Мәскеу метросында «Алматы» бекеті ашылды

Осы аптаның басында Мәскеу метросында «Алматы» атты қазақы ою-өрнекпен безендірілген стансының ашылу салтанаты өтті. Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімнің 20 жылдығы қарсаңында ашылған бұл стансының «Алматы» атануы екі елдің қарым-қатынасын нығайта түспек.

2010 жылдың 20 қыркүйегінде сол кез­дегі Қазақ­станның Ресейдегі Төтенше жә­не өкілетті елшісі З.Тұрысбеков пен Мәс­кеудің экс-мэрі Ю.Лужков арасында өзара келісім жасалып, Мәскеудегі салынып жатқан метро бекетінің бірін «Алматы» деп атауға уағдаласқан болатын. Артынша Қазақстан тарапының демеушілері стансы ішін қазақы нақышта әрлеу үшін 7-8 млн доллар көлемінде қаржы бөлетінін де айтып еді. Бұл игі шара осымен ғана тоқтап қалмай, Алматы шәрінің әкімдігі мен Мәскеу шаһа­рының мэрі де келіссөздер жүргізіп, Алматы метросының бір стансы­сына «Мәскеу» атын бермекке сөз бай­лас­қан еді. Енді, міне, сол бастаманың айы оңы­нан туып, мәскеулік жолаушылар кү­ніне қазақтың тарихи қаласының атын естіп, Мәскеу үшін шайқаста шейіт болған қазақтың батыр ұлдарын жиі еске алатын болды. Өйткені стансының ашылу салтана­тында сөйлеген сөзінде Мәскеу мэрі Сер­гей Собянин: «Метроның «Алматы» атты стансы­сын ашу арқы­лы біз Мәскеу үшін жанын қиған қаһарман панфиловшы­ларға тағзым етіп отырмыз», – деп атап көрсетті. Сонымен қатар мерекелік шарада арнайы театр­лан­дырылған қойылым ұйымдасты­рылып, Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери киімдерді киген әртістер өнер көрсетіп, 1941 жылғы Мәскеу түбінде қиян-кескі шай­қаста фашистерді жер жастандырған Панфилов дивизиясының ерлігін ел есіне түсірді. Бұл тағзымның өз кезегінде Қазақ­стан тарапына да берері мол. Себебі 1935 жылы ашылған Мәскеу метросы қазір жал­пы қалалық жолаушы тасыма­лы­ның 56 пайызын қамтамасыз етіп отыр, яғни аталмыш метроға орташа есеппен күніне 7 миллионнан 9 миллионға дейін жолаушы мінеді деген сөз. Мұнымен қоса, әр бір жарым минут сайын осы стансыдан бір по­йыз өтіп тұрмақ. Осыншама жиілікте жүйт­китін пойыздардағы жолаушының құла­ғына тәуелсіз елдің жетістігі минут сайын жаңғырып тұрса, Қазақ елі ұлдарының ер­лі­гі насихатталып жатса, одан асқан мерей бар ма?!

Стансының ашылу салтанатында осы жайды Ресейдегі Қазақстан елшісі Ғалым Оразбақов тілге тиек етіп, жаңа стан­сының атауының мәні зор екенін атап өтті. «Бұл мәскеулік жолаушылар үшін тек жайлы жаңа стансы ғана емес, бұл – Қа­зақ­стан мен Ресей, қала берді, қазақтар мен орыстардың арасындағы қатынас­тар­дың белгісі», – деді ол. Мәскеу қалалық заң­намасында аумақ­тық бірліктерге, кө­ше­лерге, метростан­сыларға атау беруді белгілі бір сарап­тамадан өткеннен кейін ғана Мәскеу үкіметі жанындағы уәкілетті орган жүзеге асы­ратыны бел­гілі. Мәскеу метросы стансысына қазақы атау беру идеясы көтерілгенде еліміз тарапы стан­сыға «Қазақ­стан» атауын беру керектігі жө­нінде сөз етіп көрген болатын. Десек те, Мәс­кеу қаласының бас­шылығы бұл атауды қана­ғаттан­дыр­май, «Алматы» атауына тоқтаған. Оған себеп Мәскеу метро стан­сыларының біре­уіне ғана жалпы елдің аты берілген­дігінде болып отыр. 1952 жылы ашыл­ған «Бело­рус­ская» метро стансысы­нан кейін Мәскеу тарапы өзге ел­дің атын метро стансысына бермеген екен. Десек те, Мәс­кеу саяси тұрғыда қарым-қатынас­ты ны­ғайту мақсатында ірі мемлекеттерге қатысы бар кейбір «Алматы» секілді тари­хи атаулардан ат-тонын ала қашқан емес. Олар мүм­кіндігінше мәскеуліктердің тала­бына сәйкестендіріп, метро стансы­сына атау беру кезінде тарихи-географиялық ерек­ше­ліктерге де мән бере отырып жүзеге асырып келеді. Демек, бұл «Алма­ты» ата­уы бізге сол тарихи-географиялық негізі бар, тарих тұр­ғысынан алғанда өміршең бастама еке­нін аңғар­тып отырғандай. Тағы бір айта кететін жайт, осы «Алматы» стан­сысы 1985 жылы Қазақстан астанасы­ның құр­ме­тіне қойыл­ған Алматы көшесінің маңында орна­ласып отыр.

Осы орайда «Алматыметроқұрылыс» АҚ жасап жатқан Алматыдағы «Мәскеу» метро стан­сысының да құрылысы қарқын­ды жүріп жатқанын айта кету қажет. Бұл «Мәскеу» стансысы Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшелерінің тоғысқан тұсын­да бой түзе­мек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста