсіпкерге қысым көрсеткен бе?

Бүгін «Inter Press ВК» ЖШС-нің директоры Бекнұр Батырбек баспасөз мәслихатын өткізді. Мәслихат жылы конференция залында емес, көшеде, жауып жатқан жаңбыр астында, жел өтінде өтті.

 

​ Мәселенің әлқиссасын басынан бастап түсіндірсек, былай:

Жас кәсіпкер Бекнұр Батырбекұлы Шымкенттің орталығындағы  ескі ғимаратты сатып алған. Кеңес Одағы тұсында салынған, ұзақ жыл қараусыз қалғасын шіріп бітуге айналған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, заман талабына сай жабдықтап жатақханаға айналдырмақ ниетте болған. Негізгі мақсат - алыс ауылдардан қалаға оқуға түскен студенттер тұратын жер, жататын оын таппай, пәтер іздеп сандалмас үшін оларға қолайды жағдай жасау.

 

Бүгінгі жастардағы проблемаларды түсінетін жас кәсіпкер Бекнұр осы мәселені шешу мақсатта тиісті органдардардан рұқсат алып, жұмыстың бәрін заң шеңберінде бастаған.

 

Жұмыс жап-жақсы жүріп келе жатқан болатын. Бір күні жұмыс орнына бір адам қасына екі адамды ертіп келеді. Екі қолын қалтасына салған адам мұнда не үшін құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын сұрайды. Құрылыс басындағы жауапты кісі әлгі адамға тек ресми сұраныс жасаса ғана жауап беретінін айтады. 

 

Кейіннен белгілі болғандай, әлгі адам - Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Бақыт Қыдырбаев болып шығады. Оның жанында көмекшісі мен қалалық әкімдіктен бір өкіл болған.

 

Бұл оқиға БАҚ беттерінде жарияланған соң, партияның саси бюросында депутат кәсіпкерлік нысанды не үшін тексергенін түсіндірді.

 

Оның айтуынша, мұнда құрылысқа арналған көліктер көшеге лай доңғалақпен шығып ластаған. Осыған байланысты ол кәсіпкерге халық игілігі үшін тазалау керектігін айтқанын мәлімдеді.

 

Ал бұған жас кәсіпкер келіспейтінін хабарлады:

 

- Біз жауапкершіліктен қашпаймыз. Көше құрылыс жұмыстарына байланысты ластанғаны рас. Бірақ артынша дереу тазалап қойдық. Бұл біздің міндетіміз. Бұған депутаттың ешқандай қатысы жоқ. Ол әлеуметтік желіге салған видеосында көшені өзі бізге ескертіп жүріп тазалатқандай қылып пост салған. Бұл өтірік. Ол осындай өтірік арқылы өзіне пиар жасап біздің абыройымызға нұқсан келтіріп отыр, - дейді Бекнұр Батырбек. 

 

Кәсіпкердің айтуынша, мәслихат депуаты оларға айыппұл салу керектігін айтқан. Бірақ нақты не үшін айыпппұл салу керектігін айтпаған.

 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталсақ, кәсіпкер мәслихат депутатының жала жапқаны үшін кешірім сұрағанын қалайды.

 

- Біздің беделімізге нұқсан келтіргені үшін халықтың алдына шығып немесе әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрасын. Егер бұлай болмаса Нұр-Сұлтанға барып "Nur Otan" партиясына шағымданамыз, - дейді ол.  

 

Айта кетейік, бұл жайтқа қатысты «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Бекайдар Төлегенов әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді:

 

- Партияның 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасында 2500 орындық жатақхана салынып,  жастарды қамтамасыз етуге атсалысатынымызды айтқан болатынбыз. Міне, осы жұмыстың іске асуына халық қалаулылары бөгет жасамай, керісінше кедергі болып жатқан жағдайларды жойып жәрдем беруіміз тиіс. Осындай игі істің қаламызда орын алып жүзеге асып жатқандығына қуануымыз керек. Партия халықтың жанашыры әрі қамқоршысы болуы тиіс. Ал, депутат Қыдырбаев Бақыт Съездұлы осы бағдарламадағы айтылған жәйттарды назарға ұстамай, ол объектке не мақсатпен барғанын, нені көздегенін алдағы уақытта аудандық партия филиалының  Партиялық бақылау комиссиясы, Саяси бюросы анықтап, нақты шаралар қолданатын болады, - деп жазды Бекайдар Төлегенов. 

 

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген жобаларды қолға алды. Әрқашан кәсіпкерлікті қолдау керектігін айтып, оларды "қысатындарды", "тұншықтыратындарды" жазалау керектігін де мәлімдеген еді. Осыған байланысты шағын және орта кәсіпкерлерді негізсіз тексеруге мораторий жариялаған болатын.

 

 

 

Oinet.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста